Шығарма: Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұланғайыр ата-қонысының қалыптасуын, ата-бабаларымыздың елімізге, тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, батырларымыздың елі мен жерін, халқын сыртқы жауларынан қорғаған үлгісін жатқызамыз.
Елбасымыздың “ Нұрлы жол – болашаққа бастар жол “ атты Жолдауында “ 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы“ деп атады. “ Қазақ хандығының 550 жылдығын“, “ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын“, “ Ұлы Жеңістің 70 жылдығын“ ерекше атап өткен болатын. Бұл атаулы мерекелер 2016 жылы да аталып өтілмекші.
“ Соғыс басталды! “
Қандай қасіретті үн. Қазақтың мамыражай даласын қалың тұман басты. Тарихқа таңбаланған қаралы күндер бойы сіркіреген ажал рухы онымен тапталмайды. Арада қаһарлы 1418 күн откенде, бүгін бір ұрпақтың жанқиярлық ерлігі – Жеңіс те келіп жетті! Көктемнің көкорайлы сәтінде, бұлбұлы сайрап, құскөбелегі жадырап, жеңіс күнін олжалаған халқымыз әсем даланы “ Көктем “ биіндей құлпыртты. “ Жеңіс “ тойын тойлатты........
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша сценарий: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Көп болды-ау олар кеткелі "Ұлы Жеңістің 70 жылдығына")

Құрметті редакция!!!

Мына өлеңді Нұрсапа атама, басқа да хабарсыз кеткен боздақтарға бір ескерткіш болама деп жазып едім. Басқа белгі қоя алмаймыз ғой. «Хабарсыз кетті» деген бір – ақ ауыз сөзбен тарихтан өшірілген мыңдаған жазықсыз боздақтарды іздеуге, оларға лайықты құрмет көрсетуге түрткі болама деген де мақсат бар. Мүмкіндік болса Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ертерек жарияланса жеңіс күніне дейін ел ішінде қозғалыс болар еді. Хабарсыз кеткендер де жеңіске үлестерін қосты, бір - ақ әлі күнге дейін өз бағасын ала алмай келеді 70 жылдықта.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
6 -4

Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін.....
Шығармалар
Толық
4 -2

Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Жеңіске 70 жыл)

Жоспар
I Арды биік ұстап өткен азамат
II Отты жылдар елесі
1.«Бәрі де майдан үшін, Жеңіс үшін!»
2. Ел үшін туған ерлер
3. Майдандағы Қазақ қыздары
4. Соғыс елесі ақындар шығармаларында
III Біз - бейбіт елдің ұланымыз


Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін....
Шығармалар
Толық
23,5 -12,5

Тақпақ: Жеңіс күні

Әр қазақтар тойлайды жеңіс күнін,
Он алтыншы желтоқсан тәуелсіздік алған күн
Көп тер төгіп соғысқан қазақ елі,
Осынау бір тәуелсіздік күні үшін.
Қазақ жерінің түкпір – түкпірінен тойлайды,
Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаған
Тәуелсіздік біздікі деп тойлаған.
Тақпақтар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске - 75 жыл!

Қайсарлық пен қарапайымдылық
Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез
сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты
Н.Ә.Назарбаев
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. Біз ата-бабаларымыздың арқасында осындай тәуелсіз ел болдық .
Соғыс туралы айтсақ, Кеңес Одағының тарихында Ұлы Отан соғысы ерекше есте қалды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.Барлық соғысқа қатысқан жау жүрек батырларымыз Отан анасын қорғауға ат салысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында дүние салды. Біз соғыс туралы тек аталарымыздан естіп, кинодан көрген болатынбыз.Ұлы Отан соғысы кезінде бала-шаға, үйде қалған аналар барлығы бір Отан үшін, елі үшін жауынгерлердің амандығын күтіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл »дегендей бірлесіп жасап, тылда еңбек етіп, өздерін көрсете білді. Менің ойымша тыл еңбеккерлерінің адал еңбектері майдан үшін қосқан үлесі көп деп ойлаймын.
Ұлы Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді.Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы жайлы қаншама шығармалар жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қойылған жоқ.Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Атап айтатын болсақ, М.Мәметова, Ә.Молдағалиева, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Аманжолов т.б ата-әпкелеріміз қан майданда шайқасқан болатын. Осы айтылған жауынгерлерімізді Отан үшін отқа түскен батырларымызды еске алып отыру біздің міндетіміз .
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктер бүгінгі ұрпақ бізге үлкен өнеге. Отансүйгіштік қасиет әр кезде де қастерлеуге, құрметтеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болып саналады. Жаңа ғана өзім айтқандай тек майданда ұрыс көрсеткен жауынгерлердің ғана ерлігі емес, тылда еңбек істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық деп есептеймін. Себебі, олар кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірге қиыншылық көріп, бірдей азап шекті. Ашаршылықпен қатар ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Таңның атысымен күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатерді төнген кезде біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Отанымыз үшін от кешкен отандастарымыз өшпес із қалдырып, ерлік көрсете білді.Бұл оқиға тарихта алтын әріппен жазылып, ерекше есте қалады.......
Шығармалар
Толық
0 0