Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Орта қашықтыққа жүгіруші қыздардың дайындығында күш жаттығудың пайдалану нәтижелілігінің анықтамасы

Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым

Біз тәуелсіздікті ақылмен,ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә.Назарбаев
Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып,көкейге талай сұрақтың келетіні рас.Біз өр Алтай мен Атыраудың сақтап қалған сарқыты,ғұннан қалған жұрнағы,үйсіннің жүріп өткен ізіміз.Біз қазақпыз!Ақ білектің күші,ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда,1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей Моңғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік. Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады.Шығыстан алтын күн нұрын төгіп,еркіндіктің самалы есті.Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлтты сейіліп,әнші бұлбұл шаттық әнін шырқады.
О,дүниеге жаңа сәби келді.Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы.Өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанғанда,осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде.Осы сәбидің ертеңгі тағдыры үшін жанын қиған.Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?!Ағы мен қарасы,жақсысы мен жаманы, жасағы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.
Ұлан байтақ жері бар,сабырлы да еркін халқы бар,үлкен мемлекетінің өзгеге ұқсамайтын тарихы,қалыптасу,даму жолы да ерекше болды.Атабабадан қалған ұлан- ғайыр жерді иіріп,дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,өзгеге көңілімізді анық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.Тәуелсіздік алып келген жетістікте, оң өзгерістер де мол.Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік!Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстырының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.Соның біріАстана. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген,тәуелсіздігіміздің түлегі.Отанымыздың жүрегі-Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай,тәуелсіздігіміз әйгілеп тұр.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға.Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күні ереуілге шықты.Қазақ елі басшысының қазақ болуын талап етті......
Шығармалар
Толық
0 0

Димаш жаңа бейнебаянның қашан жарық көретінін хабарлады

Димаш Құдайберген жаңа клипінің тұсауын бүгін кеспек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.


Қазақстаннан шыққан әлемдік жұлдыздың су жаңа бейнебаяны 1 мамыр күні астана уақытымен сағат 20:00-де әншінің YouTube арнасынан көрерменге жол тартпақ.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Желі және қауіпсіздік
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу
Сабақтың мақсаты:
1.Иерархиялық кестесін толтыру
Қолдану
2.Әр желіні территориялдық жіктеуге сәйкес түсіндіреді..
Талдау
3.Түрлі компьютерлік желілерді салыстырады........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз ел – болашақ кепілі!

«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»
Н.Ә. Назарбаев
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: География | Климаты қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері

Климат жағдайларының арасында жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіндері: жауын-шашын, жел белсенділігі және температуралық режим.
Жерге орналастыру обьектісі орналасқан аймақта, әсіресе вегетациялық кезеңде түсетін жауын-шашынның түрі мен мөлшері бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемесін себептейді. Соңғыларының мазмұны жеткілікті, артық немесе жеткіліксіз ылғалдану аймақтарында, құрғақ далада, шөлейіт немесе шөлде әртүрлі. Ал, суармалы аймақтарда жерге орналастыру әдістемесі, тәлімі егіншілік аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгеше.
Желдің күші мен бағыты, әсіресе көктем мен жазда жел эрозиясы процестерінің өршуіне, олардың қауіптілігіне тікелей ықпал жасайды. Бұндай процестер көбінесе Қазақстанның жазық далаларына тән. Олар әсіресе жеңіл механикалық құрамды топырақтарда көп тараған.
Дефляциялық процестердің алдын алу немесе бәсеңдету мақсатымен, желдің зиянды бағыттары ескеріле отырып, егістік және орман жолақтары жобаланады.
Желдің зияндылығы, өзі кезегінде ауа ағындарының температурасымен себептеледі. Аса қауіпті аңызақ жел температураның жоғары және ауа ылғалдылығының төмен көрсеткіштерінде пайда болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да аймақтың температуралық режимі туралы мәліметтер аса қажетті болып табылады. Вегетациялық кезеңдегі температура қосындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен орналасуын тікелей себептейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздіктің ақ таңы

