Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тәуелсіздік тұғыры

Тәрбиелік: Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: еліміздің рәміздері
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет барысы:
Шаттық шеңбері:
Елімізге тыныштық тілейміз!
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқық нормаларын талқылау

Құқық нормалары мемлекеттің бекіткен әмірі ретінде құқықтық қатынас субъектілерінің мінез-құлықтарының жал¬пы сипаттамаларын жол-жора, ереже ретінде ғана айқындайды. Себебі, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өмірде жасалатын барлық іс-әрекеттерін құқық нормаларына сиғызу мүмкін емес. Мысалы, ұрлық құдайдың құтты күні сан алуан түрде, әр түрлі сипатта жасалынады. Түнде, күндіз және заттар үйден, қоймалардан, қалтадан, гараждан, мейманханадан, автомобильден, магазиннен, базардан ұрланады. Заң шығарушы орган ұрлықтың құрамының барлық сипаттамаларын құқықтық нормада бекітпейді тек нағыз мазмұнын, қоғамға қауіпті ерекше сипаттарын ғана белгілейді. Объективтік жағынан ұрлық тек қана «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген іс-әрекетті бекіткен. Адамды жауапқа тартуға біреудің мүлкін жасырын ұрлағаны жеткілікті. Ал, қай жерден, кімнін мүлкі екені көрсетілмейді. Бір сөзбен айтқанда заң шығарушы органның құқық нормаларында субъектілерінің бекітілген мінез-құлықтарын толыққанды, терең түсіну үшін әділетті мағынада іс жүзіне асыру және дұрыс қолдану үшін оларды талқылау қажет. Бұл процесс ойлау арқылы болады және соның нәтижесінде құқық нормасының мәні айқындалады. Жалпы құқық нормаларын талқылаудың тарихына көз жүгіртетін болсақ заңның нормаларын, оның сөздік мәнін түсіндіруге тыйым салынғанын аңғарамыз. Кезінде Юстиниан, Пий IV, Наполеон I, ШЛ.Монтескье, Ч.Беккарна сияқты ірі қайраткерлер заңға түсінік беріп, оны талқылауға тыйым салуды талап еткен. Олардың ойынша мұндай әрекеттер заңның мазмұнын бұрмалауға әкеп соқтырып, заңсыздықка тікелей жол ашады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау.
Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану.
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А 5
Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік нормаларды қолдану
Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.
Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу
Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар сөздік қорларын қолдана отырып, қарапайым мәтіндер, өлеңдер құрастырады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау.
9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау.
Сабақ мақсаттары: дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың әрекетіне баға беру
қазіргі мемлекеттік саясаттың дінаралық келісім және ішкі тұрақтылыққа ықпалын анықтап, бағалау .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Программаны тестілеу 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Программаны тестілеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Сабақ мақсаты: өз программасына тестілеу жоспарын құру
тәжірибелік (дұрыс / қате) мәліметтер көмегімен алгоритмді тексеру
программа кодына анализ жасау
трассировка кестесін толтыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау. Зертханалық жұмыс. (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті
Сабақ тақырыбы: Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау. Зертханалық жұмыс.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.8 Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде және есептер шығару барысынды анықтау;
Сабақ мақсаттары: - оқушылардың жүйедегі толық жұмыс пен пайдалы жұмысқа талдау жасау дағдыларын қалыптастыру;
- жүйенің ПӘК-інің физикалық мағынасын білу және түсіну;
- есептер шығаруда ПӘК-тің формуласын қолдану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Маркетингтік орта

Ұйым – іс - әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроорта –дағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс – қимылы қоршаған орта жағдайлармен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтыну -шы мінез – құлқы салдарынан, сондай – ақ әлемдік нарықта болып жатқан про –цестердің болуына қарай қауіпті сипат алуы мүмкін.
Сондықтан да маркетинг теориясына макро және микроортадан тұратын маркетингтік орта ұғымы енгізіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы шарты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1816 жілі неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883-1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.
Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Шейіттерді қастерле! Нанға сатпа арыңды!
Қасиетті құрбандар жанын қиды ар үшін,
Қойсам деймін ескерткіш, бұл солдаттық парызым!
Александр Бек
Соғыс... Қазақ жеріне түрлі қасіретімен келген апат Кеңестер Одағының құрамында болған 1941 – 1945 жылдары өз ізін, қасіретін ойсыратып салып кеткен еді. Бұл жолғы соғыс тек қазақ жұртын емес, бейбітшілікті, тыныштықты жақтаған КСРО-ның құрамында болған 15 республиканың орны толмас қайғысы еді. 1939 жылы 23 тамызда Шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Бұл соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Елдің жауынгерлік сапын кеміткен, әр шаңырақтың бас иесін мерзімінен бұрын ажал құштырған соғыс аталған жылдың 22 маусымы - барлық кеңес елдерінің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деген кеңестік идеялогиямен тәрбиеленіп келе жатқан Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді.......
Шығармалар
Толық
0 0