Курстық жұмыс: Экономика | Жер қойнауы туралы түсінік

1.1. Жер қойнауы туралы түсінік.
Жердің сыртқы қыртысы "литесфера" деп аталады. Еның радиусы 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.
Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.
Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек,
• рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б.
Адамдар өте ерте заманнан бері жер қейнауынан пайдалы заттарды алып пайдаланып келеді. Жер қейнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ, жер қойнауындағы минералдық: қазба байлықтар осы заманғы индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыр өнеркәсіп өнімдерінің 90%-і, халық тұтынатын тауарлардың 20%-і минералдық шикізаттан алынады.
Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Шегінерге жер жоқ


Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының фашистік Германияға қарсы күресіндегі ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылғы күз және қыс айларындағы жеңістері болды. Бұл шайқас жарты жылға созылып, соғыстың бастапқы кезеңінің тағдырын шешті. Москва түбіндегі ұрыста совет армиясы алғашқы стратегиялық жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бұл жеңістің маңызы жөнінде партия тарихының, көп томдығында былай делінген: «Ірі әскери — саяси мағынасы бар соғыс барысында түбірлі бетбұрыстың бастамасы болған майдандағы елулі шегіністерден кейін жеткен ұлы жеңістің басқа үлгісі тарихта болған жоқ. Совет Қарулы Күштерінің Москва түбіндегі жеңісі тағы да Ленин сөздерін растап берді. «Жұмысшылар мен шаруалардың көпшілігі өз өкіметін, совет өкіметін — еңбекшілер өкіметін қорғайтындығын, жеңген күнде мәдениет игіліктерінің бәрін, адам еңбегі жасаған нәрсенің бәрін өздерінің және ол балаларының пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін істі қорғайтындығын білген, сезген және көрген халық еш уақытта жеңілмейді»,— деген еді В. И. Ленин. Неміс армиясының Москваға шабуылы Совет Одағы үшін қауіпті күндердің бірі болды. Гитлер өзінің армиясына тезірек жеңіске жетуге бұйрық берді, ол былай деп жазды: «Бірнеше аптаның ішінде ірі өнеркәсіп орталық біздің қолымызда болды. Жауды талқандау үшін қолайлы кезең туды, өлтіре соққы беретін кез келді. Бүгін осы жылдың тағдырын шешетін соңғы шайқас болады». .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады... /2/ ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жергілікті қаржының мәні мен маңызы

Жергілікті қаржы - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріндегі білім беру бағыттары

ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы, географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Жер қойнауы туралы түсінік

Жердің сыртқы қыртысы "литесфера" деп аталады. Еның радиусы 15-18 км-ден 80 км-ге дейін болады.
Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.
Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек,
• рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жергілікті жердің ауа райы. Қазақстанның климаты (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жергілікті жердің ауа райы. Қазақстанның климаты
Оқу мақсаттары: 2.2.2.1 Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау.
Сабақ мақсаттары: Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?1-сабақ
Оқу мақсаты: Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
Сабақ мақсаты: Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0