Сабақтың мақсаты:Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаған жолдауын насихаттау. Сол арқылы оқушыларды үздіксіз білім алуға шақырып, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі:Интерактивті тақта....
Шешек ауруы — инфекциялы ауру, теріде шығатын көпіршік тәріздес ұсақ бөртпелер. Шешекпен бір рет ауырғандар екінші рет ауырмайды.
Шешек – ауамен таралатын герпес вирусы. Ауыру мерзімі 10-21 күнді құрайды. Егер балаңыз мектепте, бала-бақшада, қоғамдық жерлерде шешекпен ауыратын балалармен араласса онда оның шешекпен ауыру мүмкіндігі көбейеді. Шешекпен ауыру 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. 6 айға дейінгі сәбилер шешекпен ауырмайды. Өйткені ана өз иммунитетін сүт арқылы береді.
10 жастан асқан балалар шешекпен сирек ауырады. Ауыру кезеңі ауыр жағдайда өтеді. Олардың емделуі де ұзағырақ уақытты қажет етеді.......
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», «дәнді дақыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығы кәсіпорындары», ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс боласыздар. ХХ ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі (АӨКК). Бұл процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы.....
«Он күнәнің тоғызы – тілден екен» немесе «Басқа пәле – тілден» сынды аталы сөздерді талай рет естідіңіз. Естідіңіз-ау, бірақ тіліңізді тым болмаса бір күн тыйып көрдіңіз бе? Жоқ? Олай болса, төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:
Ғайбат сөз – теңізді де былғайды... Аз, алайда әділ әрі тапқыр сөйлеу – Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінез-құлқы. Алла Тағала оған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған және айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Айша анамыз бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанда: «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», - деп сол мезетте тыйған екен (Ибн Касир).......
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттардағы адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бірі, табиғаттың көркі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап, экожүйенің бұзылмауын қадағалау мен оны қалпына келтіру болып табылады. Себебі табиғаттағы кез-келген тіршілік иесінің экожүйедегі орны ерекше. Сол себептен оларды қорғау мен сақтап қалу үшін жұмыс жасау керек. Ал, бұл жұмысты орындау барлық адамзат баласының алдында тұрған ұлы міндет. Бұл зерттеу жұмысы да сол міндеттердің бірін орындаумен өзекті бола түседі. Жер көлемі жөнінен бүкіл дүние жүзінде ондықтың ішінен орын алатын ұлан-байтақ аумағымен, тау-тасты орман-көлді, шөл-шөлейтті алуан қырлылығымен көзге түссе. Фаунасы мен флорасы жағынан да басқа елдермен терезесі тең деп мақтана айтуға тұрарлық. Кеңес өкіметі тұсында алпыстан астам сүтқоректі аң, жүз алпыстан аса құс ауланып келсе, осы хайуанаттардың ішінде шаруашылыққа жағынан аса маңыздылардың бірі саналған ақбөкен болатын. Ақбөкен [1] көне заманнан бізге жеткен түз тағыларының бірі. Оның осы уақытқа дейін сақталып қалуының сыры, өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Бұл жердегі киелі , қасиетті сөздерінің қолданылу себебі: « мүйізі»- пантокрин (жен-шень) дәрісі өкпе қабыну, жүрек, паралич, эпилепция ауруларынан емдеп, «тұяғының күлі» теміреткі мен денедегі жарадан жазса, «қаны»-шөлі қанбайтын сусамыр ауруынан айықтыратындығынан. Бірақ осы ерекшеліктерімен ақбөкендер тарих сахнасынан ХХ ғасырлардың бас кезеңдерінде жойылып кетудің алдында болды. Оған қорғау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің арқасында халық шаруашылығына пайлану жағдайына дейін жетті. Содан кейінгі 1980-90 жылдары да осы жағдайы қайтадан қайталанды.сол себептен оны аулау тоқтатылып, қорғау жұмысы қолға алынды. ....
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады. Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады. ....
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады. Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды ....
Кіріспе Бұл курстық жұмыста мен фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастырдым. Ол келесі көрсеткішкерден байқалады: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, цехтың өндірістік қуатын есептеу, жұмыскерлер санын және еңбек ақысын анықтау.Осы көрсеткіштерді мен нақты, кәзіргі уақытта жұмыс істеп жатқан « Темір жол техникасы » ЖШС-нен алдым. Бұл кәсіпорын двигательдерді жинау және құрастырумен айналысады, сонымен қатар басқа жұмыстармен де айналысады. Осы курстық жұмысты алуымның себебі, егер фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатса , онда халқымыздың да әлауқаты тез арада жоғарылайды деп ойлаймын. Ал бұл әр азаматты толғандыратын мәселе. Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты , тұтынушылардың талғамы мен қалауларын , сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды , нарыққа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысына зерделейтін жағдайда болса, онда ол кәсіпорынның әлеумметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді. ....
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді. Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б....
✅ Күн суыта көпшілігіміз баспаның (ангина) зардабын аз көрмейміз. Тамақты «тырнап», жаныңды жейтін бұл аурудан қалай айығуға болады? Әрине, баспаны емдеудің жолы көп. Тек нәтижелісі аз. Көптің көңілінен шыққан, әрі айтарлықтай шығынды қажет етпейтін қарапайым емдеу тәсілдерінің біреуіне назар аударыңыз.
✅ Ол үшін 1 лимон мен бал керек. Егер бал болмаса, оның орнына қоңыр қантты қолдануыңызға болады. Лимонды бөліктерге бөліп, үстіне бал жағып (немесе қант сеуіп), қабығымен қоса жеңіз. Тамағыңыздың ауырғанына 1-2 күн ғана болса, оны емдеу үшін 1 лимон да жеткілікті......