Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бірлік күні №10 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Бірлік күні №10
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді, жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді, жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін дәлелдейді, жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша/жазбаша тілде еркін қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туристік жарнамалар (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Туристік жарнамалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу
Сабақтың мақсаттары: Мәтін құрылымын сақтай отырып, кестедегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Қасиет пен қасірет (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиет
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қасиет пен қасірет
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері 2-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 9.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру;
9.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: • Транспирация ұғымын түсіну;
• Сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттейу;
• Транспирация кезінде жүретін процесстерді және қандай механизмдер жүретінін сипаттау.
• Жасаған зертханалық жұмыс бойынша нәтиже шығару.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақстан тарихы | Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі

Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі - қазақ өкілдерінің 1916 жылы 7 тамызда Орынбор қаласында еткен кеңесі. Ол Орынбор генерал-губернаторы Эверсманның рұқсат етуімен өтті. Оған Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстарының қазақ өкілдерімен бірге Алаш қозғалысы қайраткерлері де қатысты. Кеңесте 1916 жылғы 25 маусымдагы патша жарлығына сәйкес соғыс майданының тыл жұмыстарына қазақтардан адам алу мәселесі қарастырылды. Кеңеске жиналғандар төрағалыққа Ә.Бөкейхановты, хатшылыққа М.Дулатов .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Менің отаным – Қазақстан

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Алюминий

Алюминий – (лат. Aluminum ) Al – Д.И. Менделеевтің периодтысистемасының III тобындағы хим. элемент, рет нөмірі 13, атом массасы 26,9815. Алюминий атомының сыртқы электрондық қабатында 3 электрон болады. Алюминий деген ат ашудастардың лат. тілінде « alumen» деп аталуынан шыққан. Жер қыртысы салмағының 8,80%-ті – алюминий. Ол – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, жаюға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2698,9 ; балқу t 660,24°С; қайнау t 2500°С; коррозияға берік, қалыпты темпратурада тұрақты, себебі оның бетін алюминий тотығынан тұратын жұқа қабыршақ қаптайды, ол алюминийді одан әрі тотығудан қорғайды. Алюминийдің атомдық радиусы 1,43 , иондық радиусы 0,57 . Алюминий барлық тұрақты қосылыстарында үш валентті. Бір, екі, үш электронын беруіне байланысты оның иондану потенциалы 5,984; 18,82; 28,44 эв-қа тең болады. Алюминий – актив металл, кернеу қатарында магний мен мырыштың аралығынан орын алады. Алюминий – амфотерлік элемент, ол қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі, сутек бөлінеді. Ауадағы оттекпен қалыпты температураның өзінде–ақ қосылады. Галогендермен әрекеттесіп, AlГ3 (Г-галоген) – галогенидтер деп аталатын түссіз қосылыстар түзеді. Алюминий өте жоғары температурада күкіртпен әрекеттесіп, түзеді, ол – оңай гидролизденетін ақ түсті кристалды зат. Алюминий жоғары температурада азотпен нитрид деп аталатын (AlN) ақ түсті кристалл түзеді, ал көміртекпен әрекеттесіп AlC3 карбидін береді, ол ашық сары түсті. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар.Алюминий алуға жарайтын табиғи қосылыстар: боксит ( ), нефелин , алунит .Бұлардың ішінде алюминий алу үшін негізгі шикізат – боксит. Алюминий осы кезде өнеркәсәпте көбіне балқыған криолиттегі алюминий тотығының ( ) ерітіндісін 950 0С шамасында электролиздеу жолымен алынады. Алюминий – металдардың ішіндегі практикалық маңызы өте зор металдың бірі. Ол негізінде жеңіл құймалар өндіру үшін жұмсалады. Алюминий құймалары авио, авто, кеме, темір жол және хим.аппараттар жасауда т.б. салаларда қолданылады. Тех. Сапасы жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий.. Бұл құйманың құрамында 94 % шамасындай алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады. Алюминий таза металл түрінде электротехникада ток өткізгіш сымдар, химиялық аппаратура, сондай-ақ күнделікті тұрмыста шаруашылыққа қажетті бұйымды дайындау үшін, басқа металдарды ауа коррозиясынан қорғау үшін қолданылады....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері

Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Семіру Кахексия

Май тіні мен гипоталамус өзара сигналмен алмасып тұрады.Осыдан адамның тәбеті,тағамның бойға сіңуі,энергияның шығындалуы мен дене салмағының мөлшері байланысты болады.
Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус есептеледі.Оның вентролатералдық ядроларында аштық сезімінің орталығы,ал вентромедиалдық ядроларында тойыну сезімінің орталығы орналасқан.Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді. Жануарлардың вентролатералды ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып,олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады.Ал,олдардың вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да,олар тамақты көп жеп,қатты семіріп кетеді.
Ішек,әсіресе ұлтабардың гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде өндіріліп,адамның аштық сезімін басады.Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет ететіні белгілі болды.Ол зат арэнтерин –деп аталады. Бірақ ол таза күйінде әлі алынған жоқ.Сондай-ақ холецистокиннен де аштық сезімді азайтып,тәбетті төмендетеді.Ол гипоталамустың вентеролатералдық ядроларына тікелей немесе ішек қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді.Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің,соматостатиннің неротензиннің,кортиколибериннің,қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де байқалады.Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді.Эндорфиндер мен энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі.
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды.Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды,гормондарды қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады.Солар арқылы адипоциттер денедегі жүйкелік –эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қоршаған орта.
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні.
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)
Сабақ мақсаты: Жануарларды қорғау тақырыбы бойынша эссе жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0