Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Монғолияны мекендеген, ал ҮІІ ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. .....
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жөн. ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: 14-сабақ Сан есімдерді қайталау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. 3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: - тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;; - сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады; - үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді; Оқушылардың көбі: - тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;; - сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады; Оқушылардың кейбірі: - тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді; - сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: «Үш қиян» өлеңіндегі ерлік пен елдік Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.....
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).[1] .....
Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етісгікгер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шьшаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты, мағыналық Қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістікгер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт және сабақтыетістіктермен меңгеріле байланысады. Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері, 2) Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа белінеді. Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамында қараймыз. Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бүдан әрі де бірнешеге таралып кетеді. Етістік іс-әрекетті , қимыл –қозғалысты жай-күйді білдіріп, не істеді? Қайтті? Не істейді? Қайтеді? Не істеп отыр? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер табын айтамыз. Мысалы: оқы, жаз, сыз, бар, кел, жүр отыр, тұр, күл, қинал, қажы, шарша, ойла, сөйле т.б. Етістіктер құрамына жасалу жолына қарай екіге бөлінеді. 1.Негізгі етістік. 2.Туынды етістік. ....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Ертегі кейіпкерлері. (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 5 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Мұғалімнің көмегімен жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады. Оқушылардың көпшілігі: Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Кейбір оқушылар: Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданып, сөйлемнің аражігін басқа да тыныс белгілермен белгілей алады......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным. Сабақтың тақырыбы:Желтоқсан оқиғасы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу. Сабақ мақсаты: Құрылымын сақтай отырып, «Желтоқсан оқиғасын» сипаттап эссе жазу ...
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылыми революция Сабақ тақырыбы: Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау; 6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтап, адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру.......
Пән: Қазақ әдебиет Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы» Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» 2-сабақ Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы. Б/С3. Әдеби эссе. Сабақтың мақсаты: 5.Б/С2.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. 5.Б/С3.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.....