Реферат: Қазақ әдебиеті | Мәдімар Райымбекұлы

Мәдімар Райымбекұлы (1864 – 1923, Әулиеата уезі Көшеней болысы) – қоғам қайраткері.

Мазмұны

1 Өмірбаяны

2 Жетістіктері

3 Сілтемелер

4 Пайдаланылған әдебиеттер

Өмірбаяны

Әулиеатада молдадан, Ташкентте медреседе оқыған. 19 жасында Көшеней болысы болып сайланған. Мәдімар әділдігімен, тазалығымен аты шыққан. Көрші қырғыз елінен, Оңтүстік Қазақстаннан, Арқадан келіп Әулиеатадан әділдік іздегендер Мәдімар болыстың алдына баратын болған. Ел ішінде Мәдімар айтты деген өлеңдер, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қалқай ишанұлы Мамырбай

Қалқай ишанұлы Мамырбай 1822-24 жылдар шамасында «Қарабдал», «Абыла» атты өңірде туып, осында қайтыс болғн. Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.

Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850-51 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Ояз бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863-66 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.

Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.

Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Моңғол империясы

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Автофагия

Автофагия (грек, autos — өзім, өздігінен; phagein — жеу, жою, обырлық, жемірлік) — жасуша цитоплазмасында түзілген артық заттарды, мысалы, қалыптан артық мөлшерде түзілген гормон дәншелерін (гранулаларын) өзінің лизосомаларының (органелла) көмегімен жою құбылысы. Өзінде түзілген заттарды еріту арқылы жоятын лизосомаларды автофагосомалар деп атайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Банктердің пассив операциялары

Қазақстанда Республикасының Коммерциялық банктері қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесінде депозит түрінде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары негізінен мына топқа бөлінген: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық делдалы (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай- ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Білім базасы

ЭВМ –ге қатысы бар ақпарат процедуралық және ресми түрде болып екіге бөлінеді. Процедуралық ақпарат тапсырмаларды шешу процессінде орындалатын программаларда. Ресми түрде – берілгендерге, осы программамен жұмыс істейді. Ақпаратты ұсынудың стандартты формасы машиналық сөз болады, ол екі сандық разрядтан, яғни биттен тұрады. Бірақ машиналық сөз қатарында да топқа бөлінеді. Ол байт деп аталатын сегізді екілік разрядты сан.
ЭВМ –нің құрылымының дамумен қатар берілгендердерді ұсынудың ақпараттық құрылымдары да паралелльді дамыды. Берлігендерді жазудың мынадай тәсілдері пайда болды: векторлар және матрица түрінде, және де тізімдік және иерархиялық құрылымдар пайда болды. Қазіргі уақытта жоғары жоғары программалау тілдерінде берілгендердің абстрактілік типі қолданылады, программистпен берілетін құрылым.
Мәліметтер базасының пайда болуы, ұйымдардың ресми ақпаратпен жұмыс істеуін тағы бір адамға жоғарлатты. Мәлемттер базасында бірмезгілде үлкен көлемдегі ақпарат сақталуы мүмкін, ал арнайы құрал мәліметтер базасын басқару жүйесі берілгендерде нәтижелі манипуляциялауға рұқсат береді.
Зерттеулердің дамуы бойынша ақпараттық жүйе облысында білім концепциясы пайда болды, ол өзіне деклорациялық және процедуралық ақпараттарды біріктірді.
Сонымен ақпаратты ұсыну дегеніміз не? Осы шеңбер бағытында интелектуалды жүйе жадысында формалармен және білім ұсынулармен байланысты тапсырмалары шешіледі. Ол үшін арнайы білімді ұсыну модлеі өңделеді және әр түрлі типке білімдер бөлінеді. Интеллектуалды жүйе білімді қазып алатын көздер оқылады, және интеллектуалды жүйе үшін білімді алу мүмкін, ол процедура және қабылдаулар көмегімен құралады. Білімді ұсыну мәселесі интеллектуалды жүйе үшін төтенше өзекті болып келеді. Дәл осылай интеллектуалды және бұл жүйе өз жадысында сақталанып пәндік облыс туралы білімге сүйенетін функция.
Шешімі: Білімдер ұсыну – бұл жасанды интеллектіге бір бағыттан зерттеу. Басқа бағыттар, олар: білмді маниуляциялау, қатынас, қабылдау, оқу және мінез-құлық. Бұларға бірақ мен тоқтамаймын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Бүхгалтерліқ есеп және негізгі түсінігі

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Менеджмент | Жапондық менеджмент

Басқарудың жапондық типінің түрлері. Н.С. Целишевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады. Бірінші – корпарациямен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі фирмаға берілгендігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі.
Екінші топтағы принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдарды фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең правода қарау деп тұжырымдауға болады.
Үшінші топқа – фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үш негізгі күшке – басқарушыға, басқа жұмыскерлерге және инвесторларға ықпал ету мен көңіл бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.
Төртінші топқа - әр түрлі фирмалармен – іскер әріптестермен, соның ішінде ең алдымен өнімді тапсырушылармен және сатып алушылармен алуан түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.
Аталған принциптерді жүзеге асыру механизмінің маңызды элементтеріне мыналар жатады: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Генетиканың даму тарихы

Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады.
Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.
Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.
Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.
Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер — геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептелінген.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында “пангенезис” теориясын А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вейсман “ұрық плазмасы” туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.
Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті

Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жай жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен калыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспсктілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.....
Рефераттар
Толық
0 0