Міне тағы да бір көктем келді. Мен көктем мезгілін жақсы көремін. Жердегі қар еріді. Өзеннің мұзы да сеңге айналды. Жылы жаққа кеткен құстардың да......
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алған болатын. Қазіргі кезде тыныш әрі бейбіт өмір сүрудеміз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің белгісі - мемлекеттік рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, сыйлайды. Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.......
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Сабақтың тақырыбы: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)6.1.4.1 – мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу Сабақтың мақсаттары: Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ескеріп сұрақтар қою арқылы негізгі ойды анықтайды, термин сөздердің қолданылатын орындарын біледі.....
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдсгі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалык, (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. ; Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. ....
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер (Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер) Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу Сабақтың мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін құру....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері Сабақ тақырыбы: Географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.1- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады Сабақ мақсаттары: • ақпараттық-коммуникациялық технологияны игеру.....
Маркетинг тауарлардың тиімді сатылыуын қамтамасыз ету үшін өндірісті рынок талаптарына сай икемдеуге мүмкіндік беретін басқару жүйесін білдіреді. Маркетинг логистикаға қарағанда тарихи ертерек пайда болды,себебі сол кездегі тауарларды еткізу қиындықтарына байланысты практика жүзінде қажет етілген. ХХ ғасырдың ортасында өндірісті рыноққа қажетті тауарларды шығаруға бейімдеу және сүранысты зерттеуге,сұранысқа әсер етуде маркетингтік әдістерді қолдану бәсеке қабілеттілікті жоғарылататын шешуші фактор болды. Материалды ағымдарды іштей басқаруды қамтамасыз ететін жүйелерді қүру мәселесі ол кезде актуалды болмайды, себебі біріншіден экономикада мұндай жүйелерді құрудың техникалық мүмкіндіктерді жоқ еді,екіншіден, сол кездегі жаңа маркетингтік мысалдарды пайдалану есебінен күрт алға шығып кетуге болар еді.Бүгінгі жағдайларда тек қана маркетингті пайдалану негізінден (алға шығу) мүмкін емес.Маркетинг бойынша анықталған сұраныс уақытылы,тек және дәл жеткізу арқылы қанағаттандырылуы тиіс(тез жауап беру технологиясы).Пайда болған сұранысқа бұл ''тез жауап” тек бір қалыпқа түскен логистика жүйесінде ғана мүмкін болады. Тарихи түрғыдан алғанда, логистика эканомикалық аренаға едәуір кеш шыққан, ол тұтынушыны,көлікті және жабдықтаушыны мобильді,техникалық-технологиялық және экономикалық үйлескен жүйеге байланыстыру арқылы маркетингті толықтырып дамытады.....
2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр......
Білімділігі: Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге және буындарды оқи білуге үйрету. Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту. Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы. Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суреті.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! .....