Өмірбаян: Ұлықпан Жолдасов Мырзабайұлы (1966 жылы 14 ақпан)

Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).

Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Дос, жолдас

Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малын бер,
Көре-көре сүйінсін.
Көңіл қалған досыңа,
Жаратпаған малын бер,
Көре-көре күйінсін.

Ұстамен дос болсаң, наркескенін аларсың.

Достың ұлы - өз ұлың.

Біреуге беріп жағасың,
Біреуге еріп жағасың.

Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.

Доссыз өмір - шоғы жоқ көмір.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Эссе: Жігітті жолдасына қарап бағала

Әрбір жанның қасында өзі сенім артарлық,бар сырымен бөлісетін сырласы,өмірлік серігі болады.Ол әрине,сенің ең адал досың.Дос деп кімді айтады?Дос деп бар қуанышыңды бөлісетін,қиын сәтте жаныңнан табылатын,сенен еш нәрсені аямайтын, адал жанды айтады.Сені әрқашан жігерлендіріп отырады,құлағанда сүйеніш болады.Жылағанда жұбатып,қуанышыңда әркез бірге болатын жан.Міне,осындай жанды нағыз дос деп айтуға болады.

Осындай адал сенімді дос бәрінде бірдей бола бермейді.Біреуі адал,біреуі амал.Жақсы досты табу үшін де ,ең алдымен өзіңді дұрыстау қажет.Өзің жаман болсаң,жақсы досты несін іздейсің?!Сен қандай болсаң,жолда сондай достар жолығады.Қазақта сөз бар «Жігітті жолдасына қарап бағала».Бұл мағынаны аша келгенде, сенің жолдасыңның өзің секілді болатынын айтады.Яғни,сен қандай болсаң, жаныңдағы серігің дәл сондай.Сондықтанда өзіңе адал дос іздесен, ең алдымен өзіңді жөнде.......
Эсселер
Толық
0 0

Өмірбаян: Асан Жолдасов

Асан Жолдасов -"Пифагор" қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы
Алматы қаласында туған.

Асан мектеп партасынан бастап олимпиадалық математика негіздерін үйреніп, бұл салада оқушы кезінде-ақ елеулі жетістіктерге жеткен. 2006 жылы Республикалық физика-математика мектебін бітірген соң, жас математик ҚБТУ ақпараттық технологиялар факультетіне оқуға түседі. Сонымен бірге, ешқандай инвесторсыз «Пифагор» қосымша білім беру мектебін ашады (мектеп туралы ақпарат төменде), соның арқасында Алматы мен Астанада білім беруді белсенді дамытады. Бұдан бөлек, Асан Жолдасоы университеттегі оқуын бітіріп, бакалавр және магистр дәрежесін алады. Кейін өзінің альма-матері қабырғасында копмпьютерлік инженерия кафедрасында дәріс оқиды. Білім беруден бөлек, Асан "Ferum Logic" стартапын құруға қатысып, өзі Аналар үйін салған. Қазір Асан Жолдасов өмірін білім берумен байланыстыруды шешкен көптеген жастарға табысты болудың үлгісі болып табылады.
Төменде жетістіктер тізімі берілген:....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Шахан Жолдасбаев

Шахан Жолдасбаев – "Пандус.Ок" әлеуметтік жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер
Өз өмірімен, ерік-жігерімен кейінгі буынға үлгі, алдыңғы буынға мақтаныш болатын азаматтар бар.

Солардың бірі Шахан Жолдасбаев. Мүмкіндігі шектеулі жан деп ол туралы мүлдем айта алмайсыз. Ол мүмкіндігі шектеуді жандар арасында Германияда өткен жүзу чемпионатының қола жүлдегері. Оның «Пандус. Ок» әлеуметтік жобасы аймақтағы үздік деп табылған. Жеткен жетістіктерімен, еңбегімен, іс-әрекетімен көптеген азаматтарға үлгі болған Шахан Қазақстанның 100 есіміне енуге лайық тұлғалардың бірі деп санаймыз.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Жақсылық пен Жамандық жолдас болған

Бұрынғы заманда жақсылық пен жамандық жолдас болып жүріпті. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Eкeyi жақсылықтың азығын жеп жүріпті. Жеп жүргенде жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты: «Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің?»—депті. «Жамандығым, өзің біл!»—депті. «Өзім білсем, атыңды сойайық»,—депті. Жақсылықтың атын сойыпты, Жақсылықтың атының етін eкeyi жеп жүріпті, азық тағы таусылыпты. «Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның eтi таусылды»,—депті «Жамандығым, әлі де болса өзіңіз біліңіз»,—депті. «Өзім білсем, жақсылығым бip құлағыңды кeciп, пicipiп, өзіңе берейін жеймісің?». «Жeймiн, жамандығым»,—депті. Бip құлағын кесті, бip күнге азық болды. Жамандық айтты: «Бip құлағыңды бip күнге тағы да асып берейін»,—депті. «Тағы да азық таусылды, жақсылығым, енді қайтейін»,—депті. «Әлі де болса, жамандығым, өзің біл»,—депті. «Жақсылығым, өзім білсем, бip көзіңді ойып бip күнге азық қылып берейін»,—депті. Бip көзін тағы да ойып бip күнге азық қылып берді.

Жақсылықтың ат, тоны, азығы, құлағы, көзі бiттi. Жамандық жақсылықтың азығын бipгe жеп түгесті. Жақсылықтың азығы таусылған соң, жамандық азығын бермеді. «Жақсылығым,—деді атыңды сойып жедік,—деді, екі көзіңді ойып, құлағыңды кeciп, төрт күн азық бepдiм,—деді. Жақсылығым, енді қайтесің? Енді құлағың жоқ, көзің жоқ, Жақсылық, ceнi тастап кетемін»,—деді. «Жамандығым, дeдi тастап кетсең бip қалың қара тоғайдың iшiнe таста»,—деді. Жамандық қалың қара тоғайдың iшiнe Жақсылықты әкпеліп тастап кетті.....
Ертегілер
Толық
0 0

Өлең: Жолдастар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Еңбекшіл – біз кедейдің баласымыз,
Отанның жас жеткіншек панасымыз.
Орнатып бақ ордасын елімізге,
Тайсалмай ілгері өрлеп барамыз біз.

Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман......
Өлеңдер
Толық
0 0