Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады .....
Қанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.
Қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері.
Қанайналым жеткіліксіздігі мына түрлерде байқалуы мүмкін:
1. Айналымдағы қанның көлемі қатты азаюынан дамитын гиповолемиялық қанайналым жеткіліксіздігі:
2. Жүректің өзінің қызметі бұзылудан немесе жүрек әлсіздігінен дамитын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі;
3. Қан тамырлары қызметінің бұзылуынан, тамыр қызметі жеткіліксіздігі;
4. Жүрек-қан тамырлары қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігі.
Қанайналым жеткіліксіздігі: қауырт (тез дамитын) және созылмалы (баяу дамитын) болып екіге бөлінеді. .....
Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Индустриалды-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы республикамыздың индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасады. Экономика салаларының әр тараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолымен елдің тұрақты дамуына бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық даму стратегиясы» постиндустриалды экономикаға алғашқы қадам болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі берілген саясаттың басты бағыты. Индустриялы-инновациялық бағытты нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық - экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын зандық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.....
Тақырыбы: «Солдан-оңға» Мақсаты: Білімділік: Сан атауын заттарды көрсете отыра сәйкестіруге үйрету. Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік жұмыс: Текше, күлгін Көрнекі құралдар: 1-5ке дейінгі сандар, көрнекі суреттер. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті Қызығушылық және ынталандыру кезеңдері Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады. Балалар тәрбиешіге назар аударады. Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып жылулық шеңберін құрады. - Балалар, қараңдаршы менің қолымда не? - Иә, гүлдер қандай? - Қазір мен сендерге бір-бірден гүлдерді таратып беремін, сендер сол гүлді бір-біріне әдемі тілектерінді айта отырып, ұсынасыңдар. - Ой, менің қолымда көп гүлдер жиналып қалыпты! Рахмет сендерге, балалар! Сендерге осы гүлдер сияқты жайқалып өсіңдер! - Енді сәлемдесіп алайық. - Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз. - Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті ҚМҰҚ. Тақырбы: Солдан-оңға Тосын сәт. Айдана жылап кетіп бара жатады. Оны тәрбиеші тоқтатып: - Айдана бұл сенбісің? - Иә, мен – Айданамын. - Балалар, мынау – Айдана! - Сәлеметсіңдер ме балалар?! - Айдана сен неге жылап кетіп бара жатырсың?
- Неге?
- Сен балабақшаға бардың ба? - Болды жылама, бүгін біз балалармен сандарды үйренгелі жатырмыз. Біздің балалар саған көмектеседі. Балалар сендер Айданаға көмектесесіңдер ме? - Айдана сен мына жерге балалармен бірге отыр, сабаққа қатыс. - Балалар мынау қандай сан? - Дұрыс, ал мынау не? - Қарбыз нешеу? - Мынау қандай сан? - Иә, ал мынау не балалар? - Ол нешеу? - Мынау қандай сан? - Дұрыс, мыналар нелер? - Олар нешеу? - Иә, қандай сан? - Дұрыс, мынау қандай пішін? - Олар нешеу? - Дұрыс, қандай сан? - Иә, мынау не? Олар нешеу? - Дұрыс, жарайсыңдар балалар! Тағы да менде жақсы, әдемі заттар бар. Мынау не ? - Менің қолымда неше кітап бар? - Дұрыс, ал мынау не? Нешеу? - Иә, ал мынау не? - Лентаның неше түсі бар? - Дұрыс, ал мынау нелер? - Иә, дұрыс бірақ та ол орысша. Ал қазақша ол – текше деп аталады. Қане текше деп айтайық. - Менің қолымда неше көбелек бар? - Дұрыс. Балалар текшелер көп пе, әлде көбелектер көп пе? - Қайсысы аз? - Енді балалар сендермен қызықты бір ойын ойнайық. «Қай сан жоқ?» атты ойын. Мен бір санды жасырамын, сендер тауып алуларың керек. Қане, көзімізді жұмамыз.(тәрбиеші бір санды тығып қояды) Қай сан жоқ? - Дұрыс, тағы да жасырып көрейін. Енді мен Айданадан сұраймын. Қай сан жоқ? - Бес - Дұрыс Айдана. Үйреніп қалдың ба? - Иә, үйреніп қалдым. (Ойын осылай жалғасын табады.)
