Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғасырлар қойнауынан Сабақ тақырыбы: Бабалар мұрасы. Қара құлып Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.4.1 тақырып бойынша дәлелдер келтіре отырып, өз ойын түйіндеп айту; 5.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша себеп-салдарын анықтауға және шешім табуға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. Сабақ мақсаттары: *Тақырып бойынша өз ойымызды толық, түсінікті жеткізіп, мәтін мазмұны бойынша себеп-салдарын анықтауға және шешім табуға негізделген сұрақтар қойып үйренеміз......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл Сабақтың тақырыбы: Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі. Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 генетикалық материал ДНҚ-ның хромосомадағы рөлін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: ДНҚ орналасуын біледі. Хромосома саны бойынша түрлерін ажыратады. Көпшілігі: ДНҚ рөлін түсінеді. Оның құрылысын толтыра алады. Кейбір оқушылар: Геннің рөлін түсіндіреді. .....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электрлік және магниттік қасиеттер - электр өрісі Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Бұранда ережесі. Магнит индукция векторы. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 –магнит өрісін сипаттайтын физикалық шамасының мағынасын түсіну; Сабақтың мақсаты: Оқушылар орындай алады: • магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну; • магнит күшінің тогы бар сымға бағытын анықтау үшін сол қол ережесін пайдалану......
Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру - тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 % (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 - 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады. Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200 аса әр - түрлі зат алынады. Мақта осы кездегі Орта Азия республикаларында, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу територияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказья мен Балқанда мақта б.з. 10-11 ғасырларында егіле бастаған. Қазақстанның мақтасына келсек, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген, Келес, Киров, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан аудандарында өсіріледі. ....
Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі.
Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер аызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.
Айқындалуы: Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:
ойын - бала өмірінің нәрі Ойын балалар өмірінің, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, саналы білікті болуы міндетті.
Балаларға ақыл - ой адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Қай бала болсын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», Ойында озған, өмірде де озады. Деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғаса береді. Ойындардың негізгі мақсаты - балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтауы мен қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалап, құрметтеп, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтайды, қалыптастырады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп. .....
Абай бала кезінде ширақ, пысык болмағанымен, елдегі шешен, ақьін, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зерекгігімен, ынтальшығымен ерекшеленген. Шортанбай, Дулат, Бүкар жырау, Марабай, Шөжелерді тындап өскен. Анасы Үлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.Юн-ың ағасы (әкесі Түрпанның інісі) Тонтайдың влерінде қожа-молдаларға кдрап: "Жазыла-жазыла қожамолдадан да үят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел боп кеткен. Қүнанбай қажының да кеңінен толғап сөйлер терендігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшьшардың да назарына іліккен; қ.Янушкевич. Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе сал-дырып, өзінін және туыста-рының балаларын оқытқан. А. сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Рабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы каладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бүл түста М.О. Әуезовтің "Өзі түстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейіңді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бірақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа карамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дөріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондыкган барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соңақ тез есейіп, ілім куған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі ақындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына дейін есінен шықпаған, ұмытылмаған" деген түжырымы болашакұлы акынның қалыптасу кезеңін айғақтайды. А. бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы баскаларды оқыса, екінші жағынан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щед-рин,. Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізді. Есейген шағында, осы езі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дөрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне өсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлендері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай А-дың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне ара-ласуға баулиды.....
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді. Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес. Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс алады. Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады....
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-кдтынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады. Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылықка құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс. Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері: Бірінші – құқық қоғамның объективтік-диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам дағдарысқа ұшырайды ....
Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынас жасап отыратын екі тұлға бар. Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады. Мұғалім өзі оқытатын пәні бойынша материалдарды каншама жақсы біліп, оны алуан-түрлі әдіс-тәсілдермен, құрал-дармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тындағысы келмесе, іс нәтиже бермейді. Қазіргі күнде қоғам аддына қойылып отырған, халыққа білім беру саласы алдына қойылып отырған негізгі мәселелер: мектепті қоғам талабына сай қайта құру, адам факторын жандандыру, демократияландыру, ізгі-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне сай болу керек. Осы мәселелер жүзеге асырылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы өз дәрежесінде нәтижеге жетеді. Сондықтан да оқушылар мен мұғалімдер арасындағы мәдени - қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы. Ол: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет. Педагогикалық қарым-қатынас-мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын кәсіптік-мамандық қатынасы. Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік дәуірдегі көрнекті педагогтар А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский т.б. Өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелденген болатын. Мысалы, А.С.Макаренко оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас "Баладан дұрыс талап ете білу, оның жеке басын құрметтей білу" принципінде құрылу керек деген болатын. В.А.Сухомлинский баламен қарым-қатынас жасай білу тіл табыса білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді. "Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз - ойластырылған, мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. Мұгалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді. Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс ұйымдаспаған педагогикалық қарым-қатынас балаларды қорқақ, жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз қасиетке бағыттайды. Балалардың жұмысқа деген ынтасы, ықыласы төмендейді.....