Ішкі танау тесік (хоаны) — жұтқыншақпен жалғасатын мұрын қуысының шығаберіс тесігі. Хоана тесігі таңдай сүйегінің тік және горизонтальды тақташаларынан түзілген
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Көкөністер Мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын - терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету. Керекті құралдар мен материалдар: жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал. ОІӘ - інің барысы: І. Ұйымдастыру. Балалардың назарын сабаққа аударту. .....
Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.
1207-1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.
Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғысхан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғысхан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен бірге әскерімен Бұхараға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мыс. Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек- 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастаған әскер Шыңғысханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 көкекте монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхара, Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219-1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. ....
Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс. Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді. Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы газет -журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани мұралардың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеумізге де мүмкіндік береді. [3] Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ. [9] Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзінің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған. ....
Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты. Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады. Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді. Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды. 70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ. Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру. Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып қалды. Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына айналды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны Алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды, немен аяқталды, соған тоқталайық. 1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік, еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне депутат сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады. Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осі кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы – кадеттердің ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті. ....
Қазір Капшағайла жылына 4-5 мың тонна балық ауланады. Бұқтырмала көксеркенін (судақтың) өзі мың тоннаға дейін ауланады. Шардарада да сондай. Соңғы кезде ихтиолог-ғалымдар бұрын балық өсірілмеген 250 мың гектар су алқабын зерттеді, қазір оларда амур және дөңмайдан (толстобик) секілді балықтар өсіріледі. Суда шөп қаптап кетсе, ол жерге дөңмайдан сияқты шөп жейтін балық жіберіледі. Көксерке, шортан — ұсақ балықтарды жейтін жыртқыштар. Шортанға өз алдына жеке су қажет. Ғалымдар соның барлығын реттеп отырады. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарды әрмен қарай жалғастыру қажет. — Биыл еліміздің ғылымында түбегейлі реформалар басталды. Мақсат — биотехнология, нанотехнология, ғарыш саласы, атомдық технология және геология мен кен байлықтарын зерттеу сияқты бес салаға айрықша басымдық беру. Десе де, ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық шаруашылығы, медицина және экология сияқты маңызды салалар ескерусіз қалып, таңдалып алынған салалар өзге ғылым салаларының аясын тарылтып тұрғандай. Мұның астарында ел мүддесінен гөрі, жекелеген топтардың мақсаты басымдау көрінеді маған. Біздің ел — аграрлық мемлекет. Халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады және олардың негізгі кәсіптері егін егу, мал бағу және балық аулау. Ауылда тұратын жеті миллион халықтың шамамен жарты миллионы балық аулаумен нан тауып отыр. Қазақстан бидай өсіру мен оны экспортқа сатудан дүние жүзінде алдынғы бестікке кірсе, бекіре тектес құнды балықтың әлемдегі қоры жөнінен алғашқы үштіктен орын алады. Ел халқының жартысының тіршілігіне тікелей қатысы бар осы салалардын, басымдық берілуге тиіс ғылымдар тізімінен тыс қалуы бұл реформаның мәнін төмендетіп жіберген сыңайлы. Болашақта жаңа реформа елдің стратегиялық мәселелерін шеше алмауы мүмкін. Жалпы қазаққа пайдасы жоқ мұндай реформаның елге қажеті бола қояр ма екен?.. Реформа кұрдымға кетпеу үшін қазақтық төл кәсібі — ауыл шаруашылығын міндетті түрде басымдық берілген ғылымдар қатарына енгізу қажет.....
Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген. Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану. Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады. Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады: - мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады; - макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру; - экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау; - ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi; - статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану. Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген: Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: 3- сабақ. Түбір сөз. Сәулет туындыларын тамашалау. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттры (оқу бағдарламасына сілтіме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; Оқушылардың көбі: • сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады; • сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады; Оқушылардың кейбірі: • тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды • мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды....
Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.
Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар) Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру Сабақ мақсаттары: Қазан төңкерісінің орнауына қатысты Қазақстандағы оқиғаларды біледі және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды. Тарихи дерек көздердің объективтілік деңгейін бағалайды. Қазақстандағы қоғамдық–саяси үдерістерді біледі......