Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез үдерісі 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлуін түсіндіру; 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу. Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлу процесін түсіндіреді......
Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер барӘскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған,. .....
X ғасырдың қырықыншы жылдары Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауында қарапайым қазақ отбасы шаңырағында бір ұл дүниеге келді. Ағайын-туғанды жинап, қуаныш иесі үлкен той жасады. Сол тойда ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Әжесінің сол еңбегін ақтап, ол ұл өзі туып-өскен, білім алған, еңбек жолын бастаған еліндегі барша ұлтты бауырына басып, президент болды.......
Қайырлы күн! Менің аты-жөнім Алимбаева Айгерім Тохтарқызы, мен бүгін сіздердің экскурсоводтарыңыз боламын.Бүгін біз сіздермен «Медеуді қарсы алу» атты экскурсияға шығамыз. Біздің маршрут Абай алаңынан Достық даңғылынан «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына дейін жалғасады. Тоғайлыға дейін уақыт ұзақтығы 45 минут, ал 2 сағаттан кейін біздің автобус сіздерді Абай алаңына әкеліп салады. Әр қаланың өз символы болады. Мәскеу үшін ол Кремль, Париж үшін – Эйфелева башнясы, Санкт-Петербургке – Нева. Ал Алматыны басқа қалалардан несімен ерекшелінеді? Президент Сарайы ма? «Қазақстан» қонақүйі ме? әлде Телеорталық па? Жоқ. Алматы - өзінің Іле-Алатау атты таулары мен әйгілі. Міне, осы символды, әдемілікті сіздер бүгінгі маршрут барысында көресіздер. Сонымен қатар, сіздер қызықты да жаңа дүниелермен танысасыздар. «Медеу» мұз айдынын көресіздер, Алматының флорасымен, фаунасымен танысасыздар. Плотинаны көріп және Алматы қаласының символы апорт алмалары екенін білетін боласыздар. Іске сәт-сапар!!!!!! ....
Казақстан Республикасы транзиттік дөліздер қабысуы жағынан мөртебелі еуразиялық материктің аймағында орналасқан.Қазақстан Азиялық-Тынық мүхит өңірін Еуропамен, сонымен қатар Ресейді басқа ТМД, Таяу Шығыс, Персия шығанағы/Индия мұхиты елдерімен байланыстырады, Еуразиялық материк орталығында терең ішкі континенталда орналасқандықтан,Қазақстан теңіз жолдарынан ең алыс елдерінің бірі болып табылады, бүл транзиттік мүмкіндіктер жағынан жағымсыз жағдай. Қазақстанның сыртқы саясатын қүруда экономикалық және географиялық факторлар жетекші роль атқарады. Географиялық ерекшеліктері мен инфрақүрлымы жағынан Қазақстанның сыртқы саясатын жетекші мәні бар көлік кешені қүрайды. Сыртқы сауданың өсуі республиканың Дүниежүзілік сауда үйымына кіруі орташа мерзімдік кезенде көлік қүралының үлесін сапалы түрде қайта қарауды қажет етеді. Дүниежүзілік экономиканың дамуын болжау сарптама бағалары бойынша негізгі жүк ағындары АҚШ-Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия жөне Қытай үшбүрышында бағыталады екен. Осыған орай аймақтағы елдер, олардың серіктестері мен транс үлттық корпорациялар Қазақстанның көлік жүйесінің дамуына аса көңіл аударып отыр. Дамыған елдер Батыс Еуропа мен АҚШ нарықтарының толық қамтылғандығынан, тауар өндірушілердің назары төменірек дамыған, бірақ жоғары потенциалға ие ТМД, Оңтүстік-Батыс Азия жөне Қытай елдерінің нарықтарына ауады, ал бүл Қазақстан мен барлық Орталық Азия аймақтарының транзиттік мүмкіндіктерін дамыту жөне пайдалану бағдарламаларын жасау қажеттіктерін күшейтеді. Қазақстан Республикасының өлемдік кеңістікте интеграция процесіне қатысуы, қарқынды дамып келе жатқан халықаралық тауар алмасу, ТМД елдерінде еркін сауда аймағын үйымдастыру, көлік-экономикалық бірлестікті дамытудың тарихи, үйымдық-экономикалық, техника-технологиялық жағдайларын жасау жолдарын максимадды толық және тиімді пайдалану қажеттігін алдын-ала анықтайтын ортақ көлік кеңістігін қүрусыз мүмкін емес. Шын мөнісінде де, Қазақстан саяси да, экономикалық жағынан да түрақты,ашық,нарық қатынастарын қүруда жетік, әрі посткеңестік кеңістікте «еуразиялық* саясатты орнымен жүргізетін мемлекет болып отыр Бүл әрине, оның басқа көрші мемлекеттерге қарағанда артықшылығы болып табылады. Интеграциялау қажеттігі бүгінгі күні бір ғана ел болып шеше алмайтын көптеген өзекті экономикалық мәселелерден туындайды. Өндірісті жаһандаңдыру мен интернацияландырудың өсуі,халықаралық еңбек бөлінісінің терең дамуы жеке бір елдің отандық еркін бәсекесін қорғайтын дәстүрлі саясатын тиімсіз етеді. Әлемдік нарықта қатал бэсекеге ешбір ел жалғыз дара қарсы тұра алмайды. Бүл әлемдік экономика жүйесінде жеке елдердің дамуын қамтамасыз ететін, халықаралық өзара өрекет етудің жаңа формаларын іздеуге үмтылдырады. ....
Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарышты дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық қатынастардың алғы шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда. Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық кезендегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі, инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік көмектің төмен болғаны белгілі. Еліміздің саяси-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-потенциалдық, демографиялық жағдайларына сәйкес қабылданған бағдарламалары халық орындап, рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы қатарлы ел болуымызға барлық жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз жеткілікті. Экономиканы дамытып, рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы тұрған ең басты міндет – халқымыздың тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған Президенттің: «Адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмыссыздың күре тамыры болуға тиіс» деген сөзі дәлел. Сондықтан әлеуметтік сала қазіргі таңда ең жауапты, күн тәртібінен түспей отырған мәселе болып табылады. Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларының қайсысын алып қарамайық, «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы көрсетілген жолдан ауытқымай, ілгерілеумен келе жатқанымыз белгілі. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу. Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады: қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау; жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау; жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.....
Ел үшін аянба – ерлігіңе, Жұрт үшін аянба –жігіттігіңе сын! Бауыржан Момышұлы Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да – 75 жыл толып отыр! Яғни, біз 75 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні, дәл осы шаттық хабарды естіп, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының халықтары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста - 1418 күн мен түндерді, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Сонда да, Берлиндегі Рейстах қамалының үстінде Жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы Жеңіске Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен, мына – жарық өмір үшін аянбай ұмтылған үлестері мол еді. Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеті орын тапты. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Біздің қазақстандықтардың қосқан ерлік- үлестерін біз мақтан етеміз. Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухына тәрбиелейді. Олардың ерлігіне тағзым етіп, бас июіміз қажет. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз оңбаған адам» деп Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқанынан, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағандығы өз халқын сүйетіндігінен болса керек......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер Сабақ тақырыбы: Сұраулар, есептер Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.3.1 алынған деректерді пайдаланып есептерді жасау (SQL (эс кю эль)) Сабақ мақсаттары: • Деректер сөздігінің мақсатын түсіндіру • DDL деректерін анықтау тілін және DML деректерін манипуляциялау тілін салыстыру • SQL SELECT, UPDATE, INSERT and DELETE негізгі командаларын сипаттау • Бірнеше кестелерден деректерді таңдау үшін SQL SELECT пайдалану.....
Пән: Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс. Сабақ тақырыбы: Оксидтер. Зертханалық тәжірибе №6 Оксидтердің қасиеттерін зерттеу 1-сабақ Сабақтың оқу мақсаттары: 8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу Сабақтың мақсаты: - Оксидтердің құрамын, жіктелуін, номенклатурасын білу - Оксидтердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу.....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Магнит өрісі Сабақтың тақырыбы: Заттың магниттік қасиеттері 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.4.5 – заттың магниттік қаситеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау; 10.4.4.6 – магниттік материалдардың (неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау; Сабақтың мақсаты: - магнт өрісі, магнит индукциясы және біртекті өріс түсініктерін білу; - магнит өрісінде орналастырылған әртүрлі заттардың өздерін қалай ұстайтындығын білу;......