Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие ала
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ЕР ЖӘНІБЕК

Шоқан Уалиханов: “Абылай хан заманы – қазақ батырларының дәуірі” деген ұлы сөзін тегін айпаса керек. Оның сыртында Абылай дәуірі жоңғарлар мен қазақтардың сұрапыл шайқастарына толы болды. Не бір батырлар шықты. Соның бірі – біз сөз өткелі отырған Ер Жәнібек батыр.
Осы Керей Жәнібек батырды ел аузында “Ақыр Жәнібек” деп те атайды. Себебі қазақтың тарихында көптеген Жәнібектер өткен. Соларды шатастырмау үшін, әрі Жәнібектердің ерлік дәуірінің ақыры ретінде есте тұтқан болуы мүмкін.
Осы Жәнібектерге келер болсақ, алғашқысы 1456 жылы хан болған Әз-Жәнібек. Екіншісі Шақшақ Жәнібек (Тархан Жәнібек деп те атайды). Оның сыртында Божбан Жәнібек дегендер болған. Божбан руынан шыққан Жәнібекті кезінде қазақтың тұтастығын бұзғаны үшін Абылай ат құйрығына байлап өлтірген. Ер Жәнібек турасында айтатын болсақ, бұл – үшінші Жәнібек. Оның шыққан тегі туралы, мынадай қысқаша шежірелік икем айтуға болады. Керейден – Құттыберді туған. Құттыбердінің шешесі – Абақ бәйбіше. Осы Құттыбердіден – Ителі, Қарақас, Молқы, Жастабан, Сарбас тарайды. Ителіден – Байлау мен Қойлау; Байлаудан – Жәдік, Жәнтекей, Шеруші туған; Жәнтекейден – Сүйіншал, Сүйіндік, Сүйінбай. Ал осы Сүйінбайдан – Жайлау, Сары, Самырат, Сәменбет, Төлеке тарайды да, осы Сары руынан – Бердәулетұлы Ер Жәнібек туған. Жәкеңнің туған жылы туралы әзірге тоқтамды мәміле жоқ. Әркім әртүрлі болжамдар айтады.
Шыңжандық Қостай Исабаев 1690 жылы туған дейді. Бұл тарихи негіздерге дәл келмейді. Осы мақала авторының пайымдауынша Жәкең 1710 жылы туған болып келеді. Олай дейтініміз: Шақшақ Жәнібек батыр бір ұзақ сапардан келе жатып Керей ауылдарына түстенсе керек. Сол күні Бердәулеттің бәйбішесі бір ұл тауып, атын қойып беріңіз деп нәрестені Шақшақ Жәнібектің алдына әкеліпті. Шақшақ Жәнібек батыр толғанып отырып былай депті; “Ей, Бердәулет, мына нәрестеге көңілім толып, көкірегім желпініп отыр, өз атымды қояйын, дұшпанға боқтатпас, жаманға даттатпас” деп нәрестенің құлағына сенің атың Жәнібек деп үш айтып, былай деп бата беріпті:

Керей деген елің көп,
Ел айналар шешен бол.
Жағаласар жауың көп,
Жауға шапсаң есер бол.
Ел ішінде дауың көп,
Жұрт алдында көсем бол,
Шайқасқан да есен бол,
Жекеге шықсаң желденіп,
Жауыңның басын кесер бол! – депті.

Осылай аузы дуалы батырдың айтқаны келіп Жәнібек әрі шешен, әрі батыр, әрі ақын болып өскен екен. 1710 жылы Әз-Тәуке ханның жарлығымен Жоңғар ордасына елшілікке Қаз дауысты Қазыбек бастаған бір топ елші барған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Казталовка ауданында мүйізді іріқара бруцеллезін жою шараларын еткізу

Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды.
Малдың бруцеллез індетіне қарсы бөлім Республика көлемінде мал арасында бруцеллез ауруының пайда болу жолдарын тексеру, таралуын анықтайды, олармен жоспарлы түрде /шарушылықтардың мал өсіру бағатына сәйкес/, курес жүргізілу шараларын белгілейді. Малы сау шаруашылақтарды осы аурулардан сақтандыру және ауру тараған шаруашылықтарды одан арылту мүмкіншіліктерін жан жақты жоспарын жасап, дер кезінде орындалуын қадағалайды. Облыстағы індеттерге қарсы күресетін арнаулы экспедициялардың жұмыстарына басшылық етеді.
Қазақстан бойынша мемлекеттік мал дәрігерлік қыщмет салалары заман талабына сай жетіліп, қоғам дамуына елеулі күрес қосып, келеді. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданындағы Жалпактал аулының және оған қарасты мал дәрігерлік учаскелер бар. Соның ішінде бруцелезге қарсы құрылған аудандық экспедицияда 12 мал дәрігері қызмет жасайды. Бұл аудан аймағанда жыл сайын тіркеліп отыр. Сондықтан бруцеллезді болдырмау үшін аудандық аумақтақ басқармабар күшін салады....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Технология | Материалдық қорлар

