Қарасақал, Қарахан, Шона (шамамен 1705 — 1749) - батыр. Шыққан тегі белгісіз. Кейбір деректер бойынша - башқұрт. 1735 жылдан бастап Ресей үкіметіне қарсы күресті. Ал- дымен И.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясына қарсы шықса, 1740 жылы башқұрттар көтерілісін басқарды. Көтеріліс талқандалғаннан кейін, қазақ даласына келіп, Орта Жүзді паналады. Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қаракерей Қабанбай батырдың қол астындағы .....
Аман Смағұлұлы Шабдарбаев (1.8.1950 жылы туылған, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы) - генерал-лейтенант (2002). ҚР ҰҚК-нің төрағасы (2005), Қазақ дене тәрбиесі интитутын (1974), КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін (1977), ҚазПИ-ді (Қаз- ҰПУ) (1996) бітірген. 1976- 87 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарды. 1992-95 жылы ҚР Президентін қорғау қызметі .....
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады .....
Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.). VIІ ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды. VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа бірігуі аяқталды. Омейядтардың баскару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды. 640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де, қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. ....
Бүкіл көшпелі түркі халықтарына ортақ, көне заманда тасқа жазылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, оғыз заманында пайда болған “Оғызнаме”, “Қорқыт ата кітабы”, ноғайлы дәуіріне жататын “Қоблынды батыр”, “Ер Тарғын” эпостары”, Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін қорғаған Қабанбай батыр, Амангелді батыр да, Бөгенбай батырлар туралы тарихи жырлар, отаршылдыққа қарсы күрескен Кенесары, Сырым, Исатай батырларға арналған дастандар сияқты мол қазынамыз бар. Бірақ осы кезге дейін батырлар жеке тұлға ретінде ғана қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және әлеуметтік мәні дұрыс түсіндірілмей келеді. Адамзат қауымы қоғам, ел, мемлекет болып қалыптасқаннан бастап жаңа заманға, азаматтық қоғамға дейін, барлық халықтарда қоғамның негізін, үш үлкен әлеуметтік жіктер құрап келді. Олар - қоғамның негізгі қажеттіктерінен туындаған және сол қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет ететін, қоғамдық еңбек бөлісі барысында қалыптасқан кәсіби әскерилер әлеуметтік жігі (“әскери сословие”), дін қызметшілері (“діни сословие”) және түрлі еңбек иелері, яғни саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар және т.б., Еуропада бұл “үшінші сословие” деп аталды ....
Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде,олардың химиялық құрылыстарына ,функционалдық белсенді топтастардың бар болуына ,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жақындасу дәрежесінен ,молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады.Сонымен ,иондық айланыс кезінде ,2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері,олардың арасындағы аралықтардың квадратына кері пропорционал,ал ван-дер-ваалисьтік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатын белгі. Зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі ,яғни комплементарлығы өте маңызыды.Осылайша,и D+ адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L- адреналинге қарағанда елсенділігі жағынан анағұрлым төмен.Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді,олардың адренорецепторлармен өзара байланасуына шешуші маңызы бар. Егер заттың ірнеше функционалды топтастары бар болса ,онда олардың арасындағы аралықты ескерген жөн. Заттың химиялық құрылысы және олардың биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады . Сонымен қатар ,бірдей типті әсерлі әртүрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді Заттар әсерінің көптеген сандық және сапалық сипаттамалары физико-химиялық және физикалық қасиеттеріне,суда,липидтерде ерігіштігіне ,ұнтақ тәрізді қосылыстар үшін-олардың еру дәрежесіне ,ұшқыш заттар үшін –ұшу дәрежесіне де тәуелді болады. Диссоцияциялану дәрежесінің маңызы зор .....
Ғылыми - техникалық прогресс әртүрлі есептеу машиналарын құруға себеп болды. Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, макро-ЭЕМ-дерге және дербес комьпютерлерге (ДК) бөлінеді. Үлкен ЭЕМ - дер – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ - дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ - дер қызмет көрсетуі мен құрал - жабдықтарының құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады. Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет. Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, програмалық қамтамассыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Микро ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборатория да жеткілікті. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайданушылар деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білу қажет емес. Кәдімгі ДК көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90 - жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділігі жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер саны әрекетінің барлық салаларына қолданылады.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау Сабақ тақырыбы:Дене мүшелері – идеяларды есте сақтау (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді. Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын толықтай түсінеді.......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың айлакерлігі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А4 Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. ӘТН2 Пікіралмасу кезінде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі. Көптеген оқушылар: Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі. Кейбір оқушылар: Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі......