Реферат: Әдебиет | Қазақстанда ұлттық интелекцияның қалыптасу тарихы

Біздің Қазақ тарихымызда көптеген тарихи оқиғалар болып тұрса да өткенімізді ұмытпау болып табылады. Ұлттық инттелегенттеріміз турасында ол интелегенция өкілдерінің қалыптасу тарихы жаңаша интелегенция деп ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Ресей құрамына кіріп біткенен кейін одан алдында білім іздеп елін қараңғы заманна жарық заманға жиелеу мақсатында Білім іздеп ілімді білімді елге жетуге үгіттеген насихаттары текке кетпеді деуге болады. Олар келешек ұрпаққа жол сілтеп заман талабына көпке самғауға, білім мен бірлік керектігін айтып кетсе солар салған ізді жалғастырып елдерді бірлік құшағына шақырып кетті деуге тұрады. Қазақтарға діни сауатқана емес онымен қоса Дүниауи сауаттылық та керек есеп жаратылыс тану барша барлық білімді үйрену керектігі туралы талап армандары арқылы келешек үмітінде кетті деуге болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады.Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар.
Олар: 1. даяр қалпында жұмсалу белгісі
2. мағына тұтастығы
3.тіркес тиянақтылығы
1.Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан мен ЕО-тың дипломатиялық қатынастары

Әлемнің әлеуетті алып ұйымдары Қазақстанмен қатынастар көкжиегін кеңейтуге ықылас танытуда. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен келген Бельгия Корольдігінің астанасы Брюссельдегі Еуроодақ және НАТО басшылығымен кездесуі кезінде айқын аңғарылды.
Брюссельді Еуропаның орталығы деуге де болады. Өйткені, мұнда Еуропалық Одақтың негізгі басқару органдары және НАТО-ның штаб-пәтері орналасқан. Қалада мыңдаған халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Сондықтан Елбасы сапары тек Бельгия Корольдігі аясында шектеліп қалған жоқ. Сапар жөнінде мағлұматтар беретін бағдарламаға қарап, оның кең ауқымда болатындығын аңғарған едік.
Күткендегідей Елбасы өзінің алғашқы кездесуін Еуропалық Одақтың атқару органы болып табылатын Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл Бар­розумен кездесуден бастады. Бұл кездесу Еуропалық комиссия орналасқан “Берлемон” ғимаратында өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 2 наурызда вице-президент Ф.Андрияссен бастаған Еуропалық комиссияның делегациясын қабылдады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси байланыс міне, осы кезден бастап орнықты. 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігі ашылды. Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазір осы өкілдіктің басшысы қызметін қоса атқаруда. Ал 1994 жылы Алматыда Еуропалық комиссияның өкілдігі ашылды. Оны А. Вандер Меер басқарады.
Елбасының Еуропалық Одақтың өкілетті және атқару органдарының басшыларымен әрбір кездесуі ықпалдастыққа жақсы әсерін тигізіп, еліміз экономикасы үшін осындағы үлкен рыноктың есігі ашыла түсуіне қызмет етіп келеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің рөлі

Қазіргі жағдайда капитализімге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып ұсақ және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды .Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы . Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардын болуы дүниежүзінің практикада экономикалық тиімді ісі болып табылады .
Қазіргі замандағы экономикадағы ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты.Орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы, көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадорлар бар . Олар жоғары дәрежеде ғылыми – техникалық жаңа әдістер қолдана алды. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алады .Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады .Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болды.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы,клиентердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға,өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді:
• Бәсеклестік орта өркендейді
• Қосымша жұмыс орны пайда болады
• Тұтыну секторы ұлғаяды
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықта тауар және қызметтермен толтырады, экспорттың потенциалын артырады және мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде мңызды орын алады. Олтек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері және адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай, кейбір тауарларды шығру, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұрықсат керек етеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу өдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптасты-рудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылык, реттеу бұл макроэко-номикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 1 зертханалық жұмыс «Шынының сыну көрсеткішін анықтау» 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: № 1 зертханалық жұмыс «Шынының сыну көрсеткішін анықтау» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.9–экспериментте шынының сыну көрсеткішін анықтау;
8.5.1.10– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• жарықтың сыну құбылысын түсіну, қолдану дағдыларын дамыту;
• жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтаудағдыларын дамыту;
• сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалай білуі тиіс.
физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Теңсіздіктер жүйелерін шешу 3-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 3-сабақ (А-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Сызықтық және квадрат теңсіздіктерді шешеді;
• Теңсіздіктер жүйесін шешеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Элементтердің период және топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық
Сабақ тақырыбы: Элементтердің период және топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.1 химиялық элементтер атомдары қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электртерістілік және тотығу дәрежесі;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
s, p,d және f блока элементтерін ажырата біледі
Ауфбау (Aufbau) принципіне сүйене отырып, электрондық конфигурация құрады
Оқушылардың көбі:
- период және топ бойынша қасиеттердің өзгеруін атом радиусы, иондану энергиясы, тотығу дәрежелерін түсіндіреді
Кейбір оқушылар:
Элементтің құрылысына қарай қасиеттерін болжайды .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абдомен

Абдомен (лат. abdomen — құрсақ) - құрсақ, дененің құрсақ бөлігі. Құрсақ — құрсақ қабырғасынан және ішкі ағзалар орналасқан құрсақ қуысынан түрады. Құрсақ қабырғасы — сырттан ішке қарай: тері, теріасты бұлшықетін қаптап жатқан екі қабат беткей шандыр (фасция), құрсақтың сыртқы қиғаш бүлшықеті, құрсақтың тік бұлшықеті (бұл бұлшықет адамда — құрсақтың алдыңғы жағында, жануарларда — құрсақтың төменгі жағыңда орналасады), құрсақтың ішкі қиғаш бүлшықеті, құрсақтың көлденең бүлшықеті, көлденең құрсақ шандыры және ішперде (сірлі қабық) қабаттарынан түрады. Құрсақ қуысы (лат. cavum abdominis) — диафрагма (көкірек қуысы мен құрсақ қуысы шекарасындағы көкет) мен жамбас қуысы кіреберісіне дейінгі аралықтағы қуыс .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Инвестиция және оның функционалдық белгілері

Инвестициялар деп өнер кәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және эканомиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызыметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табыс саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақтылық болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқада олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды) болып бөлінеді. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделенеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттары және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және өзінің номеналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаз28*40....
Рефераттар
Толық
0 0