Ақша жинауды үйренудің жеңіл жолдары

Заманның талабына сай адамдар еңбекпен тапқан ақшасын жинауды үйренуі керек. Алайда көбіміз ниеттеніп тырысқанмен үнемдей де, жинай да алмаймыз. Қаржы жинауды қалай үйренуге болады?

Мақсат қою

Қаржы жинаудан бұрын алдымен оның не үшін керектігін анықтап алыңыз. «Кім біледі, керек болып қалар» деген ой мақсатқа саналмайды. Себебі күн ара «керек болып қалар» сәті туындап, ақша жұмсалады. Солай емес пе? Сондықтан «көлік, үй алуға, саяхатқа, бизнеске» деген секілді нақты мақсат қойыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Өмірбаян: Досқан Жолжақсынов Қалиұлы (1951 жылы 7 қазан)

Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған) — кино және театр актері, кинорежиссер.
Қазақстанның халық әртісі (1995), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996,2016). Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996).
1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері.
1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Баяндама: Математиканы оқыту арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу жолдары

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін,яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Реферат: Тыныс алу жолдары және оның сипаттары

Кеуде тұсының ауыру сезімі өкпе қабынудың зақымдану кезінде құрғақ плеврит, ылғалды плевриттің бастапқы кезеңі, өкпе қабының бір біріне жабысқанында, плевра өспелерінде және кейбір плевра қабынуымен өтетін өкпе ауруларында (өкпе инфаркті, өкпенің крупозды қабынуы, өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің туберкулезы, және т.б) кездеседі.
Өкпе қабынан пайда болған ауру сезімі тыныс алу әрекетіне тікелей байланысты болғандықтан ол терең тыныс алғанда күшейе түседі.Ауру сезімі жөтелгенде, ауыратын жағына қарай науқас аударылғанда, денені қимылдатқанда, түшкүргенде күшейе түседі. Өкпе тінінде сезімтал нерв ұштары жоқ, ол тек өкпе қабында(плевра) ғана бар. Өкпе қабының жапырақшаларының бетіне қабыну кезінде пиврин талшықтары жабысып, бетінде кедір бұдырлар пайда болады.Осының нәтижесінде тыныс алғанда өкпе қабы жапырақшаларының үйкелісінен сезгіш нерв рецепторлары тітіркеніп, ауырсыну сезімін туғызады. Одан құтылу үшін науқас жөтелмеуге, тынысты терең алмауға тырысады.
Ылғалды плеврит кезінде ауыру сезімі тек бастапқы уақытта болады, тек плевра жапырақшалары арасына біртіндеп экссудат жиналып, олар бір бірінен алшақтаған соң ауыру сезімі жойылады да ентігу пайда болады. Плеврит сырқатынан соң ұйысу, яғни өкпе қабы жапырақшаларының бір біріне жабысып, тін құрылымының өзгеруі байқалса, аздаған ауыру сезімі сақталады. Ол әсіресе терең демалған уақытта плеврадағы сезгіш рецепторлардың тітіркенуі мен байланысты болады.
Қабыну үдерісі кеуде пердесіне жақын орналасқан өкпе қабына таралған кезде тітіркенудің ауырсыну жоғары қарай, иыққа, мойынға берілуі мүмкін. Кей-кезде ауырусезімі құрсаққа берілгендіктен аппендицит, холецистит ауруларымен шатастырып алуымыз да мүмкін. Пневмотаракс аяқ астынан пайда болған кеудеден күшті шаншумен қатар ентігу, көгеру, қан қысымының төмен түсіп кетуі анықталады.
Бұл белгілердің себептері - ол плевра қуысына ауаның өте шапшаң кіруі нәтижесінде плевраның сезгіш рецепторларының тітіркенуінен болады. Сол сияқты өкпенің сығылуы және орталық ағзаларының ығысуының нәтижесіне де пайда болады.
Ауыру сезімі миозитте, қабырға аралық невралгияда, іріңді теміреткіде, қабырғаның жарылуы мен оның сынуында, периоститте , остиомиелиттеде кездесуі мүмкін. Ауыру көкірек қуысына басқа ішкі ағзалардан берілуі мүмкін, мысалы: радикулитте, жедел холециститте ,көк бауыр инфарктісінде , кеуде пердесінің жарасында т.б. Қабырға аралықта невралгия кезінде ауыру сезімі қабырға бойымен орналасып, қабырға аралық нерв бойымен сипағанда анықталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Есте сақтауды жақсартудың 7 жолы

Адамның есте сақтау қабілеті тұрақты бола бермейді. Уақыт өте келе нашарлап, ұмытшақтыққа әкеліп соқтыруы да мүмкін. Ол үшін есте сақтау қабілетін тұрақтандыратын түрлі әдіс-тәсілдер мен қарапайым қағидаларды ұстанған дұрыс.
Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы пайдалы кеңестер жетерлік. Дегенмен жақында ғалымдар есте сақтауды жақсартудың тағы бірнеше жолдары бар екенін мәлімдеді.
Сурет салу
Бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Ғалымдардың айтуынша, суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес. «Бастысы – сурет ойды тынықтырады» - дейді. Ойдың тынығуы – есте сақтау қабілетін жоғарылатады. ......
Кеңестер
Толық
0 0