Жай қанатыңды! Сермеші, Қазақстаным! Күн жаңа туды! Кернеші аспан тұстарын. Әуе батыры - Әубәкірұлы арқылы Болды-ау бақыт - ғарышқа ғажап ұшқаның. Отыз жыл аттай ойлаған......
Ашық сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары Презентация: жүктеу Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға құрмалас сөйлемнің түрлерінен, оның ішінде салалас құрмалас сөйлемнің түрі қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, білімдерін жүйелеу. 2. Тәрбиелік: Жаттығулар орындату арқылы оқушыларға идеялық - саяси тәрбие беру, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, қазақтың мақал - мәтелдерін құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, бірлікке баулу. 3. Дамытушылық: Оқушылардың қабілетіне сай тапсырмалар беріп, байланыстырып сөйлеуді, өз бетінше сөйлем құрауды дамыту - өз ойларын еркін айта білуге, тиянақты, мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру.