Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы:Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.4 Грамматикалық нормалар және сауатты жазу.
1.4.4.1 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады
4.5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану.
1.4.5.1 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Мұғалімнің көмегімен дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Жай сөйлемді жазуда бас әріптерді қолданады.
Көбі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады.
Кейбірі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде өзі ескеріп отырады. Өзі жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар

Балықтан және балық емес тағамдық өнімдердің сапалы, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып шығарылуын нұсқау бойынша бақылап отыру керек.
Дайын өнімнің сапалылығын микробиологиялық жағынан қарағанда белгілі дәрежеде өндірістің санитарлық деңгейіне байланысты болып келеді.
Нұсқауда кулинарлық, тұзды өнімнің, белоктық өнімдердің және балдырлардың қайта өндірілу өнімінің санитарлық­микробиологиялық бақылауы көрсетілген болуы қажет.
Өндірістің санитарлық жағдайының деңгейінің технологиялық процестің дұрыстығын, өнімді өндіру кезіндегі бұзылуларды анық көрсетуге көмегін тигізеді.
Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді.
Негізгі санитарлық-микробиологиялық бақылау өнімді бақылау және өнімнің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді.Ол систематикалық, өндірістік лабораториялардың бактериологтарымен санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүргізеді.
Ал өнімнің қосымша микробиологиялық бақылауы дайын өнімнің жоғары обсементтік жағдайда болғанда лаборатория меңгерушісінің шешімімен, санитарлық­ микробиологиялық көрсеткіштер бойынша аға бактериологтың шешімі бойынша жүргізіледі.
Жоғары дайын өнімді алу үшін өндірістік орындар Мемлекеттік санитарлы органдар шартарына сүйенеді.
Микробиологиялық бақылауда оның қандай өнім алуына байланысты мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер (МАФАнМ), ішек таяқшасының бактериалық топтары (ІТБГ) коли формалы сары түсті стафилакокктар сульфидтейтін клостридиялар, ашытқы саңырауқұлақтары мен ашытқылар, протей туысының бактериялары, патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар сальмонеллалар мен вибриондар.
Микробиологиялық бақылаудан басқа күнделікті шикізат пен қосымша материалдарды бақылап отырады, және нағыз құрылымға сай өндірістің санитарлық жағдайын сақтайды.
Құрал­жабдықтардың, инвентарға, цехтағы тазалыққа, дезинфекциялайтын заттармен пайдаланатын шикізат пен қосымша материалдардың сапасына кезекші шебер жауап береді.
Санитарлы-микробиологиялық қорытындыларды кезекші мастерге ол лабораторияның басқарушысына және өндірістің қол астындағы жұмысшыларға жеткізіледі, олар өз кезегінде өндірістің санитарлық және технологиялық деңгейін жоғарылатуға ат салысады.
Нұсқауда бактериалдық тұқымдануына қор матифтері жүргізіледі: шикізатқа жартылай фабрикаттарға, қосымша материалдар, дайын өнімнің, бақылау периодтылығына микробиолигиялық анализ әдістеріне және кейбір жеткіліксіздікті жояды.
Өндірістің санитарлық жағдайын сақтау.
Нормалар мен өндірістік санитарлық жағдайдың сақталуы қатерсіз бүтін өнім алудың ең бір және негізгі шарттары болып табылады.
Санитарлық режимнің бірқалыпты сақталуы, дезинфекция мен санитарлық талаптарды жүргізу тәсілдері соның ішінде санитарлық-микробиологиялық жұмыс басталар алдында және санитарлы өңдегеннен кейін күнде бактериолог өндірістің санитарлық жағдайлары мен эффективтілігін қадағалап отырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Су қорларының шаруашылықтағы маңызы (8 сынып, II тоқсан)

Пән: география
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера тарауы
Сабақтың тақырыбы: Су қорларының шаруашылықтағы маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқубағдарламасынасілтеме)-су қорының шаруашылықтағы маңыздылығын түсінеді.
-тақырыптық карталар мен сызбалар пайдалану,су ресурстарымен қамтамасыз етілуді талдау жасайды;
Сабақ мақсаттары: -су қорының шаруашылықтағы маңыздылығын түсіну.
-тақырыптық карталар мен сызбалар пайдалану,су ресурстарымен қамтамасыз етілуді талдау;
-су ресурстарының қорын сақтауды шешу жолдарын ұсыну;
-су ресурстарының маңызын білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин т.б.) 1-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақтың тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин ) 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу
Сабақ мақсаты: • көлденең жолақ бұлшықет құрылысын сипаттау;
• миофибрилла құрылымы зерттеу ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогенді фактор. 1-сабақ (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Сабақ тақырыбы: Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогенді фактор. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
Сабақ мақсаттары: адам – экожүйенің біртұтас бөлігі екендігін түсіну;
адамның экожүйеге жағымды әсерін түсіндіру және сараптау;.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Апокринді тер безі

Апокринді тер безі (көне грекше: glandula sudorifera аросrіпа; көне грекше: glandula — без + көне грекше: sudorifera — тер + көне грекше: арех — төбе + көне грекше: krinos — бөлемін) — солін апокринді секреция арқылы бөлетін тер безі......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін. Мысалы: туберкулез.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Жалпы инфекциялық аурулар жайында».....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Жергілікті жердің гидронимі

Топонимика – географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Қазақстан жерінде түрлі топонимдер бар. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан,табиғаттың сан қилы өлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Есірткі және құқық бұзушылық

Қазақстанды есірткі жайлап барады. Жыл басынан бері елімізде есірткіге байланысты 6 мың қыл¬мыс тіркеліп, алты айдың ішінде алты тонна есірткі тәркіленді. Құқық қорғау органдары тарапы¬нан бұл жаман көрсеткіш емес, мақтауға тұрарлық. Бірақ осы тонналаған у «Қазақстанды неге айналып өтпейді?» деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.
Есірткі айналымымен бүкіл дүниежүзі күресуде. Күресті қаншама күшейткенмен, жастар арасындағы есірткіге құмарлық жылдан-жылға өсіп, етек жайып барады. БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес басқармасының (UNODCCR) мәліметі бойынша, бүгінгі күні әлемнің әр түпкіріндегі 15 пен 64 жас аралығындағы 200 миллион адам есірткіге тәуелді болып, наркотиксіз өмір сүре алмайтын халге жеткен. Бұл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың 5 пайызын құрайды. Тәуелсіз сарапшылар¬дың сөзіне сенетін болсақ, Қа¬зақстанда бұл көрсеткіш 1,5 миллион адамды құрайды, яғни республика тұрғындарының 10 пайызы есірткіге бой алдырғандар.
Қазақстандағы заңсыз айна¬лым¬да жүрген есірткілер – апиын, героин, кокаин, синтетикалық наркотиктер жоғары концентра¬ция¬ланған, адам өміріне өте қа¬уіпті, есірткінің «ауыр» түрлеріне жатады. Соңғы бес-алты жылда қазақстандық наркомандар есірт¬кінің ауыр түріне көше бастады. Бұрын каннабис, сатива (ел ау¬зында анаша деп аталады) сияқты есірткінің жеңіл түрін қолданса, енді көбінесе ақыл-есті «өшіріп», басқа дүниеге жетелейтін ханканы қолдануға әуес болыпты. Алматы наркологтарының байқауынша, біздегі наркорыноктағы есірткі айналымының 80 пайызын героин құрайды. Бұл жартылай синтети¬калық наркотик таза апиынға қарағанда, адамды өзіне тез тартып алып, «тұңғиыққа» батырып жібе¬реді. Героинге тәуелді болған адам¬ды емдеп, қалпына келтіру іс жү¬зінде мүмкін емес.
Ресми деректер бойынша, 2000 жылы Қазақстанда 34 мың наша¬қор арнайы тіркеуде болған, ал БҰҰ-ның наркобизнеске және қыл¬мысқа қарсы күрес басқарма¬сының мәліметі бойынша, сол жылдары 250 мың есірткіге тәуелді адам арамызда өмір сүріп жатқан. Қазір бұл көрсеткішті Бас проку¬ратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу коми¬теті 54 мыңға жеткізіп отыр. Соның ішіндегі 4 мыңы әйелдер, бес мыңға жуығы жасөспірімдер екен. Нарко¬логтардың айтуынша, есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты са¬нын шығару үшін, ресми көрсет¬кіш¬терді кемінде 5-6 есеге көбейт¬кен жөн, сонда еліміздегі наша¬қор¬лардың нақты санына жақын¬дауға болады. Біздің елде наша¬қорлықтан жасырын (аноним) ем-делуге болады, сондай-ақ жеке¬мен¬шік емханалар жеткілікті, олар наркомандарды тіркеуге алуға міндетті емес. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Қабілет туралы жалпы ұғым

Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс - әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. ....
Рефераттар
Толық
0 0