-Гүлдер
- Әдемі Балалар бір-біріне әдемі тілектерін айтады.
- Рахмет!
- Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Жер Ана! Сәлем маған, сәлем саған! Балалар өз орындарына барып отырады.
- Сәлеметсіз бе?!
- Өйткені мені мектепке алмай қойды. - Мен сандарды, пішіндерді білмеймін. - Жоқ, мен барған жоқпын, әйтпесе білер едім.
- Иә, көмектесеміз.
- Жарайды, рахмет!
- Бір - Қарбыз. - Біреу. - Екі - Бұрыш - Екеу. - Үш. - Қояндар. - Қояндар үшеу. - Төрт. - Дөңгелек
- Төртеу. - Бес. - Доп. Доптар бесеу.
- Кітап
- Бір кітап бар.
- Екі жұмыртқа.
- Лента. - 3 түсі бар. Сары, көк, қызыл. - Кубиктер.
Халықтың асыл қазыналары – ауыз әдебиеті аңыз - әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздерден тұрады. Балалардың ақыл - ойын дамытуға аңыз – әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату, ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл - ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл - ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. .....
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді. «... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды» Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды. Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды. Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.....
Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!! Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ. Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.....
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі-су.Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп,онда болатын зат және энергия айналымына қатысады.Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп,шөлдеп,аяқ-қолы дірілдей бастайды,20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды.Бір адам70жылда орта есеппен 50тонна су ішетіні көрінеді. Су-түсі,исі және дәмі жоқ сұйық зат,жақсы ерітуші,үстіңгі кернеуі өте жоғары,айқын капиллярлық(жіңішке түтікпен сұйық заттын жоғары көтерілуі)қасиеті бар.Осы қасиеті топырақтағысу ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы.Жер шарында сулар үнемі қозғалыста болып,барлық бос сулар.олардың агрегаттық(сұйық,бу, мұз түрлерінің,жиынтық атауы)күйіне қарамастан,жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.Жер шарының сулы аудандарының жиынығын гидросфера деп атайды.Гидросфераға мұхиттар,теңіздер,өзендер,тоғандар,ми батпақ,топырақтығы,жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.Дүние жүзінің3/4бөлігі су.Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5есе артық.Гидросфера биосфераның басқа бөліктері-литосфера(жер асты сулары),атмосфера(булы дымқыл)және оларда тіршілік ететін тірі организімдермен тығыз байланысты.Гидросфераның жалпы көлемі 1455миллион километр квадрат. Жалпы су қорының 97,5проценті тұзды минералды болып келеді.Теңіз(мұхит)суларын ерітінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35г/кг.Менделеев периодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында кездеседі.Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий,магний,кальций катиондары мен хлорид, карбонат…сульфат аниондарын жатқызуға болады.Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардікімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен,олардың теңізбен теңіздегі тірі организімдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организімдер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты,фосфорды,кремнийді ерекше атап өтуге болады.бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлармен өсімдіктер. Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5процентің құрайды,немесе35млн.км3.Бұл сулардың орташа тұздылығ 1г/л аспайды.Планетаның әр тұрғынына келетің тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м3.Тұщы сулардың 30проценті жер астындағы сулар.Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтар,Арктика мен Антарктида мұздарында-97процент.Антарктидада мұздың ең қалың 4.78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ен таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген.Оның мөлдірлігі тазартылған судікіндей.Жер шарыедағы барлық өзендер 650-700жыл ішінде қанша су берсе,тау мұздарында да сонша су бар ....
Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/ сөйлемдердің мағынасын түсіну. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын мұғалімнің көмегімен түсінеді. Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады. ...