Сабақ:Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын Тақырыбы: Мен салат жасаймын. Оқу мақсаттары:1.2.4.1 Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау. 1.1.3.1..Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес суреттер таңдау. 1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сабақ мақсаты: Бағалау критерийлері 1. Жаңа сөздерді түсінеді, қайталайды, оқиды. 2.Салат жасау үшін қандай көкөністер керек екенін айта алады.......
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем» Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең оқимын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтеме)1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек: Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі. Оқушылардың көбі жасай алады: Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Буындап оқиды, сөйлемдер құрайды. Оқушылардың кейбірі жасай алады: Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөздерді еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрайды......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер(Бекет Ата жерасты мешіті, Ақмешіт үңгірі) Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу Сабақтың мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін құру....
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ Сабақ мақсаты: А/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу....
Пән: қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Шығармашылық иірімдері Оқу мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу. Сабақ мақсаты: Оқушылар: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.2.6 адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады 8.2.1.2- географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды Сабақ мақсаттары: Адамның әрекетінен климаттың өзгеруін түсіну....
Сабақтың мақсаты: Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру, киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға, балаларды су мен сабынды пайдалана білуге үйрету. Қуыршақты шомылдыру барысында балалардың тілін дамыту, ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: қуыршақ, ванна, ыдысқа құйылған жылы су, сабын, орамал, қуыршақты шомылдыруға арналған құралдардың суреттері. Әдіс-тәсілдер: Көрсету, таныстыру, түсіндіру, үйрету, сурет бойынша әңгімелеу. Жаңа сөздер: жылы, көпірді Сабақтың барысы: Балалар жарты шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді. Сәлем, сәлем, басым, Сәлем, сәлем, көзім, Сәлем, сәлем, бетім, Сәлем, сәлем, балалар, Сәлем, сәлем, апайлар. Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру» деп аталады. Қазір біз шомылдыруда пайдаланатын құралдармен танысамыз. Тақтада алдын ала ілулі тұрған түрлі-түсті суреттерге балалардың назарын аудару. Есік қағылады. .....
Синтаксис -¬¬¬¬¬ грамматиканың өзекті саласының бірі, ол сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылымын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: 1.Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлем синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар олар да синтаксистен байланысын үзбейді. Сөз тіркесі- сөйлем құраудың материалы да, сөйлем- адам ойын айтудың негізгі формасы. Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын- сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздер өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің тіркесе алу қабілеттілігі олардың басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі. Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстңне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады. Мысалы, екі кейде одан да көп сөздер тіркесіп, бір лексикалық түйдек жасалады(аққайың, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөздер тіркесіп, синтаксистік тізбек жасалады(нұрлы әлем, күн сайын келу т.б.). Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика- грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана «сөз тіркесі» деп есептеледі. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек: 1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады. 2. Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады. 3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің не түйдекті тіркес пен толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысу нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика- грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы- бағыныңқылы сөз тіркесі жасалады, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды; мүшелік қарым қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (анықтауыштық пысықтауыштық не болмаса шақтық, мекендік, мееншіктілік т.б.) мағына пайда болады. Сөйтіп,синтаксистңік қарым қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. Сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Сөз тіркестерін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше.Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер(сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері)мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. ....
«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік. 629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді. Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес». Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III—II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. ....
Пәні: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Cәулет өнері Сабақтың тақырыбы: 1- сабақ. Сөз құрамын еске түсіреміз. Сәулет өнері туралы не білемін? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады: - тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді; -Тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді Оқушылардың көбі жасай алады: - тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді; - тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді; тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады; Оқушылардың кейбірі жасай алады: - тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;....