Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақ тақырыбы: Саяхатқа шығамын Оқу мақсаттары: 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша мәтін құрап айту Сабақ мақсаттары: Тірек сөздер арқылы берілген тақырыптарға әңгіме құрап айтады......
Пән: География Бөлім: Әлеуметтік география Сабақ тақырыбы: Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.4.1.3 елдердің демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам Сабақ мақсаттары: Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау....
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. ....
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. ....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын біледі Оқушылардың көбісі: шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады Оқушылардың кейбірі: шығарма сюжетіне талдау жүргізеді, өзіндік көзқарас танытады.....
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Өнер Сабақ тақырыбы:Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жеті өнерпаз» ертегі Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады; Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады. Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады......
Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.
Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз.
1991 жылғы 16 желтоқсанда біз - Қазақстан халқы - егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.
Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында елтанымастай болып өзгерді. .....
Ұйымдастырылған оқу - қызметі Тақырыбы: Дәрігер Айболит бізде қонақта Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеуге, сюжетті - рөлді ойынды өз ұйымдастыру, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын, Еліміз тыныш болсын Деніміз сау болсын, Достарымыз коп болсын.
Тәрбиеші: Балалар денсаулық тазалық кепілі, біздің тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуміз керек? Балалар: Жаттығу жасаумыз керек, жуынып жүруміз керек, тісімізді тазалап, тамақ ішер алдында қол жууымыз керек. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, денсаулықты сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіңдер. Мен сендерге бүгін тері тазалығы туралы айтайың мына суретте 5 ереже мына суретте. Біреу есік қағып тұр бұл кім кірқожалақ бала келеді. Сәлеметсіңдер ме неге бәрі тап - таза әдемі. Тәрбиеші: Сен кімсің? Балақай сен неге кірсін жоқ тазамын, сен құлап қалдың ба жоқ таңертең жуындың ба ия қалай көрсетші. Мұрат қолына түкіріп бетін сүрте салады. Ой деп тәрбиеші......
1. Тізбектер. Жұп оң сандарды өсу ретімен теріп жазайық. Ондай бірінші сан 2, екіншісі 4, үшіншісі 6, төртіншісі 8, т.с.с. Сонда 2; 4; 6; 8; ... тізбегі шығады. Бұл тізбекте бесіншісі орында 10, оныншы орында 20, жүзінші орында 200 саны тұратыны айқын. Жалпы алғанда кез келген n натурал саны үшін оған сәйкес болатын жұп оң санды көрсетуге болады, он 2n – ге тең. Тағы да бір тізбек қарастырайық. Алымы 1 – ге тең дұрыс бөлшектерді кему ретімен теріп жазайық: 1/2; 1/3; 1/4; 1/5; 1/6; ... Кез келген натурал сан үшін біз оған сәйкес болатын бөлшекті көрсете аламыз; ол бөлшек 1/n + 1 – ге тең. Сөйтіп, алтыншы орында – 1/7 бөлшегі, отызыншы орында – 1/31 бөлшегі, мыңыншы орында – 1/1001 бөлшегі тұруы тиіс. Тізбекті құрайтын сандар реті бойынша тізбектің бірінші, екінші, үшінші, төртінші, т.с.с. мүшелері деп аталады. Тізбектің мүшелерін әдетте мүшенің реттік нөмірін көрсететін бар әріптермен белгілейді. Мысалы, а , а , а , а , т.с.с. Жалпы тізбектің n нөмірлі мүшесін немесе тізбектің n – ші мүшесі деленді а n деп белгілейді. Тізбектің өзін былай белгілейміз (а ). Тізбектің мүшелер саны шектеулі болуы мүмкін екенін ескертеміз. Мұндай жағдайда оны шектеулі тізбек деп атайды. Шектеулі тізбекке екі таңбалы сандар тізбегі мысал бола алады: 10; 11; 12; 13; ... ; 98; 99. Тізбекті беру үшін, оның кез келген нөмірлі мүшесін табуға мүмкіндік туғызатын тәсілді көрсету керек. Тізбекті көбінесе тізбектің n – ші мүшесінің формуласы арқылы береді. Мысалы, жұп оң сандардың тізбегін а = 2n, алымы 1 – ге тең дұрыс бөлшектер тізбегін Вn = 1/ 1 + n формуласымен беруге болады. Басқа мысалдар келтірейік. 1. Мысал. Тізбек у = n - 3n формуласымен n берілген болсын n – нің орнына 1, 2, 3, 4, 5 ... натурал сандарын қойып, мынаны шығарып аламыз: у = - 2; у = - 2; у = 0; у = 4; у = 10; ... Қарастырып отырған тізбек былай басталады: - 2; - 2; 0; 4; 10; ... 2 – мысал. Тізбек Х = (- 1) · 10 формуласымен берілген болсын. Осы тізбектің тақ нөмірлі барлық мүшелері – 10 – ға, ал жұп нөмірлі мүшелері 10 – ға тең: х = - 10, х = 10, х = - 10, х = 10. Мына тізбекті аламыз - 10; 10; - 10; 10; - 10; ... 3 – мысал. (С ) = 5 формуласымен барлықмүшесі 5 – ке тең тізбек былай жазылады: 5; 5; 5; 5; ... Тізбектің берілуінің тағы бір тәсілін қарастырайық. 4 – мысал. ( а ) тізбегінің бірінші мүшесі 3 – ке тең, ал әрбір келесі мүшесі алдыңғы мүшесінің квадратына тең болсын ....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым Сабақ тақырыбы: Сұхбат аламын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу Сабақ мақсаттары: Күнделікті өмірлік жағдаяттарға байланысты сұхбат жүргізу, диалогке қатысуға дағдылану.......