Реферат: Информатика | Интернеттің пайдалы және зиянды тұстары

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Лимфоциттер

Лимфоциттер
Лимфоциттер адам ағзасында кеңінен тараған жасушалар тобына жатады. Ересек адамның ағзасында 10 лимфоциттер бар, яғни дененің әрбір 10-шы жасушасы – лимфоцит.

Барлық лимфоциттердің ортақ көзі – көп қабілетті бағаналы жасушалар және лимфоциттер өздерінің дамуының бастапқы кезің сүйек кемігінде өтеді (эмбрионалдық кезеңде – сарыуыз қапшығымен мен бауырда). Лимфоциттер диаметрі 7-9мкм дөңгелек және сопақша келген ядросы бар, цитоплазмасы аз және цитоплазмалық грануласы өте аз дөңгелекше келген жасушалар. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік жұмыстағы ақпараттық технологиялар

Әлеуметтік басқару ақпаратпен қамсыздандыру. Әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуде, өмір деңгейін көтеруде дұрыс базалық реформа құру қажет. Осының негізінде әлеуметтік сферада жағдайында жоспарланған саясат болуы керек. Осы шарттарда әлеуметтік басқарудың эффективтілігін жоғарлату бір мәселеге қойылады.
Бұл мәселе әлеуметтік басқарудың өзекті және де толық ақпаратты болуын байланысты. Бұл басқару субъектісіне әлеуметтік процестердің негізгілері мен ағымын, сонымен қатар дұрыс қорытынды жасауға көмек береді.Бұл мәселе процестің техникалық автоматтандырылған сборын, сақтандырылуын түрлі деңгейдегі ақпараттық массивтердің анализі мен өңделуін талап етеді. Әлеуметтік басқаруда Ғылыми-Техникалық Прогресс ең алдымен басқару қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізумен байланысты.
Жаңа Ақпараттық Технологиялар (ЖАТ) – ұйымдық басқару жүйесіндегі принципиалды жаңа әдістері мәліметтерін өңдеу, яғни ол технологиялық жүйелерге нақты бағытталған жиынтық, сақтау, өңдеу, ақпаратардың тасымалданудың жиынтығынан тұрады.
Сәйкесінше қазіргі заманға сай автоматтандырылған әлеуметік жүйелер нақты ұйымдарда құрылған жүйелерде ғана қолданылады. Бұл бір жүйеден екінші бір автоматтандырған жүйелер арасындағы қатынас арқылы орнатылады және ақпараттық жүйелерді қолдануда және қамтамасыз етуде міндетті және жауапкершілікті мамандармен жұмыс істеу керек.
Ақпараттық жүйелер арқылы басқа құжат түрінде тасымалданатын ақпарат текст және санкция қолданбаған рұқсаттан қорғалуы керек.Бұл жағдайларды шешуде ұйымдық-құқықтық автоматтандырылған жүйенің ақпаратты өңдеуін қамтамасыз ету керек.
Ақпараттық жүйесінің және ақпараттық құқықтық қамтамасыз етулуі жағдайлары жаңа жүйе болып табылады. Ол тек соңғы жылдары ғана информатизация бүкіл қоғамның өмірін қамтыған кезінде өзекті болып отыр.
Қазіргі кездегі Ақпараттық технологиялардың революциясы-глобальды процесс. Яғни басқарудың эффективтілігін жоғарлату қажеттіліктері. Егер 20 жыл бұрын әлемде тек 50 мың компьютер болса, онда бүгін 50 мың компьютер әлемде әрбір 10 сағат сайын сатылады. АҚШ-ғы жұмысбастылық әлемінде 75 млн. персоналды компьютерлер қолданылады. (35 млн. үйдегі қолданылатын компьютерлер есептелгенде: Компаниялардың персоналды компьютерлерді қолдану және оларға қатысты-яғни 80 млрд.долл. 1984 ж 160 млрд.долл. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Жер қойнауы туралы түсінік

Жердің сыртқы қыртысы "литесфера" деп аталады. Еның радиусы 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.
Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.
Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек,
• рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Қазақ философтары

