XXI-ғасыр келуі өркениеттің дамуы бізді телефонға телміртіп,әлеуметтік желі құрбаны қылуда.Осы тұрғыда жазып жатқан менде, оқып отырған сізде,қолданып отырған ұялы байланыс жайлы сөз қозғамақпын. Жақсылығымен жамандығы қатар жүретін заманда,ұялы телефонның пайдасыда зияны да бар.Көбіне пайдасын іздеп зиян жағына кетіп жатамыз,әсіресе қоғам жастары түнімен музыка тыңдайды,уақыт босқа өткізуі тағы бар.Ғалымдар зерттеуі бойынша ұялы байланыс зиянынаң көздің көруі, не болмаса адам жүйке жүйесіне, сонымен қатар есте сақтау қабілеті төмендейтінін бұрыңнан айтып келеді.10 жыл шамасында үзбей пайдаланған болсаңыз, ең бірінші адамның миына зиянды заттарды еңгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі,ал болашақта мидың қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.Ал күнделікті өмірде жұмыс орында,не болмаса көшеде,тіпті жатар алдындада электронды хат,қоңырау, жарты сағатта келмесе қайта –қайта қарап қуатын тексерумен боламыз.......
Отаным десем, ойыма, Шалқыған байтақ жер келер. Отаным десем, ойыма, Көгілдір тартқан көл келер. Баурайы байлық, қойны құт, Отаным ешқашан Тәуелсіздік, осы тәуелсіздік деген не, оның маңызы неде? Тәуелсіздік ол Мекен де болмас тең келер! –деп, ел, туған жер құдіретін шалқи жырлаған Жамбылда, Бауыржанда ұлтының қамын ойлап жырлады, халқының намысы деп, елінің тәуелсіздігі және жарқын болашағы үшін сұм соғыста жанын аяп қалмады. Болашақ өрендер үшін рухты өлең, өсиетті ойлар қалдырды «О, айналайын, кең далам! Қазақ бауырым жайлаған алып далам! Мінеки, біздің тауларды екі жаққа ысырып тастап, ши менен көдеге ырғалып, ұшы-қиыры жоқ шексіз теңіздейкөсіліп жатырсың. О, айналайын кең далам, еліме мықтылық және қуатты берген қасиетіңнен сенің айналайын?!». Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізінде XV ғасырда құрылған қазақ хандығы тұр. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы тәуелсідікке қол жеткізді. Содан бастап Қазақстан-Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі болды. «Алаш» деген үлкен сөз, аталы ұғым. Соған лайық болу үшін еліңнің ертеңін ойлайтын азамат болуың керексің. Елің енді егемендік алып, өзін-өзі тану жолына түскенде, одан сен де тыс қала алмайсың. Еліміздің тарихы бай, еңсесі биік. Сондықтан да Алаш жұртының ертеңі кемел болмақ.....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Қытай Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай қолданды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу баңғдарламасына сілтеме): 5.2.4.2 шаруашылық қызмет пен əлеуметтік өзгерістердің ғылымның пайда болуы мен дамуына əсерін сипаттау (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) Сабақ мақсаттары: Қытайдын ерте заманғы ғылым жүйесінің дамуына қосқан үлесін зерттеу......
Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Отан менің барым да бағым да. Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер ғажайып сөз. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жаудан қорғап бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Нәзік, сүйріктей саусағына ине ұстап, қолаң шашын еркелей тараудың орнына қолына суық қару алып елін, жерін қорғауға шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама ару қыздарымыз ер азаматтармен бірге қан майданға аттанды емес пе? Әлия, Мәншүк, Бауыржан сынды аға - әпкелеріміз осы еліміз үшін жанын қиюға әзір еді. «Қазақ елін, қазақ жерін тек қазақ қана басқаруы тиіс. Біздің басшымыз тек қазақ болсын» деп барша қазақ жастары ұрандап, жүректерінде от лаулап алаңға шыққан Ләззат, Қайрат, Жазира сынды жастарымыз осы тәуелсіздігіміздің нышаны емес пе? 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды. [justify][/justify].....
