Шығарма: Қайсар жүректі солдаттарым

1941 – 1945 жылдар барша қазақстандықтар үшін өкініш пен жұбанышқа, қайғы мен қасіретке толы кезең ретінде мәңгі есте қалады. Келешек ұрпақтың жарқын, тәуелсіз болашағы жолында аға – әпкелеріміз сұрапыл соғысқа қатысып, жанкешті ерлік көрсетті. Жеңіс туын желбіретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру біздің батыр ағаларымыздың асыл арманы болатын. Жеңісті жақындатуда қаһармандық пен қайсарлық танытып, елжандылық пен елдіктің символына айналған ұлы бейне Бауыржан Момышұлы сұм соғыста еліне деген асқан сүйіспеншілігі мен жеріне деген шексіз құштарлығының арқасында жауға тойтарыс бере білді. 1941 жыл. Ызғарлы қыс. Түн. Волоколам тас жолы. Қарға омбыған бір топ әскер жер бауырлап, бір ізбен алға жылжып келеді. Осы әскерді үстіне қалың тоңды бүркене киген, мылтық асынған, сұсты командир басқарып тұр. Бұл жерде жаңа ғана қанды шайқас болып өтті. Анадай жерде қалпағын мұз басқан, кірпігін қыраудан аша алмай отырған сержант радио арқылы штабпен байланыса алмай жатыр. Қаһарлы қыстың әсерінен батальоннан 3 күн бұрын байланыс үзілген. Тіпті, «Батальон жау қолында қаза тапты» деген сыбыстар да ел арасында тарап кеткен. Анда – санда командир : « Бір солдат мың қолға татиды, берілмейміз! » - деп өз әскеріне рух беріп қояды. Солдаттар мұндай рухты сөздерді естігенде бойларына жылу барып, қандары тулап бір – бірлеріне қарап, «Біз жеңеміз!!!» дегендей болады. Бұл командир – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлының батальонды басқарып келе жатқанына 3 күн, 3 түн болды. Бауыржан Момышұлы бір сәтте қалың ойға шомып, кері шегінудің жоспарын құра бастайды. «Эх, мына соғыс тым ұзаққа созылып кетті.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бір үзік жас

1945 жыл мамырдың 9-ы неміс фашист басқыншыларының тарихта Ұлы Отан соғыс деген атпен қалған соғыста қайта бас көтерместей болып жеңілген күні. Бұл жеңіс бұрынғы совет одағы халықтарының «Барлығы – майдан үшін, барлығы – жеңіс үшін!» деп жанқиярлықпен шайқасқан Ұлы ерлігінің арқасында жеткен жеңіс. Бұл қырғын шайқасқа Шұқыркөл ауылынан 125 адам аттанған. Соның ішінде соғыс даласында 62 адам қалып, 63 елге аман оралды. Бүгінде елге оралған 63 адам да о дүниелік болған. Сол, сұм соғыс ауыртпалығын көрген жандардың бірі Екпін Әйіпұлы Кеншінбаев. Екпін Әйіпұлын әңгімеге тартпақ болып, үйіне бет алдым. Сексенді алқымдаған, әлі де тың қартты үй ауласындағы орындық үстінде жолықтырдым. Қайратты жүзінде аздаған әжімнің ізі көрінгенмен, жүзі жылы, көзі өткір қария мені жайдарлы қарсы алды. Күрсініп алып, орнынан тұрды. Үйге беттедік. Үйге кіріп жайғасқаннан кейін, соғыс жайлы айтуды сұраған менің сұрағыма қарт ойланып барып, ойлы көзімен алысты шолып, соғыс салған жара есіне түсті ме екен бір күрсініп алып, әңгімесін бастады. Соғыс басталған жылы мен небары 6 жастағы бала едім. Әкем Әйіптен Екпін, Жеткін деген екі ұл қалған. Інім қызылша ауруына шалдығып ерте қайтты.
Әкем соғыстан оралмады. Мен ағайын-туыстың арқасында ер жеттім. Тағдырдың тәлкегімен шешем мені ағайынға тапсырып, өзі тұрмысқа шығып кетті. Менің өсіп ержетуіме ерекше үлес қосқан Ысқақ ағам. Әкемнің туған ағасы. Өкініштісі сол ағам да өмірден ерте озды. Қария соғыс салған жараны былайша баяндады. Тағдыр біздің балалық шағымызды соғыс өртінің ауыртпалығына тап келтірді. Ауылда қалған қариялар мен аналарымыз, ес білген балалар шаруашылық жұмысына араласты. Таң сәріден тұрып, кеш жатып, дала қостарына түнеп өз еңбектерімен жеңіске үлестерін қосты......
Шығармалар
Толық
0 0