Шығарма: Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!

Басы қатты, аяғы тәтті болған кез...
1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Ия, осы уақыттың сүйекке таңба салған жарасына, қайтпас қайсар бабаларымыз мойынсұнбай төтеп берді. Кешегі оқиға, бүгінгі тарих. Олай болса сол тарихты білу, келешекке үмітпен қарайтын мына біздерге парыз. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.
«Ерліктің қос қанаты деп білемін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Батыр бабаларға мың тағзым

Тарих беті үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмей қалмайтын тарихи оқиғалар айтарлықтай көп.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыстың қасіреті мен ұлы жеңістің қасіретін арқалаған қадірлі,қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Ұлы Отан соғысы халыққа көптеген қасірет әкелді.Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтардан 1млн 200 мың адам қатысты.Соғыста олардың 600 мыңы қайтыс болды. Гитлер КСРО-ны «Барбаросса» жоспарымен 3-4 айда басып аламыз деп есептеді. Бірақ,соғыс 1418 күнге созылды. Гитлер бастаған фашистер 1941 жылы 22 маусымда КСРО аумағына баса көктеп кірді.1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волоколомск бағытында ұрысқа шықты. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075-ұлан атқыштар полкы жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Взвод жауынгерлері бар жоғы 28-панфиловшылардың ерлігі ешқашан естен кетпейді. Олар 4 сағат бойы жауға тойтарыс берді. Жаудың 14 танкісінің көзін жойып, 28 панфиловшылар алапат батылдық танытып, теңдессіз жау күшіне едәуір қарсылық көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. Солардың 22-сі қазақстандықтар еді. Москва облысының Бородина селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңес одағының батыры атағы берілді.
Автоматшылар тобын басқарған Мәлік Ғабдуллин ерекше ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын зор марапатпен алды. Бородина селосының түбінде Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды. Кеңес Одағы батыры алғандардың қатарында Маңғыстаулық Мәди Бөгенов, Жұмағали Қалдықадыров, Біләл Қалиев пен жауынгерлік «Даңқ»орденінің иегері Кемел Оңғарбаев бар. Хиуаз Доспанова қазақстандықтардың тұңғыш әскери ұшқышы......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Батырдың аты өлмейді

Менің туып – өскен жерімде қаншама батырлар есімдері үлкен құрметпен аталып жатады. Өйткені, батырлар есімі ешқашан атаусыз қалмақ емес. Осындай батырларымыздың аттарын кейінгі жас жеткіншектер ұмытпай, өз еліміздің патриоты болып тәрбиеленуі үшін айтыла бермек. Солардың бірі гвардияшы – панфиловшылардың бірі, Кеңес Одағының Батыры Нұрсұлтан Есеболатов атаның есімін, ерлігін ерекше атағым келеді. Нұрсұлтан атаның 2013 жылы 100 жасқа келген тойы сол туған ауылында аталып өтті. Ал биылғы жылы Ұлы Отан соғысына 71 жыл болмақ. Небәрі, 27 жасында соғысқа аттаңған жас жігіт елі, жері үшін жанын қиып, соғыста қаза болды. Артында жылаған анасы, бауырлары, жерлестері қалды. Ол кісі қайтып келген жоқ. Бірақ, Нұрсұлтан атаның атында ауыл, көше, мектеп бар. Сол ауылда, аудан орталығында батырға арналған ескерткіш пен мұражай бар. Жылда 9 мамыр Жеңіс күнінде ескерткішке барып оқушылартағзым етеді, гүл шоқтарын қояды.
1418 күнге созылған бұл соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін қасық қаны қалғанша , көкіректерінен жаны шыққанша қазақ халқы да өз үлестерін қосты. Қазақ жауынгерлері Брест қамалынан бастап ,Берлинге дейін барды. Қайран ерлер Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде ,Ленинград пен Москва үшін болған шайқастарда көзсіз ерлік көрсетті.Көптеген елді мекендерді азат етті. Олар одақтастарымыз Польша, Румыния, Чехославакия Болгария, Германия жерінде орақ пен балға бейнеленген қып-қызыл туды желбіретіп өтті......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгі өшпес ерліктер

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
Бауыржан Момышұлы
Міне, қаншама азаматтар Отан үшін жан алысып, жан беріскен Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз еңбек еткен жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көздері жасқа толып төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпай, әке орнына әке, аға орнына аға бола білген аналар, қыз – келіншектер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып, бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді еске салады.
Қазақ – ел басына қара бұлт үйірілген шақта жалғыз жанын шүберекке түйген жауынгер халық. Ұлан – байтақ даласының жаудың қол астына өтіп бара жатқанына намыстанып, қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған, осылайша майданда ерлік көрсеткен. Тіпті арыға бармай – ақ кешегі Ұлы Отан соғысының тарихына көз салсақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанын анық көреміз. «Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық» деп Бауыржан Момышұлы бастаған ел азаматтары ел үшін арпалысып, болмайтынды болдырып, жеңіп шықты, батыр атанды. Мәселен, осы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанның 500-ден астам ұлы мен қызы «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Олардың жүзден астамы «Даңқ» орденінің иегері атанды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отанға деген сүйiспеншiлiк