Қыстың бірінші күні. Желтоқсан айы. Ақ ұлпа қарға бөленген кішкентай ауылымның әсем табиғатына үнсіз ғана көз тастаудамын. Аспан төрінен шуағын шашқан алтын күн нұрымен шағылысқан кең байтақ қазақ сахарасы, ауыл халқының қарбаласқа толы, тыныш тіршілігі – бәрі-бәрі тәуелсіздігіміздің сыйы екенін тағы да бір мәрте есіме салды. Белес-белес созылған тау жоталарына қарап, тарихтың қатулы қатпарларына енгендей боламын. Сонау ақтабан шұбырындыдан бүгінгі күнге дейінгі «Елім-ай» деп еңіреп, аттары ауыздығымен су ішіп, бабаларымыз етігімен су кешкен қиын-қыстау замандардағы халқымыздың зарлы үні, үмітке толы тағдыр жолы елестейді.Иә, бұл -қазақ атты ұлы елдің қиындығы мен қуанышына, жеңілісі мен жеңісіне куә болған Желтоқсан айы. Ал, мен сол жеңісті күндердің, тәуелсіздіктің , бейбіт ұрпағымын! Мен осы таңға жету үшін қаншама тер, қаншма қан төгілгенін көзіммен көрмесем де, жүрегіммен сезініп үлгердім. Осындай тамыры тереңге созылған, 550 жылдық тарихы бар ұлы хандықтың, айбыны асқақ мәңгілік елдің ұрпағы болғаным үшін мен бақыттымын. Тәуелсіздік маған асқақ арман сыйлады, кемел болашағыма деген сенімімді арттырды және парыз бен міндет жүктеді. Ал мен тәуелсіздікке мәңгілік тағдыр сыйлағым келеді. Осы күнді келер ұрпаққа баянды етіп жеткізу де, еліміздің атын әлемге танытып, даңқын шығару да, көсегесін көгертіп, шаңырағын құлатпай, тіктеп ұстау да біздің, бүгінгі ұрпақтың, басты парызы.
Тәуелсіздік демекші, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заман елімізге орнағаннан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр түрлі бағытта сарабдал саясаттар жүргізіп келеді. Менің бойымдағы Отаныма деген махаббат пен кіршіксіз адал ниет те- осы Елбасы ұстанған саясат пен шешімнің нәтижесі. Себебі, барлығымыз білетіндей тоқсаныншы жылдары тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан кейін Президент шеттегі қазақ диаспораларын жинап құрылтай ашып және сол құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім шығарып, «Көшіп келу туралы» Заң негізінде шеттегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғандығы айтылды. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ежелгі заманда бухгалтерлік есептін қалыптасуы

