Курстық жұмыс: Геология | Жалпы жер туралы түсінік

Кіріспе.
«Жалпы жертану»-біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория,материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі.Сондықтан «Жалпы жертанудың » теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады.
Болашақ мамандардың географиялық дүние-танымына негіз қалайды. «Жалпы жертану» пәніндегі географиялық дүние-таным біртұтастығымен сипатталады :табиғи құбылыстар мен процестер бір-бірімен ғана емес Қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады.
«Жалпы жертану» глобальды экологиның теориялық базасы болып табылады, өйткені тірі организмдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады. Глобальды өзгерістерді зерттеудегі негігі мақсат: Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биолгиялық процестердің қарым-қатынасын анықтау, оған ғылыми тұрғыдан баға беру.
Біртұтас жүйе –географиялық қабықша (комплекстік геосфера , эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің , эволюциялық географияның , Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4 A Ғұндар
Сабақ тақырыбы: Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады
тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Оқушылардың басым бөлігі:
тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
тарихи кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер деп соқса дағы жүрегім

Туған жерім - Отаным - Қазақстан. Отанымның мен үшін орны әрдайым ерекше. Қазақстан дегенде естір құлақ өзгеше. Тіпті сол сөздің өзі ыстық секілді.
Қанша жерге, қандай жерге барсақ та үйімізді, отбасымызды сағынып тұратынымыз рас. Ия, тіпті сол уақытта жүрегің әлденеге елпілдеп, «туған жер, туған жер» деп дамыл қағып соғатындай көрінеді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе? Мен үшін өзімнің Састөбем айдан да, күннен де артық. Қызық, қазірдің өзінде сәл бір жаққа аз ғана уақытқа шықсақ , дереу сағынып, үйге қайтқымыз келеді. Ал кейін оқуға түсіп, уйден, туған жерден жыраққа кетсек не істер екенбіз? Нендей сезімде болар екенбіз?......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Жеңіс күні немесе туған жер ұғымы

Станса басынан колхозға қарай бастай беретін аттылы-жаяу талай жол қылған қара жолдың бойында жол қапшығын арқалаған Жеңіспен оралып келе жатқан солдат келеді. Солдаттың дәл қазір қай майданда соғысқаны да, оның қандай бөлімде соғысқаны да маңызды емес. Бәрінен де маңыздысы – оның туған ауылынан мүлде жырақ жерде өткен соғыстан кейінгі өзінің туған жерін – қазақ ауылын сағынып келе жатқандығы.

Солдатты енді бір сұрақ қинайды. Ол алдынан шыққан ақ шашты ананың: «Менің ұлымды көрмедің бе?» – деген сұрағы. Ақ шашты ана ұлынан «қара қағаз» алған екен ғой. Мүмкін ақ шашты ананың ұлы мен соғыстан қайтқан солдат құлын-тайдай тебісіп бірге өскен жандар шығар? Мүмкін екеуі майданға да қарайлас алынған шығар? Бірақ соғыс алақандай ғана ауылдың көлеміндей жерде өткен жоқ қой. Мүмкін екеуі екі майданда соғысқан шығар? Көрмеген.

— Тілектестің көкесін көрмедің бе?

Қара торы келіншек солдатқа үмітпен қарайды. Тілектестің көкесінен де «қара қағаз» келген екен ғой. Бірақ Тілектестің көкесінің де, ақ шашты ананың ұлының да сүйегі жат жерде қалып қойып, солдат өзінің ауылына аман-есен келіп тұрғанына жазықты емес қой.

Рашид Мұсабаев орындайтын «Жеңіс күні» әнінің мына бір сөздерінде (музыкасы Д.Тухмановтікі, сөзін жазған В.Харитонов, сөзін аударған Бегілдә Алдамжар) соғыстан қайтқан солдаттар Аналарға есеп береді:.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.1.10. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде).
Сабақ мақсаттары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін жіктеп, бағалауды үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан жеріндегі ерте және орта ғасырлардағы мемлекеттер

Б. з. д. I - II - б. з. V ғасырларда шығыстан батысқа қарай алғанда, Іледен Талас өзеніне дейін, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі аумақта Үйсін мемлекеті жайлады.

Осы кезеңнен бастап ежелгі түркі тайпалары мекендеген аймақта көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы басталды. Түрік қағанаттарында мемлекеттілік одан әрі жетіле түсті. Билік қағанның қолында болды. Түркілік қағандар мемлекетінің басты белгісі болды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Жерорта теңіз алқабы

Кіріспе
Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды.
Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты.
Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі

Арал ауданында қалыптасқан жалпы қолайсыз экологиялық және әлеуметтік-экономикалық әл-ахуал барлығымызға мәлім. Арал теңізі орталық Азияның континенттік ішкі су қоймасы ретінде экономикалық маңызды толығымен жоғалып бара жатқандығы туралы берік және жалпыға ортақ әсер қалыптасты. Арал экологиялық апаты аясында: Сырдария мен Амудария ағысын реттеу (жалпы судың теңізге құйылуының тоқтатылуы), теңіз суы тұздылығының 6-8 промильден 25-35 промильге (2/1 литр) күрт артуы, Арал теңізінің «Үлкен» (тұздылығы 60-80 промильге дейін) және «Кіші» (тұздылығы 30 промильге дейін) Арал деп аталатын екі су айдынына бөлінуі, жағалаулардың шөлге айналуының үдеуі және т.б. көріністер орын алды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер

Отырып-ап, армандаймын, қиялдаймын бір сәтке,
алай қызық, талай ғажап бұл өмірден көрсек те .
Туған өлкем перзентіне бал бақытын сыйлаған,
Мақтанамын қасиетіңді сыйғыза алмай жер-көкке.
Туған жерім, хош иісің жұпар еді, ой неткен!......
Шығармалар
Толық
0 0