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Халықтық жалпы миграциясы ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік қоғамдастыққа тән құбылыс болды. Халықтың миграциясы адамдардың тұрақты тұрғын орнын ауыстырып белгілі бір аумақтың шекарасынан өтіп орын ауыстыруы немесе кері қайтып
келуі болып табылады.
Халықаралық миграцияның бірнеше түрлері бар: еңбектік, жанұялық, рекреациялық, туристік және т.б.
Біз негізінен еңбектік миграция, халықаралық жұмыс күші нарығын қарастырамыз.
Халықаралық жұмыс күші нарығы ұлттық шекарадан әр түрлі бағыттарға өтетін еңбек ресурсрары ағынын қамтиды. Халықаралық еңбек нарығы ұлттық шекарадан әр түрлі бағыттарға өтетін еңбек ресустары ағыннын қамтиды. Халықаралық жұмыс күші нарығын бі-
ріктіреді. Халықаралық еңбек нарығы еңбек миграциясы түрінде болады. 1995 жылдың басында әлемде 35 млн. астам еңбекші – миграттар болды, ал 1960 жыл 3,2 млн. болған еді. Егер әрбір миграттың жанұясында орталама 3 адамнан болса, онда 90-жылдардың ортасында мигратцияланған халықтың саны 100 млн. адам-
нан асып кетті.
Халықаралық шымыс күші нарығын басқа әлемдік нарықтармен қатар қарастыруға болады: мысалы, тауар және қызмет, капитал және ақпарат. Жұмыс күші, бірелден екінші елге орын ауыстырып, өзін тауар ретінде ұсынады, халықаралық еңбек миграциясын іске
асырады. Жұмыс күші мигартциясының себептері болып эконамикалық және экономикалық емес факторлар табылады. Экономикалық емес себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық, діни, нәсілдік, жанұялық және т.б.
Халықаралық еңбек миграциясының дамуына көліктік байланыстың жаңаруыда әжептәуір әсеретеді.
Әлемдік тәжірбие жұмыс күшін қабылдайтында және жіберетін де елдердің сөзсіз артықшылыққа ие болады....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» деп аталады? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар (12 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» деп аталады? Тарихи концепт (фокус): дәлел
Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Оқу мақсаттары: 5.2.2.1 археологиялық –ескерткіштерді салыстыру
5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік-ұрпаққа ұран

Отан үшін күрес - елге жасаған үлес
Халық даналығы
Ерлік деген ұғымның қаншалықты қастерлі,қаншалықты қымбат екенін Ұлы Отан соғысында қан кешкен аталарымыздың майдан жорығындағы қаһармандық іс-әрекеттерін естігенде, солар суреттеген оқиғалардың көрінісін соғыс жайлы кинофильмдерден көргенімізде жан дүниеміз шымырлап, тебіреніске түсе отырып сезінеміз. Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті жанымен қорғаған жаужүрек аға буынның ерлігі мен қаһармандығы алдында бас иіп, тағзым ететін қастерлі күн. Ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухын, майдангерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі қайсарлығы мен ерлігін, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін халық жадында мәңгі сақтау-біздің басты қасиетті парызымыз.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, жартысына жуығы елге оралмапты. Жанқиярлық ерлік көрсеткен оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық иегері атанды. Бүгінде от пен оқтың арасынан елге оралған соғыс ардагерлері мен тылда тынымсыз тірлік жасаған еңбеккер ардагерлеріміз сиреп бара жатыр. Ел басына күн туған жылдары Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қазақ халқының өр рухын танытып, азаттыққа деген арманды ақиқатқа айналдырды. Әділдік пен зұлымдықтың арпалысы деп бағаланған сұрапыл соғыстағы ерліктері біз үшін нағыз отансүйгіштіктің теңдессіз үлгісі болып қала бермек.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың скаляр көбейтіндісі 3-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың скаляр көбейтіндісі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін біледі.
Сабақ мақсаттары: Кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің қасиеттерін қорытып шығарады және есептер шығару барысында қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0