Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы Сабақ тақырыбы: Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.33 туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін Сабақ мақсаттары: Барлық оқушыларда туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеп және оның графигін салудың дағдысын қалыптастыру. .....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму Сабақ тақырыбы: Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау Сабақ мақсаттары: • өз аймағының экологиялық мәселелерін анықтау; • өз аймағының экологиялық мәселелерінің пайда болу себептерін талдау; • өз аймағының экологиялық мәселелерді алдын алу жолдарын ұсыну......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Деректерді ұсыну Сабақтың тақырыбы: Ақиқат кестесін құру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.2.2.2 берілген логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін құру Сабақ мақсаттары: Білім алушыларда логикалық өрнектер үшін ақиқат кестелерін құру технологиясын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ақиқат кестелерін толтыру........
Аддуктор (adductor; лат. ad — ішке қарай; лат. duco — серпу, яғни ішке тарту, жақыңдатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына эсер ете отырып, аталған мүшелерді дене түлғасына жақындататын бұлшықет. Аддукторларға иық буынына әсер ететін "жауырынасты бұлшықеті", жамбас-ортан жілік буынын қозғалтатын "сымбат бұлшықеті" мен "санды жақындатқыш бұлшықет" жатады .....
Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған. Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз халқының “Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, “Ел бiрлiгiн нығайту, халық ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам. Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi. Күнiнде өзiм болдым деп, Кең пейiлге таласпа. Ғылымым жұрттан асты деп Кеңессiз сөз бастама. Жеңемiн деп бiреудi Өтiрiк сөзбен қостама – деп, Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе “Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.....
Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады. Акцияны шығару мына жағдайда болады: - меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда; - бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда; - жарғылық капиталды қосымша молайтқанда. Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады. Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтар айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады. Акция бірнеше түрге жіктеледі ....
1. Осы Нұсқаулық алдын-ала тергеу және анықтау органдары бұлтартпау-шарасы ретінде пайдаланатын кепілді қолданудың рәсімін нақтылайды. 2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар: Кепіл - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148-бабының 1-бөлігі, 322-бабының 1-бөлігі (бұдан әрі - ҚІЖК)). Бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік прокурордың немесе соттың рұқсатымен кепіл ретінде алынуы мүмкін. Кепіл беруші - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдікті, айыпталушы не басқа да кез келген әрекетке қабілетті жеке немесе заңды тұлға салған кепіл. Бір немесе бірнеше адам кепіл беруші бола алады. Егер заңды тұлғаның бірнеше құрылтайшысы болса, онда әрбір құрылтайшыдан кепіл беру үшін жазбаша түрде келісім алынуы тиіс. Депозит - келу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін ақша сомалары түсетін арнайы банктік есеп-шот. Ақша - сатып алу және сату кезінде құн өлшемі болып табылатын металл және қағаз белгілер. Құндылықтар - бұл бағалы заттар, құнды қағаздар, автокөлік құралдары мен өзге де мүлік, антиквариат және мәдени және өзге де құндылықтарды білдіретін басқа да заттар. Бағалы заттарға бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар жатады. Бағалы металдар - алтын, күміс, платина және кез-келген түрдегі және күйдегі платина тобының металдары. Асыл тастар - табиғи алмастар, зүбаржаттар, лағылдар, сапфирлер және кез келген түрдегі және жағдайдағы басқа да асыл тастар. Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен басқа заңнамалық актілерде белгіленген басқа да құнды қағаздардың түрлері жатады. Жылжымайтын мүлік (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) - жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де мүлік, яғни көшіргенде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объектілер.....
Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады. Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі.....
Фирмалар мен фирма қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде. Көп арналы төлемдерден пайда салығына көщ\шіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін-өзі қаржыландырумен ауыстырылды: кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді: бұл қатынастар нормативтік сипат алып, шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық, мәдени, әлеуметтік өмірдегі рөліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен, бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандырудағы рөлі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлі әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекетітк бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми-техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін арттыруда ынталандырушы рөлін баса көрсетуде. ....
Әйел алмақшы (үйленбекші) болсаң, оның дүние мүлкін сұрама... Әйелдің табиғаты таза, діні таза болса, күйеуіне (еріне) дос болады. Ұятты, ұстанымды, дүние-мүлікті жақсы сақтайтын болуы ләзім. Бұрынғылар айтқан екен: жақсы атын ерінің һәм өмірінің рахаты болар, -деп. Дос болмаған, үй –жайдың жайын жақсы білсе, бір –біріне тез байланады. Қалыңдық ержеткенде, ақылды болуы, анасының бәйбіше, әкесінің отағасы болғанын көрген һәм білгені болуы ләзім. Егер мұндай тәуір қызды тапсаң, дереу үйлен. Ондай қатынға қысастық, қызғаншақтық жасауға әректтенуші болма. Егер сен қатынды қызбанбасаң, оған айып тақпасан біліп қой, қатының саған ата-анасынан да артық мейірбанды болар және содан асқан дос адам болмас. Егер оны қызғансаң, ол саған дұшпаннан асқан дұшпан болар, онымен салыстырғанда, бейтаныс дұшпан түк болмай қалады. Егер қыз алсаң қанша жақсы көрсеңде күн сайын қасында жатпа, сүйтсең, ол бәрінің әдеті солай еке деп ойлайды және сен орынды себептер болып, үйде қонбаған кездерінде сенсіз сабыр етеді. Егер сен түн сайын қатыныңмен бірге жатуды әдет етсең, ол сен жоқ кезде басқаны арман етеді, оның сабыр қылуы қиын болады. («Қабуснамадан»)
1. Әйелдерге қол көтермеңдер. 2. Қызғанғанда орнымен қызған, намыссыз әрі қызғанбайтын еркекті еркек деме. («Мың бір хадистен»)
Сүйген қызыңды сыйла, абыройы мен арын, адамгершілік қасиетін аяла. Сені ынтықтырған қыз –ол сенің болашақ жарың, балаларыңның анасы, екінші -өзің. В.А. Сухомлинский
Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкене нәрсені ұлкен нәрсеге, ергежейліледі –алыптарға, жорамалды шындыққа айналдырады. М.Сервантес
Әйелің –ашынаң емес, өмірлік досың және серігің, демек, біз оны толықсыған келіншек кезінде де, кемпір болғанда да , сүюге о бастан ойланып әдеттене білуіміз керек. В.Г. Белинский
Қосағыңмен тату бол, өзгермесін ол адам, Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай далада. М. Қашқари....