Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 8-сабақ Оқу мақсаты: Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Сабақ мақсаты: Оқушылар: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып түсіндіреді.....
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар Сабақтың тақырыбы: Векторлардың коллинеарлық шарты Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.4.3 векторлардың коллинеарлық шартын қолдану; Сабақтың мақсаттары: Векторлардың коллинеарлық шартын біледі, есептер шығаруда шартын қолдана алады;.....
Көгілдір кеңістік! Керемет ғажап дүние. Сиқырлы әлем! Самал желі сыбырлай ескен сырбаз дала! Ақ шаңқан қазбауыр бұлттар жүзген көк аспан! Бабаларымның шөгерген түйелеріндей мәңгілік ұйқыға кеткен өркеш-өркеш маңғаз таулар! Сылдырлай ағып, сыңғырлай күлген тұңғиық тұнығына ғасырлар сырын түйген күміс бұлақтар. Сымбатты қайық , құба тал, кәрі емендер осының бәрі жиылып келіп, менің көркем өлкемнің тірі картинасын құрайды.......
Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты. Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер. Сабақтың тақырыбы: Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат) Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.ТБ1.Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі Көптеген оқушылар Ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша сөйлеу барысында қолдана алады Кейбір оқушылар Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Ауа және климаттық өзгерістер. Сабақтың тақырыбы: Ауа райы құбылыстары Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау ӘТН3 Лексикалық норма Сабақтың мақсаттары: Ж6 Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау. ӘТН 3 Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану......
Пән: География Бөлім: Атмосфера Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаттық жағдайы №2 Оқу мақсаттары: 9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қазақстанның климаттық жағдайларын сипаттап, ерекшеліктерін түсіндіреді және өз аймағында дамытуға мүмкін болатын шаруашылық түрін ұсынады....
Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталып,Жеңістің туы желбірегеніне биыл 71 жыл! Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгінде Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз.Ұлан-байтақ даланы найзаның ұшы,білектің күшімен қорғаған аталарымыздың игі дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. 1945 жылдың 9 мамыр күні өтсе де,жұртшылық жадында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып келеді. Тарихқа Ұлы Жеңіс болып енген айтулы күнді жақындатуда майданда да,тылда да жанқиярлықпен күрескен аға буын ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Өйкені, олар алып берген Жеңіс бүгінде бізді небір жетістіктерге жігерлендіріп,жанымызға қуат беруде,қиындықтарды жеңіп,алға ұмтылуымызға көмектеседі. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып,қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір,балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп,ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымызда көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Біздің парызымыз сол алапат сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Олар қан майданда ерлік танытып,елді жаудан қорғады. ......
Алақай қыс келді! Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспешілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Психологиялық сәт Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Алақай қыс келді!» Аяз қысып, Өрнек сызып Терезені торлайды. Қарда омбығып, бет домбығып Балалар сырғанап ойнайды. Кейде ұлып кейде ысқырып ұйқып боран соғады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Суық, аяз болады. Жұмбақ шешіңдер: Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр? Қар басып тұр. Қар қайдан жауады? Аспаннан жауады. Қардың түсі қандай? .....
Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды. Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді». Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды. Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада, Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады. Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталған: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек. ....