Шығарма: Атамның әңгімесі

Осыдан 75 жыл бұрын таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Әр адам соғыс деген не екенін өз әжесінен,атасынан,ата-анасынан,туғантуысқанынан,жақындарынан біледі.Соғыс...Қанша зорлық,қайғы,мұң,ащы сезімді және жалғыздықты бұл кішкентай ,бірақ өте елеулі сөз білдіреді.Ұлы Отан Соғысы кезіндегі адамдар көз алдында мыңдаған адамдар жойылып,көптеген отбасылар үрім бұтағымен қырылғанды өз көзімен көріп,басынан кешкен болатын. Әр шаңырақ өз ағайындарын,әкелерін,балаларын жоғалтқан. Ұлы Отан Соғысы 1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін созылды. Ресми статистика бойынша 26,6 миллион адам көз жұмған,олардың ішінде 8,7 миллионы майданда болған әскери қызметшілер. Бұл соғыста өте көп адам батыр болып өмірін қиды,соғыста айырылған адамдардың саны тіпті қазіргі уақытта болса тым үлкен және бұл жайында адамдарға әңгімелесу қиынға түседі. Неге десеңіз,себебі осы қырқысты бастаған адамзаттың өзі . Сол қатал соғыста менің арғы атам болған еді.Есімі-Тұқманов Жанғазы. Ол 1896 жылы Алакөл(Екішоқ) ауылында дүниеге келді.Атам,сол уақытқа сәйкес сауаттылыққа үйде үйренген. Қазақ, араб және орыс тілінде еркін сөйледі. Молланың баласы болған,әкесі өте діншіл,қажылыққа барып келген адам еді.1930 жылдары ашаршылық пен репрессия кезінде Ресей еліне Новосибирск облысына көшіп кетті.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шуағы тарқамасын жер үстінің

«Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс өткен екен. Өте бір жан түршігерлік сандар. 4 млрд адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс.110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді сарыла халқымыз атандай 4 жыл күтті емес пе? От жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп-қатерге толы болғанынқолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су орнына қан кешіп, жаумен бетпе –бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұмытар ма мені елім

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың кеңес халқының жеңісімен аяқталғанына биыл 71 жыл толмақ. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл соғыс жер бетіндегі болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО-ның тарихында бұл соғыс «Ұлы Отан соғыс» деген атқа ие болды. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірді. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың алғашқылардың бірі болып 312-ші атқыштар дивизиясы, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқаста жеңіп шығып, неміс-фашист басқыншыларын талқандап, қалаларды азат еткені үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебеков, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаhарманы Бауыржан Момышұлы бар. Б.Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизияны басқарған жылдары кеңінен ашылды. Оның қаламынан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Қанмен жазылған кітап», «Генерал Панфилов», «Соғыс психологиясы» атты туындылары дүниеге келді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Маған қымбат ашық аспан

Соғыс... Әлемнің барлық тілдеріндегі ең үрейлі сөз. Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдағы ірі оқиға болып, тарихқа қасіретті беттер қосыты. Мен бақыттымын. Өйткені мен өз көзіммен соғысты көрген жоқпын. Осы сұм соғысқа біздің құрдастарымыз қатысқаны туралы ойлаудың өзі ауыр. Төрт жыл бойы адамдар қанды қырғынның, зұлымдықтың, қатігездіктің салтанат құруына куә болып, онымен күресіп, күл талқан етіп жеңді. Аязға, суыққа, аштыққа, жау оғына шыдап, ұйқы туралы ұмытты. Соғыста менің халқымның адам баласына тән ең жақсы қасиеттері: батылдық, ерлік, қайсарлық, кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншік сезімі бой көтерді. Қанша қиындық көрсе де сағы сынған жоқ. Соғыс адал, мейірімді адамды қатігез ете алмайды, олай болуы мүмкін емес. Жаратушы табиғаттың заңына ол қайшы келеді. Сол жылдар туралы естеліктерді майданнан келген бір жапырақ қағаз, жұпыны ғана ашық хаттар, ардагерлердің кеудесіндегі алқалар сақтап келеді. Соғыс ешқашан ұмытылмайды. Соғыстың түнегін, азабын көрген жауынгердің, баласынан, қосағынан айрылған ананың, талай адам көз алдында бақилық болып кеткен майдандағы дәрігердің түсіне енері анық.
Жаңғырып орны жараның,
Жазылып әлі кеткен жоқ,
Жоғалтқан ұлын ананың,
Көз жасы әлі кепкен жоқ .......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жеңіс тойы жаса мәңгі

Құрметті: тәрбиешілер, балалар!
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі!» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бала атпен шауып келеді. Ауылға Зейнұр күйші, ауыл ауылды күй тыңдауға шақырамын. Балалар келіп дөңгеленіп отырады, күй тыңдайды.
Осы кезде соғыс басталғанын хабарлайды.

"Майдан" әні
Ер балаларды соғысқа шығарып салады.

Сабина: Құрдан қол бұлай отыра бергеніміз жарамас азаматтарымыз соғысқа кетті, еңбек етіп қол ұшымызды тигізейік, жұмысқа кірісейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз елдің бейбіт ұрпағы

...Жасқанып өскен, жаумен жағаласа алмайды... Жастарды біз ержүрек етіп тәрбиелеуге міндеттіміз» -деген Бауыржан Момышұлының өсиетті сөзін оқып, терең ойға көмілдім...
Қазақтың мақтанышына айналған хас батыр ғана осылай қасқайып тұрып айта алады. Бұл жай тілек емес, бұл – аманат , бұл – тағлым. Ерлік жасау үшін ержүрек қана болмай, елін, жерін сүйетін үлкен жүректі азамат болу керек. Батыр туған жерінің қасиетті топырағынан, суының тұнығынан, елінің парасаттылығынан жаралады екен. Сол бір зұлмат соғыс – Ұлы Отан соғысында аталарымыз Жеңіске жетті. Ұлы Жеңіске оларды жетелеген – жасқанбайтын өр мінездері, жауына бітіспес өшпенділігі. Ұлы Отанын қорғаған Кеңестер Одағының әр азаматы Жеңіс күнін жақындатып, қасық қаны қалғанша күресті. Сұрапыл соғыстағы Жеңіске биыл 70 жыл толады. Содан бері 70 рет жиде гүлдеп, 70 рет қайың бүр жарды...
Арысынан айрылған аналар, боздағынан айрылған сұлулар, әкесінен айырылған балалар сан мыңдаған рет терең күрсініп үнсіз көз жасын төкті...Иә, 70 жыл аз уақыт емес... 70 жылда үш ұрпақ дүниеге келіп, өсіпөнді. Бірақ соғыс салған жүректегі іздер әлі жазылған жоқ. Жазылмақ емес, өйткені адамзат тарихындағы бейбіт жатқан елге жасалған жауыздық, көзден аққан қанды жас, дүниеге келмей жатып жетім атанған баланың көз жасы ешқашан ұмытылмайды. Иә, «Ерлік ел жадында сақталады» дегендей, ұрпақтан-ұрпаққа олардың ерліктері жайлы естеліктер жазылып, тарихи бағалары берілді, әлі де берілері хақ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер,
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.
М.Мақатаев
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі шартты бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ең ауыр соғыс басталды. И.В.Сталин 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиетте бұл соғыс "Ұлы Отан соғысы" деген атқа ие болды.
Ұлы Отан соғысы жағдайында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге, соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды. Малшылар да аянбай еңбек етті. Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайында техниканың жоқтығы миллиондаған бас малды жем - шөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. Тамақ өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізді. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанды. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы, аянбай қиян-кескі шайқастар жүргізді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Халық қаһарманы Батыр қазақ-БАУКЕҢ!

Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады
Б.Момышұлы
Биыл қазақтың біртуар батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 106 жыл толып отыр.Баукеңнің ерлік істері, жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгілік сақталады.Жадымызда мықтап жатталған даңқты тұлға есімі тарихта алтын әріппен жазылған.Қызыл империя белсенділерінің қатыгез саясатының нұсқауымен қасапшы машина қаймана қазақтың «сүт бетінен сылып алар қаймағын», яғни, саналы һәм санаулы асылдарын аяусыз қырып-жойғаны белгілі.Бір өкініштісі, бұл келеңсіздік Ұлы Отан соғысы тұсында да жалғасып, ұлы далада өсіп-өнген қайсар ұлдардың есепсіз ерлігін тиісінше бағаламады, тылдағы ерен еңбекті елемеді.Керісінше, аз ұлттарға әрдайым қысым көрсетіп, қиянат жасап, марапат-атақтан, жоғары лауазымнан шеттетіп әлекке түсті. «Қызыл империя күшейіп тұрған шақта Баукеңнің асқан батырлығы да, қайраткерлігі де, жазушы ойшылдығы да дұрыс бағаланған жоқ.45 жыл бойы батыр атағына екі рет ұсынылса да берілмей қойды.Мәскеудегі Жоғары академияда 5 жыл “Жоғары тактикадан» аға оқытушы болып қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті.13 жыл генералдық қызмет атқарды.Бірақ генерал шені берілген жоқ». (Әскери журналист қолжазбасынан). Сол кезде жоғарғы әскери басшылыққа өзге ұлттың өкілін араластыра бермейтін саясаттың зардабы өлшеусіз болды, оны жария заманда бірақ білдік.Оның үстіне жалғандықты, жағымпаздықты өлердей жек көріп, жақтырмайтын бірбеткей Бауыржан Момышұлының ешкімнен қаймықпас өжет мінезі де шовинистік пиғылдыларды әбден қитықтырып, биліктегілер шешім қабылдар кезде әдейі сыңар езулікпен бұра тартуын тоқтатпады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біздерміз азат етер адамзатты

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сан, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбсының өміріне жазылмасжараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр – қайратының бірлігінің дәлелі еді.
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда Германия КСРО – ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні еңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетеін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жетпіс бір жылдай уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали атамыздың мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шексіз алғыс ардагерлерге

Адамдар! Ақтық демдерің біткенше есте сақтаңдар!
Бақыттың қандай бағамен келгені естеріңде болсын!
Р.Рождественский.
1941 жылдың 22 маусымы тамаша күн болып еді. Соғыс басталды деген қорқынышты жаңалықты естіген кезде адамдар өздерінің күнделікті істерімен айналысып жүрген. Осыған дейін Еуропаны жаулап алған фашистік Германия сол күні біздің Отанымызға тап берді. Біздің жауды жеңе алатынымызға ешкім күманданған жоқ. Патриоттығымыз бен батырлығымыздың арқасында біздің халқымыз осы жаман уақытты басынан өткере алды. Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдары аралығында еліміз миллиондаған адамдардан айырылды. Олар жеріміз бен билігіміз үшін аяусыз айқастарда құрбан болды. Болып жатқан жағдайларға осы адамдардың бір де бірі кінәлі емес болатын. Олар жай ғана өздерінің елін қорғады. Бұл әрқайсысы үшін қиын уақыт болды.
1942 жылдың күзі немістер қазіргі Санкт-Петербург қаласы – Ленинградқа дейін жетті. Қаланы қоршауға алу үш жылға жуық уақытқа созылды. Сол уақыттың ішінде адамдар суықты да, аштықты да, ашынуды да бастарынан кешірді. Тірі қалу үшін иттер мен мысықтарды жеді. Дегенмен, қала жауға қарсы төтеп бере алды, ұнжырғасы түске жоқ, ал адамдар қатал қанішерге айналған жоқ. Олар өз Отанына адал болуды жалғастыра берді. Әкемнің атасы, менің арғы атам өзінің алған жарақатының тарихын айтып берген. Бұл тарих біздің отбасымызда ұрпақтан ұрпаққа айтылып келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0