Шығарма: Ұмытылмас Ұлы Жеңіс

1945 жылы 8 мамырда Германия өзінің жеңілгенін мойындады, Ұлы Отан соғысы осылайша Кеңестер Одағының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс КСРО құрамындағы барлық елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін Ұлы Жеңіс еді. Бүгінде біз осы Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтудеміз. Соғысытың тарихына тоқталатын болсақ: Германия байлығы мол, жері кең, ең керекті әрі пайдалы кен байлықтардың бәрін қойнауында сақтаған, алып держава Кеңестер Одағының жеріне көз тікті. Герман әскерлері КСРО аумағына басып кіргеннен-ақ, жерін қорғау үшін кеңес адамдары өз еріктерімен соғысқа аттанып жатты.
Олардың арасында қазақстандықтардың үлесі де аз емес еді. Майданға Қызыл Армия қатарына бір миллион екі жүз мың жерлестеріміз қабылданды. Бұл сұрапыл соғыс әсер етпеген бірде-бір шаңырақ болмады. Әр үйден кем дегенде екі адам әскер қатарына алынды. Ұлдарының, әкелерінің, аға-бауырларының не өлі, не тірі оралатынын білмей үйлерінде қалған әйелдер мен аналардың әр күні қорқынышпен өтті. Ал, отбасында соғысқа баратын ерлері жоқ нәзік жандылар да Отанын қоғауға аттанды. Олар қолдарына қару алып, тіпті танк, ұшақ сияқты ауыр техникаларды да басқарған. Осындай ержүрек нәзік жанды Қаһарман атағына ие болған апамыз Хиуаз Доспанова. Тұңғыш ұшқыш әйел, қазақ қызының әуеде ұшақты басқарып жүріп жасаған ерліктері соғыс жылдары барлық КСРО-ға белгілі еді. Әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанған Хиуаз Доспанова ол кезде 20 жаста еді. Осындай жасында әуе техникасын жетік меңгерген ол, түнгі мезгілде жау шептеріне әуеден шабуыл жасаған. Ол штурман еді. Авиацияда штурманның атқаратын жұмысы өте маңызды. Кез-келген оқыс жағдайға дайын болып, әуедегі шайқастан ұшақты ішіндегі жауынгерлерімен қоса аман алып шығу керек болды. Осы міндетті абыроймен атқарған батыр апамыз көптеген жоғары марапаттарға ие болған. Еліне деген сүйіспеншілігі, бойындағы намыс пен күш-жігерінің арқасында «Гвардиялық» деген атақ алды. Соңынан «Тамань», «Қызыл Ту», «Суворов» ордендерінің иегері атанды. Әуедегі ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова «Халық Қаһарманы» деген атақтың иесі. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қайсар ерлікпен келген жеңіс

Осыдан 75 жыл бұрын, таң ата бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттар ағылды. Кеше мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер соғысқа сұранды, аталар мен әжелер зар қақсады. Барлық жастар майданға, Отанын қорғауға ағылып, асықты. Ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың Отаншылдық, патриоттық сезімі қолына қару алып, сапта тұрған көптеген солдаттардың, ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі, рухы мен қайсарлығы жеңісті бір табан жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстанда аттап өтпегені баршамызға мәлім. Сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап жеңісті сарыла күтті. Әйтеуір жеңіс келді. Үміттері мен сенімдері, армандары орындалды. Осы жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған адамдар, асыл азаматтар, батыр аналар мерт болды. Жауларымен жан аямай күресіп, ерліктің ерен үлгілерін көрсете білді. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры, жазушы Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген. Миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды», - деп өз ойын айтқан. Ұлы Отан соғысы халық өмірі мен тағдырымен тығыз байланысты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Майдан шебінде күрескен жауынгер халық

Күллі әлемнің ашу-кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл, жүрек!
Қ.Аманжолов
Соғыс. Қантөгіс. Бұл екі ұғым егіз. Бірінсіз бірін елестету мүмкін емес.
Ұлы Отан соғысы... Еліміз бен жерімізге қаншама қасірет ала келді. Халық басына төнген ауыртпалықты Отанының адал ұлдары мен қыздары қайыспай көтере білді, қарсы шығып, жеңе білді. Сол ата-бабаларымыздың арқасында біз бейбіт өмір сүріп отырмыз. Шүкіршілік! Қазақ халқының жаратылысынан елін, жерін қорғап, жауға қарсы тұра білетін халық екендігін тарихтан жақсы білеміз. Қанмен берілген қасиет дер едім. Ұлы Отан соғысына да біздің ата, апаларымыз аянбай ат салысып, ерліктің туын биік көтергенін біз мақтан етеміз.
Ұлы Отан соғысының тарихында қаһарман Брест қорғанысы-совет жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігінің асқақ бір үлгісі болып қалды. Белоруссиядағы Батыс Буг өзенінің бойында орналасқан осы көне қамал Отанымыздың қасиетті тыныштығын қапыда бұзған қасақы жауды алғашқылардың қатарында кеудесін оққа тосып қарсы алды.Соғыс басталған сәтте небәрі бір ғана полктей жауынгері бар қамал гарнизоны күші әлденеше есе басым жаумен бір ай бойы беріспей шайқасты. Олар басқыншылардың терең тылында қалса да нағыз қайтпас қайсарлықтың, Отанға деген асқақ адалдықтың хас үлгісін көрсетті. Қазақ халқы ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер халық болған. Отан үшін жан беріп, жан алысып жүрген қазақ жауынгерлерінің ішінде көптеген ақынжазушыларымыз да бар еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!

Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, — деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол — өмір заңы. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өз ұлтын сүюшi адаммын

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысы...
Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы-қасірет, қантөгіс, өлім-жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған-туыстан, жақын-жорадан, қарулас досыңнан айырылу.Тарихта небір алапат соғыс болғанмен, солардың бірде-бірі екінші дүниежүзілік соғыспен теңесе алмайды Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды.Елімізде соғыс оты шарпымаған шаңырақ қалмады.Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да . Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Табан ет, маңдай термен келген Жеңіс!

Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Сұрапыл жылдар

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқдаусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын
Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қанша ма үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мәнкетіп,сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әрүйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Менің атам Жалбыров Жағыпар Жалбырұлы 1939жылы аттанған екен. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Нағашы атамның естелігі

Ата мен әжемнің ойлы әңгімелерін ұйып тыңдап, санаға тоқығанға не жетсін?! Нағашы атам Қазиев Оржанның да кеудесі сыр сандыққа толы.Ол үнемі бізді әңгімеге тартады.Солардың бірін паш етейін.
Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес жастағы бала едім.Бір күні біздің ауылдың ортасына көп атты кісілер жиналды.Ауылдың бар адамы жиналып шулап, жылап жатыр. Тіпті, үлкен шалдарға дейін кемсеңдеп,әлдебір ағалармен қимастықпен қоштасып, «қарақтарым,жортқанда жолдарың болсын, Қыдыр баба қолдап жүрсін» деп бата қылып шығарып салып жатыр екен.Мезгіл желтоқсан айының іші болса керек.Жерде қар бар. Көк атты жортып,ауылдан ұзай берді.Бір кезде менің ағам Қазиев Серғазы астында өзіміздің жүйрік жирен бие,қайырылып шауып келіп мені ат үстіне көтеріп алып, сүйіп-сүйіп: «аман бол,әлі ертең сен жігіт боласың»деп маңдайымнан иіскеп,қайта жерге түсіріп манағылардың артынан шауып кетті.Ауыл адамдары кетіп бара жатқандарды көз ұшына шығарып салмай,үйлеріне қайтар емес.Мен де тосын жайға таңырқап, есік алдындағы күлдің үстіне жалаңаяқ шығып тұрғанмын.Соны байқаған ағайым мені қимай, аяп оралған беті екен.Әлі есімде.«Мына ит тоңып қалды ғой» деді.Бұл мен көрген бір көрініс.Ол кезде біздің ауыл №17ауыл совет деп аталады.Үш кішкентай Социнал, Коммуна, Чапай атты колхоздардың басын құрайды.Орталығы біздің ауыл-Коммуна колхозы.Ол кезде біздің ауыл Мақат ауданына қарайды.Әскери комиссариат Доссорда. Жаңағы кеткендер сол жерден аттарын қайтарып өздері майданға аттанбақ. Кейін есейгенде естігенімдей бұл кеткендер шамасы 25 адам болса керек......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Құрметтейік жеңісті мамырдағы

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Сөз соңында айтарым, мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін. Баласы Махамбеттің айтуынша Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысының әкімі болған кезде Елбасымыз алдына «Халық қаһарманы» атағын беруге ұсынған екен. Ол мәселе аяқсыз қалған. «Неге аяқсыз қалған?» деген сұрақ мені мазалайды. Былтырғы жылы Атырау қаласында көше аты берілген екен. Мұның өзі көңілге қуаныш ұялатады. Алайда Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алса, тіпті деректі фильм түсірілсе, халық Рақымжан Қошқарбаевты қалай таныса Кенжебай Мәденовті де солай таныса деймін. Әлі де болса іздестіріп өмірінің әрбір сәтін жүйелеймін.
МХК – де қызмет атқарып жүрген кезіндегі атқарған істерін де зерттеймін. Бір деректерден құпия түрде Ағылшын - Ауған соғысына жіберілді деп естідім. Бірақ мұның беймәлім жақтары көп. Осы деректер менің қызығушылығымды оятады. Алайда Кенжебай атаның Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерінің өзі үлкен бағаға ие болуы керек деп ойлаймын. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей жас ұрпақ аға буынға қарап сап түзейді емес пе? Бүгінгі күннің жас ұрпағы атынан менің ұсынысым ел ағалары ол ерлікті бағалап Кенжебай атаның ел тарихында елеулі орын алуына, «Халық қаһармандарының» қатарына енуіне септігін тигізсе ата - бабамыздың аруағы бір аунап қалар ма еді?! Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Барлығы Жеңіс үшін!

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы отан соғысы басталды. Таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында қалам ұстап отырған оқушылар мен студенттер қаламдарын қаруға ауыстырып, қан майданға аттанды. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың адам қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтарылуы керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі сол беларусь жерінде қалып қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен-ақ жұдырықтай жұмылып, бір адамдай қызмет етті. Республиканың түкпір-түкпірінен әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақ шақырылған. ......
Шығармалар
Толық
0 0