ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ТӘН ОРТАҚ БЕЛГІ Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар: Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады. Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). .....
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі. Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау. Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмас еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. ....
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау Сабақтың тақырыбы:Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1 Зейін қойып тыңдау 1.1.1.1 Зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. 3.3 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау 1.3.3.1 Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды. Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Зейін қойып тыңдайды. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды. Көбі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және есте сақтайды. Кейбірі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды түрлі контекстегі сөздермен молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және өз бетінше түсіндіре алады.......
Май тіні мен гипоталамус өзара дабылмен (сигналмен) алмасып тұрады. Осыдан адамның тәбеті, тағамның бойға сіңуі, энергияның шығындалуы мен дене салмағының мөлшері байланысты болады. Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус болып есептеледі. Оның вентролатералдық ядроларында «аштық» сезімінің орталығы, ал вентромедиалдық ядроларында «тойыну» сезімінің орталығы орналасқан. Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді. Жануарлардың вентролатералдық ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып, олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады. Ал, олардың вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да олар тамақты көп жеп, қатты семіріп кетеді. Ішек, әсіресе ұлтабардың гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде өндіріліп, адамның аштық сезімін басады. Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет ететіні белгілі болды. Ол зат арэнтерин – деп аталды. Бірақ ол әлі таза күйінде алынған жоқ. Сондай-ақ холецистокинин де аштық сезімді азайтып, тәбетті төмендетеді. Ол гипоталамустың вентролатералдық ядроларына тікелей немесе ішек-қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді. Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің, соматостатиннің, нейротензиннің, кортиколибериннің, тиреолибериннің, қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де байқалады. Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді. Эндорфиндер мен энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі. Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды. Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды, гормондарды қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады. Солар арқылы адипоциттер денедегі жүйкелік-эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады. Содан бұл жасушаларда май түзілуі мен оның ыдырауы аралығында қатаң тепе-теңдік сақталады. Адипоциттер көптеген гормондық заттар өндіріп шығарады: - цитокиндер (олардың ішінде қан өндіретін-гемопоездік жасушалардың өсу факторын) өндіреді, олар сүйек кемігінде жасушалардың өсіп-өнуі мен нақтылануын қадағалайды; - «тоқтық» жағдайда, әсіресе ішкі ағзалардың адипоциттері, май түзілуін тежейтін кахексин (өспені жоятын фактора) өндіреді, ол инсулинге қарсы әсер етеді. Инсулинге тәуелді қантты диабет кезінде осы кахексинді адипоциттер артық шығарады. Ол бауырға, гипоталамусқа әсер етіп, төмендетеді және организмде ыдырау үрдістерін күшейтеді; - жыныстық гормондар (эстрогендер мен андрогендер)өндіреді. Дененің төменгі жақтарында орналасқан май тінінің адипоциттері эстрогендер шығарады. Еркектерде олардың артық өндірілуі гинекомастия және белсіздік дамуына ықпал етеді. Өйткені олар гипоталамусқа әсер етіп, гонадолиберин өндірілуін кемітеді. Содан денедегі тестостеронның деңгейі төмендейді; - «тоқтық» жағдайда адипоциттер пептидтік гормон лептин өндіреді. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні Сабақ тақырыбы:Қуыршақ көріністерін жасау (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, сөйлемді суретпен толықтырып жазу/ постер құрастыру/ берілген иллюстрация бойынша мәтін (3 сөйлемнен кем емес) құрау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша мәтін құрайды. Көптеген оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша мәтін құрайды. Кейбір оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша жүйелі мәтін құрайды.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында Сабақ тақырыбы: XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру; Сабақтың мақсаты: Патша үкіметінің 1867-68 жж әкімшілік реформаларының жүргізілу себептері мен барысы туралы түсіну.
Пән: Ұазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы этногенез және көп ғасырларлық этникалық үдерістерді түсінеді.....
Түркістан комитеті -Уақытша үкіметтің Түркістан өлкесіндегі жергілікті органы. Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 7 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған бұл органға Түркістан өлкесінде туындаған мәселелерді шешу, орталық билік атынан басқару міндеті жүктелді. 9 адамнан тұратын Түркістан комитетіне кадеттер партиясының белсенді мүшесі Н.Н.Щепкин төраға болып тағайындалды. .....
Автофлуоресценция (грек, autos — өзім, өздігінен; fluoris — жарық; лат. escent — әлсіз эсер) — гистологиялық жонындыларды флуоресцентті микроскоппен ультракүлгін, күлгін немесе көкшіл сәулелермен зерттеу кезінде, жануарлар организмі үлпаларының құрамындағы заттардың сөулелі қуат әсерінен қозуы нәтижесінде зерттеу нысанының өздігінен қысқамерзімдік жарықтану қабілеті. Нысанның жарықтануы жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында байқалады .....