Ертегі: Жолбарыс пен қоян

Бұрынғы өткен заманда бір қара орманға жолбарыс патша болыпты. Зорлықшылдығы сонша - өзіне кездескен аңды тарпа бас салып жей береді екен. Сөйтіп, орман ішін қан қақсатыпты. Содан аң біткен үрейден өлетін халге жетіпті. Ақырында барлық аң бас қосып, кеңес құрыпты.
— Жолбарыс көзі шалған аңды қылғып салып жүр. Тіршілігіміздің берекесі кетті. Соған тыйым салатын бір амал табуымыз керек.
Осылайша ақылдаса келіп, аңдар жолбарысқа елші жіберуді ұйғарысады. Елшілікке кімнің баруы керек екені жөнінде бәрі бір ауыздан:
— Қуа қалса, тасқа шығып кетерсің, тас сенің табаныңа балшықтай жабысады, – деп, тауешкіні жұмсапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік
Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
Бар әдемі үш көзім,
Алдамаймын, аңғарсаң,
Ақылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Темір жол саласы | Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі АЖ

КІРІСПЕ
Халықаралық еңбек бөлінісінде көліктік салаға ерекше көңіл бөлінеді, себебі кез-келген елдің халықаралық экономикаға интеграциялану мүмкіндігі және мерзімі осы көлік жұмысына тікелей байланысты. Өзінің “Transprotation” атты еңбегінде американдық экономист Джон Койл былай деп жазады: “Көлік өркениетті адамзат үшін әлемдік хаосты ретке келтіру құралы болып табылады. Адам өмірі күрделенген сайып көліктік қызметке деген қажеттілік өсе түседі”. Көлік экономикалық қатынастың барлық түрлеріне қызмет көрсетеді.
Елдер арасындағы халықаралық экономикалық байланыстардың одан әрі дамуы халықаралық саудадағы жүк ағымы қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселесін алға қояды. Евразия континентінің орталығында және Европа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары арасында орналасқан Қазақстан экономикасы мемлекеттік жоғары потенциалдық-транзиттік мүмкіндіктерді тиімді қолданумен байланысты.
Қазіргі шаруашылық әрекет жағдайы көліктік қызмет түрлеріне жаңа талаптар қояды. Ырғақтылық, реттілік, үздіксіздік, сенімділік, өнімді өндіріс орынынан тұтыну пунктеріне жоғары жылдамдықпен, әрі минималды жоғалтумен жеткізу – экономикалық байланыстарды тиімді және сапалы көмікпен қамтамасыз етудің басты шарттары болып саналады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономиканың амал - тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз – ел азаматтарының әл –ауқатын арттырып, әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек.
Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық алғы шарттыры бар. ҚР Президерті үстіміздегі жылдың 1 – ші наурызындағы халыққа жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап бнрді. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі «Индустриялық – инновациялық даму стратегиясы» әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін, отандық өнеркәсіп салалары дамуы қажет. Инвестициялық салымдарды өнеркәсіп салаларына тарту қажет.Сонымен қатар кәсіпорындарды қазіргі на- рық талап тарына сай бейімдеу керек. Кәсіпорындарға ірі қаражаттарды тарту, оларды тиімді пайдалану қажет. Ал, ол үшін мемлекетіміздегі кадр мә- селесін, білікті маман даярлау мәселесін шешу керек. Кәсіпорындарға жаңа техникамен технологияларды тарту қажет. Ел басымыз айтқан инновациялар- ды ірі кәсіпорындарға ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпорындарға да тарту керек. қазіргі таңда зауыт – фабрикалардың техникалық құрал жабдық–тар базасы ескірген. Ал ол өндіріс тиімділігін төмендетуде. Себебі ескі маши- наларда 2 -3 адам жұмыс істесе, жаңа технологиялар қолданылған құрал-жаб- дықтарда бір адам жұмыс істей алады және өндіріс тиімділігі кемімейді, ке– рісінше артады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындағы өндірістиімділігін арттырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес,курстық жұмыста келесідей сұрақтарға жауап беруді қарастырып отырмыз:
- өндірістік тиімділігінің жалпы мәні мен маңызын түсіну;
- өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторларды анық- тау;
- өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын анықтау. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Электр энергиясын үнемдеудің қарапайым жолдары (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қоршаған орта және энергия ресурстары
Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясын үнемдеудің қарапайым жолдары.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру
Сабақтың мақсаттары: Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кестелер жасау.
Тезистік жоспар құру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0