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы.
1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел қасиеті-ер қасиеті

Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл соғыс кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнекей жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыз қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да ,туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ғасырды көрген данышпан

Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсіз. Өйткені, бір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда бір мың төрт жүз он сегіз күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы-қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллион адамдардың өмірін қиған, жер бетінде бұрын - соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған «мызғымас» одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қаққан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түрегелді. Мәскеудегі басшылар мұны Ұлы Отан соғысы деп жар салды. Тарих беттеріне солай деп жазылды. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбеккерлерді жігерлендірді. Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ, қандай шығынмен десеңізші?! Қаншама жас қыршын кетті?! Тіптен, бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін солардың тым болмаса бірі елге дін аман оралмаса, не дейсіз?! Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті?! Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілдері суығанша үміттерін үзбеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Атамды мақтан етемін

Иә, мен өз атамды мақтан етемін. Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында менің атамның құрметіне арналған оқушылар арасында шығармалар жарысы өткізіліп жатыр. Өзім қатарлы өзге балалар атам жайлы өз ойларын жазып жатқанда менің де жазғаным дұрыс болар. Менің атам-Дүйсенбиев Уәли 1924 жылы 1 қаңтарда Қармақшы ауданының Қызылсая колхозында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. Жас кезін есіне алғанда, жоқшылықты көп көріп өскендігін айтады.Ұлы Отан соғысы басталған кезде атам небәрі 17 жаста болған екен. Екі жылдан соң , 1943 жылы Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 94-атқыштар дивизиясы құрамында Қиыр Шығыста болыпты. Бір отбасынан соғысқа аттанған Жәли, Әли, Уәли атты үш жігіттің екеуі соғыстан оралмаған. Соғыстан аман қайтқаны атам ғана болады. Бауырларын үнемі айтып , көзіне жас алып отырады. Атамның айтуынша, соғысқа аттанарда әжесі кішкене бойтұмарға туған жердің топырағын салып ,мойнына тағып беріпті. Қайда жүрсе де бойынан тастамапты. Алыста жүріп туған жерді, туған елді, туған-туысқанды сағынғанда , киелі туған жердің кішкене топырағы көңіліне демеу болыпты. 1945 жылы жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысыпты. Елден соғысқа бірге аттанған жолдасы Ізбасов Жолаушы екеуі бірге жүріп, бірге соғыстан оралыпты.
Соғыстан оралмай қалғандары қаншама.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отты жылдар жаңғырығы

Мен соғыстым, жоғалды жолдасым көп,
Өмірде жауыздықтар болмасын деп.
Мен жеңдім, жаралы ормандарға,
Жаралы құстар келіп қонбасын деп.
Мұқағали Мақатаев
Біздің халқымыз қай уақытта да өз намысын, өзініңелімен жерін, Отанын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған халық. Қандай да қиындыққа төзген, мойымаған, оны жеңе білген. Осындай зұлматтың бірі – Ұлы Отан соғысы. ҰлыОтан соғысы басталғанына биыл 75 жыл болды, ал Жеңіске 71 жыл толмақ. Осыншама жылдар өтсе де бұл қырғын соғыс, оның салған жарасы, халқымыздың естен кетпес ерлігі ұмытылмайды.
Рас, қайғы-қасірет бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен, әр адамға бір қайғы
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, - деп ақын Мұқағали жырлағандай сол бір сұрапыл жылдар тарихта өшпес із қалдырды. Біз XXI ғасыр ұрпағы, қазіргі заманның жастары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы тек тарихтан ғана білеміз кітаптан оқып, кинолардан көреміз. Сол зұлмат жылдардағы халықтың тартқан тауқыметін соғыстан жеңіспен аман-есен оралған ата-әжелеріміздің әңгімесінен естідік. Елге қауіп-қатер төнген отты жылдарда, сын сағатта біздің Қазақстаннан барған ерлеріміз де Отан үшін, Ел үшін,Жеңіс үшін жандарын пида еткен. Қазақстаннан майданға шақырылған мыңдаған адамдардың көпшілігі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, кейбіреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Кеңес одағы Батыры атағын алған 500қазақстандықтардың ішінде Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Батыр атағын екі мәрте, ал Шымкенттегі Чугуев әскери училищесінің түлегі И. Кожедуб үш мәрте иеленіпті.....
Шығармалар
Толық
0 0