Сын сағатта ерлігіміз де, елдігіміз де бойымыздан табылды. Н.Ә.Назарбаев Мен өмірге келдім, алғаш рет анамды көрдім. Ия, ол маған өмір сыйлады, бағып-қақты, аялы алақанымен өсірді. Енді мен бақыттты баламын. Көзімді ашып жан-жағыма қарасам, бәрі-бәрі керемет! Мектепке келесің, білім аласың, емін-еркін ойнап-күлесің. Осындай тамаша өмір оңайлықпен келмегенін сәби жүрегім сезеді. Оған себеп – «соғыс» деген қарғыс атқыр сөзді айтып, атам еріксіз көзіне жас алатын. Соғыс. Осы бес әріптен тұратын қатыгез де сұмдық сөз құлаққа түрпідей тиетіні рас. 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс фашистері бейбіт жатқан біздің Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады. Шырт ұйқыда жатқан қарапайым халық ұйқысынан шошып оянды. Соғыс 1418 күнге созылды. Отан үшін қан майданға әкелер мен ағалар, аталарымыз аттанды. Алақандай ауылымыздан да қаншама боздақтар жауға қарсы соғысты. Солардың бірі – менің атам Тәжімбетов Іскендір. Жастық шағының қиын кезеңдерін, әсіресе соғыс майданындағы ауыр арпалыстарды, күні-түні ұйқы көрмей, дамылдамай, жауға қарсы шайқасқанын, жолдастарына оқ тиіп, майдан даласында көз жұмғандарын атам үнемі әңгімелеп отырушы еді. Ол майданда «Катюша» машинасын жүргізген. Жаулармен бетпе-бет кездескенін, ұрыс даласында қаншама жора-жолдастарының қалғанын есіне жиі алатын. Ескі суреттерге қарап, көзі жасаурайтын, жиі ойға шоматын ауылымызда қазір бір ғана ардагер қария бар....
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзі көрді. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды......
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақ тақырыбы: Оқушыға ережелер не үшін керек? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1Математикалық тіл және математикалық модель 1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау 1.1.2.3 Мектептегі мінез-құлық ережелерін және олардың мағынасын баяндау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мектепте өзін-өзі ұстау ережелерінің не екенін түсіндіре алады: Өз құқықтарын атай алады: Сыныпта және мектепте өзін-өзі ұстау ережелерін сақтай алады Көптеген оқушылар: Мекетеп және сынып ережесін сақтау керектігін түсінедіре алады: Сыныптас достарының іс- әрекетіне өзінің көзқарасын айта алады: Кейбір оқушылар: Мекетеп және сынып ережесін сақтау керектігін түсінеді:.......
Тұғырымыз –тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз-татулық болса еліміз тарих төрінен табылады Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл басында өз халқына сөз арнап, жолдама жасайды. Ол теледидар, баспасөзде кеңінен жарияланады, халқымыздың талдауына түседі. Өйткені, оның сөзінде Қазақстан халқының әл –ауқатын көтерудің, мәдениеті мен тұрмысын жақсартудың мәселелері кеңінен айтылады. Жолдамада барлық мәселелердің ішінде мені қызықтырған нәрсе – қазақ елін, оның тілін мәңгілікке жеткізуге ұмтылу, оны жүзеге асырудың жайы. Осымен байланысты Қазақстан даму тарихынан өзім білетін жайларды шолып шықтым. Біздің ата-бабаларымыз осы аймақта басқа да тайпалармен бірге өмір сүрген. Төрт түлік мал өсіріп, кең далада бағып, күн көрген. Тарихтан белгілі моңгол шапқыншылығы кезінде, олар біздің жерімізді, елімізді тапап өтіп, орыс жерлерін үш ғасыр бағынышта ұстаған. Сөйтіп, біздің мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайымыздың дамуына нұқсан келтірген. Ақыры жаугершілікпен келген моңғолдар өзгенің жаугершілігінен жойылып кеткен. Осыдан кейін бұрыңғы сақтар, қыпшақтар өз мекенжайларында қайтадан ел болған. Ертегілер мен дастандардан бізге белгілі болған батырлардың, хандардың істері- осы қазақ елінің біртұтас қалыптасуын бейнелейді. Бүгінде халық аузында «Білектің күшімен, найзаның ұшымен» иемделіп келген қазақ елінің бүгінгі жер- аймағы қатарлас елдердің арасында көлемі жағынан 9-орын алады. Олардың арқасында қазір Жайық, Ертіс, Іле, Каспий, Арал сияқты өзен–көлдеріміз бар. Биіктігі мен сәнділігі жөнінен дүниежүзілік тауларынан қалыспайтын Алатауымыз да бар. Көп жылдары Ресейдің қарауында болған еліміз алғаш рет қырғын– соғыссыз, ұтымды саясаттың арқасында, бейбітшілікпен Тәуелсіздікке келді. Ол – тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты деп халық есептейді.Осының арқасында еліміздің шекарасы белгіленді......
Тәуелсізбін! Бар ма мұң? Тәйелі болсын талғамым! Өркені өссін қазақтың – Осы- менің арманым! Н.Ә.Назарбаев Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды......