Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс Сабақтың тақырыбы: Қатты және бәсең дыбыстар 1-сабақ Оқу мақсаттары: 2.5.3.1 дыбыс көздерін дауыс қаттылығына қарай жіктеу Сабақ мақсаттары: Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі.......
Макс Вебер (Max Weber) (1864-1920) - аса көрнекті неміс әлеуметтанушысы, тарихшы, экономист және заңгер. Эрфурт қаласында заңгердің отбасында дүниеге келген. Протестантизм мен саяси либерализм құндылықтарына негізделген тәрбие алған. Гейдельберг, Геттинген және Берлин университет-терінде білім нәрінен сусындады. Оның бастапқы ғылыми зерттеулерінің тақырыбы орта ғасырлар мен антика дәуіріндегі қоғамдардың шаруашылық өмірі болды. 1891-1897 жылдары ол Германияның бірқатар университеттерінде құқық және саяси экономия профессоры болды. Онымен бір мезгілде белсенді ғылыми-зерттеу және публицистикалық қызметпен айналысты. Алайда оның оқытушылық және зерттеу жұмысы сырқаттану салдарынан үзіліп қалды. 1904 жылы М.Вебер Вернер Зомбартпен біріге отырып “Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат мұрағаты” атты неміс әлеуметтану журналының редакторы болады, онда оның ең маңызды шығармалары жарияланады. 1907 жылдан бастап мұра алғаннан кейін толығымен ғылымға ден қояды. Бірнеше жыл бойы неміс әлеуметтанушылар қоғамдастығымен белсенді қарым-қатынас жасап, біршама маңызды позицияларға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен мемлекеттік қызметке кіреді. 1919 жылдан бастап Вебер Мюнхен университетінде жұмыс істеді. Ойлағанының бәрін жүзеге асырып үлгермей, 1920 жылы Вебер қайтыс болды. Өлгеннен кейін оның әлеуметтану зерттеулері қорытындыланған іргелі еңбегі “Шаруашылық және қоғам” және сонымен бірге әдіснама, мәдени-тарихи және әлеуметтанушылық зерттеулер логикасы, дін, саясат, музыка әлеуметтануы және т.б. бойынша мақалалар жинағы жарық көрді. ....
Михаил Терентьевич Харин (1923 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданы Снегирево селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы, топ командирі. Соғыстың бас кезінде әкесі майданға аттанды. 1944 жылы әскерге алынды. 1944 жылдың 4 желтоқсанында Дунай өзенінен Эрни (Венгрия) қаласы маңына өту кезіндегі ұрыста ол айрықша көзге түсті. Xарин бастаған бір топ жауынгер өзеннен өткен соң жау траншеясына жетіп, қоян-қолтық ұрыс жасап жаудың 6 пулемет ұясын және миномет батареясын, көптеген жау әскерлерін жойды. Xарин өзі 14 жау әскерін жойып, 8-ін тұтқындады. Плацдармды ешқандай шығынсыз басып алды. Бірақ гитлершілер қайта бас көтеріп, .....
Малайсары батыр. Бұл тұлға туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Ең алдымен оқырманға ескерте кететін нәрсе, Шоқан Уәлиханов зерттеулеріне қазақ тарихының басты оқиғалары мен ең шешуші тұлғалары іліккені. Қазіргі күні ғылыми тілде бұл мәселені түсіндіру қиын, мүмкін бұл қазақтың дана ұлының табиғи зеректігіне, терең түсінігі мен интуициясына байланысты болар, яғни ХVІІІ ғасыр үшін Малайсары батыр Абылай ханмен қатар аталатындай "знаковая фигура”. Ол сол заманның тыныс-тіршілігін, қазақ халқының сыртқы-ішкі жағдайын ашып бере алатын толыққанды тарих қайраткері. Шоқанның аз ғұмырында қазақ тарихының қалың қатпарларынан ең басты мәселелерді, сәулелі тұлғаларды іліп .....
Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.
Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге болады.
Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі. Сонымен, бірінші әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды. .....
Мақсаты: Балаларды ж дыбысы мен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік мәні: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.
Мотивациялық - Қозғаушы кезең Жылулық шеңбері. Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам!
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманға саяхатқа шығу үшін алдын ала дайындаламыз. Орманның бір түкпірінде қазына жасырылған. Ол үшін біздерге қандай заттар қажет? .....
Менің туған жерім – ұлаңғайыр, байтақ, кең жазира Қазақстан. Отаным, елім, туған жерім... Бұл сөздерде қаншама сыр бар.Туған жер дегенде жүрегім дүр-дүр соғып, елге, жерге деген нәзік сезім пайда болады.Осы патриоттық сезім әр адам үшін алтындай бағасыз, маңызды. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру.......
Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационализациясы жұмысшы күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда. Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді. ....
Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіые бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше — жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60 см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын. Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. "Түркістан сабынды тамыры" деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын. Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді. Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.....
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі. Мемлекеттегі күштеу шарасы –заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан ауытқу. Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара .Бұлтартпау шарасы –айыпкерге –(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды. Қылмыстық процесс ғылымы саласында «бұлтартпау шарасы» институты диплом жұмысы ретінде алынуы , тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық тұрғыдан өзектілігі басым. Дипломдық жұмыстың мынадай мақсаттары басты назарда болады- бұлтартпау шарасынының ұғымын,мәнін ашу: бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде-қамауға алудың теориялық және практикалық орнын айқындау: қамауға алудың қолданылу тәртібін, адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылықкепілдемесін басшылыққа ала отырып заңсыз қамауға алуды болдыртпау: алдын ала тергеу кезіндегі тергеушінің қамауға алуға байланысты шешімін прокурордың қадағалауын жүзеге асыру. Зерттеу жұмысының теориялық базасына – И.С.Ахпанов, Б.К.Төлеубекова, Т.Е.Сәрсенбаев, В.В.Смирнов, И.И.Петрухин сиқты қылмыстық процесс саласында танымал ғалымдардың көзқарастары негіз болды. Сондай-ақ дипломдық жұмыс жазу барысында Қарағанды облысы Жаңаарқа Ауданық ішкі істер бөлімінің материалдары қолданылып,қамауға алу-бұлтартпау шарасының түрі ретінде тәжірибедегі қолданысына талдау жасауға талпыныс жасалды. Бұл қылмыстық іс жүргізу кодексінде, арнайы заңдарда көрініс тапқан. Қамауға ұсталғандарға кепілдік ретінде мына төмендегілерді көрсетуге болады: 1. Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету; 2. Жеке тұлғаланың жеке басына қол сұқпаушылықты шектеген кездегі міндетті түрде заңда көзделген мерзімді белгілеу; (2 ай). 3. Азаматтарды қамауға алған кезде процессуалдық тәртіпте қамтамасыз ету; 4. Айыпталушы (сезіктіге) қатысты кінәсіздік презумпциясын қарастыру және дәлелдеуде шектен шықпау. ....