Реферат: Туберкулез аса қауіпті дерт

Туберкулездің қоздырғышын тапқан Роберт Кох "ол түзу, сәл имек таяқша ұзындығы 1,5-3 мкм" деген анықтама береді. Ал енді осы бір кіп-кішкентай вирус адамның өкпесін ғана мекен етпейді, бронхы, жұтқыншақ, ішек, сүйек, буын, бүйрек тіпті жыныс органдарына дейін зақымдайды. Қазақстан медицинасының адам ағзасында құрт ауруына қарсы иммунитет қалыптастыруда рөлі қаншалықты?
Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз. Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана, түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту" дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200 грамм жылы су ішу керек. Сосын 15 минуттай тамақ ішпей барып, таңғы асқа отыру керек. Ал біз таңертең тұра салысымен беті-қолымызды шала-шарпы жуа салып жүгіре жөнелеміз. Қысқасы, "екі аяғымызды бір етікке тығамыз". Кішкентай уақытта бар шаруаны тындырып тастағанды жөн көреміз. Осыдан барып адамның ағзасы шаршайды, ағза қартаяды. Маған келіп, денсаулық туралы жөн сұрап отырған өзіңіз де "бір жүйелік бағытқа бағынамын" деп айта алмайсыз. Ауыр тамақ жеген күннің ертесінде, сұйық тамақ ішуге тырысу керек. Сіз бен біздің олай бипаздап отыруға "уақытымыз" жоқ. Тамақ даярлауға қаншама сағатын өлтіргенше, дәмханадан барып, тезірек дайын аспен ауқаттанғанды жөн санайтындар да жетіп артылады. Өз үйінің асын менсінбей, өзге қазанға көз сүзіп жүрген қаншама адам дерт жұқтырып жүр. Ал енді осы бір "сұрап алған ауруға" қарсы қандай иммунитет қалыптастыруға болады? Біз нәресте дүниеге келе салысымен, құрт ауруына қарсы вакцина саламыз. Бұл вакцина салынған адам "дертпен мүлде ауырмайды" дегенді білдірмейді. Ол тек адам ағзасында сол ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Біздің бала туа салысымен, егіліп жатқан вакциналарымыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын күшінде еді. Ал қазір сол вакцинаның беделі белден басылып жатыр. Осыған орай, былтырдан бастап, 11-12 жасқа толған балаларға вакцинаны қайта салу бағдарламасын жасадық. Міне, Қазақстан медицинасының бұл дертке қарсы иммунитет қалыптастырудағы рөлі – осы. Негізі, адамның ағзасына қарсы иммунитетті адам өзі қалыптастыру керек. Адам өзі "мен мына дертті қалай да жеңіп шығамын" деп күресуі керек. Біз медицина мамандары бір адамды сақтап қалуға емес, бүкіл халықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Біздің бір-екі адамның дертіне қарсы иммунитет қалыптастырғанымыз ешқандай пайда әкелмейді. Біз қоғамдағы кертартпаларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Егер қоғам өзін-өзін сыйламайтын, өзінің дертіне мән бермейтін бойкүйездермен толығатын болса, онда бізде сау халық қалмайды......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | МІНЕЗ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 2

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен; біреудің қатал, не тымыр болуының кезінде адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешіліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Хабарландыру

Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорынның, жеке адамдардың ұжым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа алдағы уақытта өткізілетін жұмыстар мен істерді жариялайтын құжатты - хабарландыру дейді.

Хабарландыру мынандай жағдайларда жазылады.
* Ұйым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа қандайда бір кеш өтетінін хабарлау үшін.

Мысалы:

ХАБАРЛАНДЫРУ
1995 жылы 14 желтоқсанда "Үш арыс" атты әдеби кеш өтеді. Кеш ҚазМБА-ның үлкен акт залында өтеді. Кеш сағат 16.00-де басталады.
Әдеби кешке академик З.Қабдолов, профессор Т.Кәкішев, профессор Р.Бердібаевтар қатысады.

Қазақ тілі кафедрасының «Халықтықтық педагогика»
тәрбие секциясы.
* Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар.
Мысалы:
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шымкентсыра» АҚ бас инженердің орнына конкурс бойынша қызметкер қабылдайды. 19.01.2001 жылы Сайрам көшесі «Шымкентсыра» зауыты, сағат 11.00-де басталады.
Хабарланып отырған мәселенің (жиналыс) мәжіліс, кездесу т.б. айы, күні, болатын уақыты, орны, қаралатын мәселелері, ол туралы хабар жасаушының, баяндамашының аты-жөні, атағы, қызметі көрсетіледі.
* Хабарландыру мақсатына қарай көлемі, көркемделуі әртұрлі болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қатені табу және түзету «Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Қатені табу және түзету «Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев
Оқу мақсаттары: 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді
Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мәтіннің стилін жетілдіру үшін қателереді табады және түзетеді, өзіндік пікірін дәлелдей алады .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау Алдаркөсе (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау Алдаркөсе
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау;
4.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
4.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады
Көпшілік оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді анықтайды, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
Кейбір оқушылар:сөйлеу барысында көркем-бейнелі сөздерді қолданады ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Әжемнің әңгімесі

Мен сіздерге өзімнің әжем жайлы әңгіме айтқым келеді. Өйткені, мен- әжемнің ең сүйікті немересімін. Менің әжемнің аты-Сабира. Менің әжем өте әңгімешіл кісі. Жас келгесін бе, әлде біздерді қуантқысы келеді ме екен өзі жайлы, балалық шағы жайлы айтқанды жақсы көреді. Менің әжемнің балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіпті.Соғыс басталғанда, әжем небары он жаста ғана екен. Әжем жасынан өте пысық, өмірге бейім, сөзшең кісі болған. Тоғыз жасында-ақ анасынан айырылған әжем әкесінің оң қолы болыпты .Өзі бойы кішкентай ғана шағын қелген кісі. Ісінің тыңғылықтылығына тәнті болған көрші кемпір«Өзі қолбасындай, қолбасындай болса да, қорғасындай » деп әжемді мақтап отырады екен. Әжем әкесі және Күнзия деген әпкесі мен Жүсіп деген інісі төртеуі Арал маңындағы темір жол бойындағы бір ауылда тұрыпты. Алдында әпкесі болса да отбасының жауапкершілігі өз мойнында болыпты.Әпкесі өзінен үлкен болса да ,алғырлығына риза болған әкесі әжеме көп арқа сүйепті. Ерте ер жетіп, тірлікке араласуына соғыс кезінің қиыншылығы әсер етсе керек. Үш жасар інісі әпкелеріне еркелеп өсіпті. Әкесі Жұмағали азаннан қара кешке дейін теміржолда жұмыс жасапты.Тылда қалған кәрі-құртаң,бала-шағаға бас- көз болсын деді ме , әлде тышқандай үш жетімнің де себебі болды ма,әйтеуір әкесін соғысқа алмапты. Қолы қалт еткенде үйінің отын-суы , малдың шөбін қамдап бір тынбайды екен. Күз аяқталар кезде әжемнің әкесі бір түйесіне мініп, екінші түйесін жетекке алып, өзіндей адамдармен бірігіп, Сыр бойына кететін болған. ...
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Мұнай және мұнай өнімдері» (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын
Сабақ тақырыбы: «Мұнай және мұнай өнімдері»
Сабақтың мақсаты: Мұнайды фракцияларға бөлу
Мұнай фракцияларын атау
Шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарына қарай жіктеу
Оқу мақсаты: 9.4.3.17- мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын білу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.11 – жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;
8.5.1.12 – линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттай білу;
- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтай білу;
- D=1/F формуласын қолдана білу.
- жұқа линзада кескін алу және оны сипаттай білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция типтері 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакция типтері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 Химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша классификациялау.
Сабақ мақсаттары: - химиялық реакция типтерін айқындау
- Химиялық реакцияларды әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша жіктеп,ажырата білу
- орынбасу реакциясының ерекшелігіне тоқталу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Жалдау

(а) пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдау шарттары;
және
(b) кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдер барлық жалдау түрлерінің есебі үшін қолданылуға тиіс.
Алайда осы Стандарт мыналарды:
(а) жалгерлердің қарамағындағы және есепке алуда инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілген жылжымайтын мүлікті (қараңыз: 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік.....
Рефераттар
Толық
0 0