Материалдық қорлар түсінігі логистикада маңызды болып табылады . Табиғаттан алынатын шикізат дайын өнім түрінде соңғы тұтынушыға келер алдында басқа материалдармен орналасады , бірігеді , өндірістік өңдеуге тартылыды . Материал жүргізуші тізбек бойынша жылжып , шикізат өзінің осы немесе басқа өндірістік немесе логистикалық операцияға енуін күтуінен кешігеді.
Көпшілік мұқылдаған тұжырым бойынша пайымдалады : Материалдық қорлар -- бұл өндірістің әр түрлі сатысындаболатын және өндірістік – техникалық бағыттағы өнім айналымындағы , жеке немесе өндірістік тұтыну үрдісіне енуін күтетін халық тұтынатын бұйымдар және басқа да тауарлар .
Қорлардың құрылуы әрқашан шығындармен кездеседі. Қорлардың құрылуымен және құрамымен байланысты шығындардың негізгі түрлері атап өтейік : ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Патша үкіметінің 1889 ж 13 шілдеде бекіткен ережесі

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы империяның қазақ өлкесіне байланысты саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды әскери-отаршылдық әрекеттерімен өзіне қосып алған царизм осы аймақтағы ағылшындық ықпалды ығыстырып,ортаазиялық шепке шықты. Өзінің алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық режимін орнатты.
Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына да қолайлылық туғызды. Крепостниктік құқықты жоя салысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды.
Крепостниктік құқықты жою Ресейдегі аграрлық мәселені шеше қойған жоқ. Осындай жағдайда патша үкіметі шаруаларды революциялық қозғалыстардан бұрып әкететін бірқатар шаралар қолданды,атап айтқанда, қоныс аудару саясатын жандандыра түсті. Сібірді, Қазақстанның солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы царизм ішкі губерниядан шаруаларды сол жаққа қоныс аудартуды және солар арқылы ұлттық шет аймақтарда өздеріне әлеуметтік тірек табуды ойластырды. Орыс және украин шаруаларын өлкенің барлық дерлік облыстарына жоспарлы түрде қоныс аударттыру ХІХғ. 70-жылдарының бас кезінде басталды, ал 80-жылдары бұл іс жаппай көшіп келіп қоныстанушылық сипат алды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Су шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері

Әсер етуші факторларға байланысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. Тау жыныстары тоңының жібуі мен температуралық жоғарылауы едәуір кеш басталатын солтүстік аймақтардың дала, орманды дала, орманды аймақтарында грунт сулары өздерінің ең жоғары деңгейіне тек мамыр мен маусымда, ал көпжылдық тоң дамыған аудандарда шілдеде жетеді. Жазғы жауын-шашын су деңгейін жоғарылатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР Жошы хан (1187 -1227 жж.)

Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
1211-1215 жылдары Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысады.
1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз өзенінің бойында Хорезм шаһы Мүхаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мүхаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды.
1220-1922 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент т.б. қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды.
1223 жылы әкесінің үйымдастыруымен өткен Қүланбасы жазығында өткен қүрылтайға қатынасты. Осы қүрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған үланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт үлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының түяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді коса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.
Қүрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы үлысының негізін бүрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар қүрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Халықаралық экологиялық құқық

Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.
Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал.
Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау құқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне:
- құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;
- негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады.
Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.
Халықаралық экологиялық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны корғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы желбіре мәңгі бақи

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп,зұлымдықтың сөнді түні.
1941 жыл... Сол бір сұрапыл соғыстың басталуы Гитлердің бейбіт келісім шартты бұзып, тұтқиылдан тыныш жатқан елге шабуыл жасауынан басталды. Соғыс кенеттен басталғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап-ақ жұдырықтай жұмылып,тірлік етті. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа аттанды.Олар еліне жеңіспен оралатынына сенді. Сол үшін бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста-мың төрт жүз он сегіз күн мен түндерде бүкіл ерік-жігерімен тек Жеңіске ұмтылды. Соғыс оңай болған жоқ, ешкімге жақсылық әкелген жоқ. Сол бір Жеңіс жолында миллиондаған адамдар мерт болды.Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар өз алдына босып кетті. Ешкім де,ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш.Күнді түн ететін,гүлді күл ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жұлып,жалмап жұтатын тажал.Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кздегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгі қалатын күн.Тарих беттері сол отты жылдармен толысады.Ол біздің тарихымыз,ол біздің өткеніміз.
Соғыс адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз.Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып жоюға бағытталған.Қарапайым халыққа қасірет туғызған,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.......
Шығармалар
Толық
0 0