Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы: Кімнің мекені жақсы? Оқу мақсаттары: 2.2.3.2 Жоспар/ иллюстрацияны негізге алып мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау. Сабақ мақсаттары: Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндау, сахналау......
Көбінетуаболған гипотрофиякездеседі,оның себебі анасыныңсоматикалық және гинекологиялықаурулары, ата-анасыныңзияндыәдеттері "алкоголизм, темекі шегу”,өндірістік зияндылықтар болуы мүмкін.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Экономикалық көзқараспен қарағанда банктің меншікті капиталының қаражатының былай бейнеленеді: 1. Несиелік ұйымдардың қоры. (жарғылық, резервтік, қорланым қоры, тұтыну қоры). Қордың құрылу көзі алдыңғы кезеңдегі таза пайда болып табылады. Қорлар баланс шоттарының 102-107 бөлімінде көрсетілген. 2. Банктің таза пайдасы. Таза пайда банктіңағымды табысымен және ағымды шығысы + алдыңғы кезеңдегі пайда – қолданылған пайда. 3. Тәуекел резервтері. (қарыз мүмкін болған резерв, бағалы қағаздарды құнсыздандыру резерві, басқа да міндеттемелер бойынша резерв). Баланстар бұл резервтік синтетикалық шоттар бойынша пассивті қалдықтар түрінде беріледі, онда бағалы қағаздар мен несиелерге салынған салымдар көрсетіледі. Мысал: 45501- 30 күнге дейін жеке тұлғаларға несие (актив), 45508- осы несиелер бойынша резерв (пассивті қалдық). Меншікті қаражаттарға сондай-ақ болашақ кезеңдегі шығыстың көлеміне бағытталған. Сондай-ақ, коммерциялық несиелік ұйымдарда меншікті қаражаттың (капитал) есеп-айырысу әдісі несиелік ұйымдардың №.31-П 1998 жылдың 1 июнь айында жалпы белгіленген меншікті капиталды анықтау әдісі белгілеген. Осы әдіске сәйкес, несиелік ұйымның меншікті қаражаттары негізгі және қосымша капитал сомасы болып есептелінеді. Өз кезегінде, негізгі капитал келесі сатылардан тұрады: 1. жарғылық капитал; 2. аудитормен бекітілген несиелік ұйымдардың қор бөлігі; 3. бағалы қағаздар салымының құнсыздану резерві, оның ең негізгісі несиелік ұйымдардың акциясындағы салым резерві; 4. аудитормен бекітілгенболашақтағы пайда. Негізгі капитал материалдық емес активтерінің көлеміне, меншікті акциясына, акционерлердің сатып алғанына және шығындарға байланысты азайып отырады. Қосымша капитал өзіне мыналарды енгізеді: 1. 01.01.97 жылға дейін бағалау шоты бойынша жасалған мүліктің өсімі; 2. 1-ші топ тәуекеліне қатысты қарыз бойынша резерв (төменгі тәуекел); 3. несиелік ұйымдардың қалған қор бөлігі (негізгі капиталға кіре алмағандар); 4. аудитормен бекітілген пайда; 5. Субординарлық несиелер (заимдар).....
18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес. Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды. “18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде: 1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы; 2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып; 3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер -сөз болғандығын айтады. Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады....
XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті. Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп нығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды. Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді. ....
ХХІ ғасырға аяқ басумен бірге адамзат халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңіне де аяқ басты. Ол халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуі, халықтар достығы мен ғаламданудың дамуы арқылы көрінді. Халықаралық қауымдастық ірі интеграциялық байланыстарға, көп мәселені алдын ала болжап білуге ұмтылып, соған сай түрлі ұйымдардың жұмыс механизмдері нығайды. Ұлттық деңгейден жоғары ұйымдар да жаппай күшею үстінде, ал бұл — алға қарай табысты жылжудың алғышарты.
