Шығарма: Адал ұл ер боп туса-ел тірегі

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің, оның кемелұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп, қалдырған басқа қаламгер жоқ! Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі. Ел дегенде адал қызмет еткен. Отан үшін отқа түс,- күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды»,- дейді... - Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін. Нұрсұлтан Назарбаев Отан үшін отқа түскен аталарымызға деген алғысымды ақ қағазға түсіруді жөн көрдім. Мен соғыс туралы алғаш ақпарат құралдарынан, кинофильмдерден көргенде жанымның түршігіп, көзіме жас алғаным әлі де есімде. Кейін ата-әжемнен, ата-анамнан, ұстаздарымнан сұрағанымда, олар: «Құдай бетін аулақ қылсын, сендер соғыс деген зұлым сөзді естімеңдер, алапат соғысты көрмеңдер!» деп соғыс туралы айтып бергендері жадымда сақтаулы. Жеңіс деген- жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Өздеріңіз білетіндей, биыл Ұлы Жеңістің 71 жыл мерейтойы! Осыдан тура 75 жыл бұрын таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасын ұрланып өткен жау оғымен ғаламат, сұрапыл соғыс басталған еді. Бұл соғыс тек тәтті ұйқыны ұрлаған жоқ, ананы баласынан, жарынан айырса, ақын, инженер, ұстаз болам деген бозбалалар мен бойжеткендердің арманын ұрлады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша жаумен шайқасты. Олар батырлықтың, батылдықтың,қайсарлықтың үлгісін біздерге үлгі етіп көрсетті. Әлі күнге дейін қанды соғысты ешкім де ұмытқан жоқ. Соғыс өрті, мұңы халықтың есінде......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Галогеналкандар
Сабақ тақырыбы: Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - галогеналкандардың нуклеофилді реагенттермен әрекеттесу қабілетін білу;
- нуклеофилдік орынбасу реакцияларының механизмін түсіну
Сабақ мақсаттары: 10.4.2.33 Нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың реакция теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.34 Галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциясының механизмін түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.) мен есептер шығару арқылы түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: - тогы бар екі параллель өткізгіштердің өзара әрекетін түсіндіру және күштің бағытын анықтау.
- магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну;
- сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;
- магнит индукция мен оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын түсіну;
- магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
Сабақ мақсаттары: • өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін сыртқы ерекшеліктері бойынша сипаттау;
• белгісіз ағзаны анықтау үшін алгоритм құрастыру;
• өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың көзге көрінетін өзіндік ерекшеліктерін қолдану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Деректерді ұсыну
Сабақтың тақырыбы: Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия) 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): • 10.2.2.1 логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия).......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
2 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Кім жүйрік

Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?»
Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ата - аналар мен балалардан құрылған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, Отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы бүкіл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі «Кім жүйрік?» атты сайысына екі отбасы қатысып отырсын. Ендігі кезекте біз осы отбасылардың өнерлерін бағалайтын қазылар алқасын тағайындап алайық. Топтарының аты: 1 - «Бірлік», 2 -«Ынтымақ» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жер салығының экономикалық мазмұны

Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезеңдерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашан да жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінгде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарықтық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының ролі күні сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экоологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір мақсат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жұмыссыздық және оның түрлері

Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салықты есептеу және төлеу тәртібі

Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуметі мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс- әрекетіне байланысты екені белгілі. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сақтап тұрған салық жүйесі іргелі де маңызды салаға айналған.
Жалпы осы ұрпақтар ішінде салық заңдары бірнеше рет ауысып, көптеген өзгерістер енгізілген. Бұдан біз салық жүйесі саланың дамып жетіліп жатқанын қадағалауымызға болады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгеріске ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп, әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігінше әсер етті.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін кезінде Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
А) Салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуға тиіс;
В) Салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала әрі нақты белгіленуге тиіс;
С) Әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
Д) Өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс;

Бұл принциптердің қолдануы салық салудағы сорақылықтарды жойып, бұл процесті реттеді. Сондықтан А.Смит: ” ... төлеушілер үшін салықтар – құлдықтың емес, бостандықтың белгісі”, - деп жазды.
Мемлекет салық саясатын – салықтар саласындағы іс-шаралар жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Нарық қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты – халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру принциптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбеккеқабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқық нормалары

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінөз-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сөттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2. Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп бол¬ған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің «Коммунистік партияның манифесті» деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол көздегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген. Социалистік идеологияны жазу барысын¬да К.Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3. Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемле¬кеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды — айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінөз кұлықтың үлгісі. ....
Рефераттар
Толық
0 0