Ғаламдану заманында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде бірте-бірте ғаламдық мәселелерді шешуге ұйысатын ұйымдардың тәжірибесі мен қызметін зерттеудің маңызы зор. Даму неғұрлым жылдам қарқынмен жүрген сайын халықаралық қауымдастық та құлағын түріп отыруға мәжбүр, өйткені дамумен бір мезгілде қауіп-қатер де бой көтереді. Халықаралық қатынастарды демократияландырудың негізгі алғышарттарының бірі жәрдемдесу принципі екенін есепке алсақ, түрлі қауіп-қатерлер ең алдымен аймақтық ұйымдарға жетеді. Ал Африкалы Одақ (АО), яғни бұрынғы Африкалық Бірлік Одағы бүгінгі таңда Африка құрлығындағы барлық мемлекеттердің басын біріктіріп отырған бірден-бір аймақтық ұйым.
Жұмыстың хронологиялық шегі біз қарастырып отырған ұйымның, яғни АБО-ның қызмет ету уақыты негізінде анықталады. Ал 1963 жылы африкалық ынтымақтастық және бірлік принципі негізінде құрылған АБО алғаш құрылған күнінен-ақ Африка мемлекеттерінің отаршылдық езгіден, тәуелділіктен тұтастай арылуы үшін күресті. Оның жұмысы да соған негізделді. Ұйым жұмысындағы екінші басым бағыт апартеидтік режимді және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін түп орнымен жою болды. Ұйым бұл орайда кереметтей табандылық және батылдық танытып, құрлықтағы барлық мемлекеттердің тізесін біріктіре алды. Сол арқылы жаңа айтылған мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың да назарын аудартып, соның арқасында ойға алған мақсаттарын табысты аяқтады. Қарулы күрес тәсілдері мен дипломатиялық акцияларды шебер үйлестіру арқылы 1990 жылдардың бас кезінде құрлықтағы отаршылдықты күл-талқан етті. Қазіргі таңда АО-ның (АБО-ның қазіргі атауы) Африка құрлығындағы халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзіндік орны бар. ....
Гибридологиялық әдісі алғаш рет австриялық ғалым Г.Мендель тарапынан қолданылды (1865). Ол тәжіребиелерінде өздігінен тозаңданатын асбұршақ өсімдігін қолданды. Мендель бір-бірінен бір, екі және одан да көп белгілер бойынша ажыратылатын таза іріктемелерді (гомозиготаларды) будандастырды. Сөйтіп, ол бірінші, екінші және т.с.с. реттік ұрпақ типтерінің статистикалық арақатынастарын математикалық жолмен зерттеді. Алынған нәтижелер бойынша тұқым қуалаушылық заңдары ашылды.
1) Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы (Мендельдің бірінші заңы) Г.Мендель тұқымды сары асбұршақ өсімдігін тұқымы жасыл асбұршақпен будандастырды. Екеуі де таза іріктемелер, яғни гомозиготалар еді. Гибридті бірінші ұрпақтың біркелкілік заңы - Мендельдің бірінші заңы: таза іріктемелер будандастырылғанда гибридті бірінші ұрпақтың барлығының фенотиптері бірдей болады. Бұл бірден фенотипте көрінген белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті белгі деп атады. 1) Күлгін гүлден алынған аталықтар 2) Ақ гүл аталықтарынан алынған тозаңдар күлгін гүл аналығына тасымалданады. 3) Тозаңданған гүлден жетілген бұршаққын. 4) Бұршаққыннан шыққан дәндер егілді. 5) 3ерттелінген ұрпақ: барлығы күлгін гүлдер.....
Құс шаруашылығы пәнінен мен құс өнімі «Жұмыртқа» тақырыбы туралы курстық жұмыс жаздым. Курстық жұмыс 20 беттен құралған. Онда мынадай тақырыптар қарастырылады. Негізгі бөлімде: Жұмсыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні, жұмыртқа өнімінің сапасына қойылатын талаптар, жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама деген тақырыптарды қамтиды. Техника қауіпсіздігі мен қорытындыға да толық түсінік берілді. Бірінші кестеде - жұмыртқаның химиялық құрамы туралы жазылған. Екінші кестеде - жұмыртқаның сапасын бағалау әдістерінің жіктелуі туралы жазылған. Жұмыртқа өнімі туралы суреттер қосылды. Осы тақырыпқа байланысты қолданылған әдебиеттер тізімі жазылған. ....
Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғаларда азаматық – құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы), Заңды тұлға дегеніміз – бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға инстиутын практикалық маңыздылығы мынада: “заңды тұлға құрылташыларының өз кәсіп керлік тәуеклін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеуе мүмкімдігі бар”.....