Есептерді сақтау ежелгі заманда ағаш, пергамент, тері, папирус, қалайы тақтайында бірақ жиі рек жас тақтайшалар, ал одан кейін папирус пен пергаменттерді болды. Бірақ есептің негізгі жетістіктері оның техникалық сақталуында емес, есептің системалық регистерінде еді. Бұл жерде тек қана есеп кітапшалары ғана емес бір- бірімен байланысты жетілген система қалыптасты.
Жанин Шарара –Руссо болжауынша, римдік есептеу системасын сақтау өз бастауын гректерден алды, ол жақта бұған дейін өзі екі тіркеу бар еді: эфемериду және трапецитик. Римдіктердің ойынша тек қана осы практикамен қолданды. Біз Франсуз әріптесіміздің қаншлықты шындықты айтып тұрғанның айтуға қиналамыз, Грек және Рим байланысы практикалық тізімде болу мүмкін емес. Өйткені, біріншісінің құрамында ешнәрсе белгілі емес, ал екіншісі біз көріп тұрғанымыздай белгісіздеу.
Осылай, есептік регистрдің системасы ежелгі Римдік бугалтерияның бірінші кітабы Adversaria, ал шаруашылық өмірдің күнделікті фактілерін жазып отыру үшін арналды. Бұл кітіпқа кейінрек «Ұмытылмас» деп немесе Мемориял деп атады. Оны барлық зерттеушілер осылай түсінді. Бірақ М. Виллалбос және Ф. Гертц кітапты кассаның қозғалысын ғана бақылады және оның мемориялдық емес кассалық атау керек деді. Кейінрек М. Бартошек бұл кітаптын құрамын толықтырды. Ол кітапты кассалық және ресконторлық деп қарастырды. Екі кітапты ерекшелексек: Codex accepti et expensi және Codex rationum domesticorum. Зерттеушілердің арасында бұл кітіпқа байланыста көп карама-қайшылықтар пайда болды. Біреулер оны өрбіткісі келсе, Италяндық формамен есепті оны бірінші журналдың кодексімен байланыстырды, ал екіншілері бас кітаппен. Бірақ, кейбір себептерге байланысты Л.И Гомберг пен А. М. Вольф өз тұжырымдарында қайтпай тұрып алды. Алайда, есептің біркелкі қолдануының өлшеуші туралы еш қандай мәлемет жоқ болды, сондықтан оны Бас кітаптың сестемалық жазудың және Италяндық есептеу формасы деп айтуға болмайды.
Басқа ғалымдар тобы бірінші кодексті «Кассалық кітап» немесе «ресконтро» немесе дәлірек айтатын болсақ «кассалық ресконтро» деп атады.
Екінші кодекс «сестемалық жазу» кітабы деп түсіндірілді. П Гарнье бұл кодексті «Бас кітап» деп санады, мұннда 1 айдын қорытындысы жазылып тұрды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Мен - Қазақстандықпын!

Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Иә, мен- Қазақстандықпын. Неге? Себебі менің ата-анам, арғы ата-бабам қазақ, осы Қазақстан жерінде туып-өсіп, тамырын тереңге жайған қазақтар. Осы қазақтан тараған ұрпақ болсам, мен қалайша Қазақстандық болмаймын? Оның үстіне мен биыл 16-ға толдым. Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, куәлік алдым.Тәуелсіз, егемен еліміздің мен де бір азаматы екенімді сезінудің өзі кеудеме мақтаныш сезімін сыйлайды.
Қазір біз оқушымыз. Өз елімізге біздің дәл осы уақытта тигізе алар бірден-бір пайдамыз ол сабақты бар ынтамызбен оқу, еліміздің тарихын оқып, білу, салт-дәстүрін ұстану және құрметтеу, рәміздерді білу және қадірлеу деп білемін. Мен оқитын мектепте әрбір дүйсенбіде жаңа оқу аптасын еліміздің гимнін айтудан бастаймыз.Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін айтып тұрған сәтте менің бойымды еліме деген, Отаныма деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер кернеп тұрады. Бұл әрбір оқушының басындағы жай деп ойлаймын.Ендеше, осының өзі әрбір баланың бойында өз ұлтына, еліне, Қазақстанға деген патриоттық тәрбие беретінінің көрінісі.Патриот деген сөздің өзінде де терең мағына жатыр. Патриот дегеніміз – өз елін, жерін сүйетін, мақтан тұтатын, жауынан қорғайтын, тыныштығын сақтайтын адам.Мен өз елімнің патриоты болғым келеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен - Қазақстан патриотымын

Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. Ол балаға
жергөкте жатқаннан бастап үйретілуі,
қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек
Бауыржан Момышұлы
Патриот - Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие,ең алдымен,әрбір жеке тұлғаның ата-анасын,туған туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім,мейлі ол жұмысшы,дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай,бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу,қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге,өз елінің тұрмыстіршілігін,салт-санасын, әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу- нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек,жасынан жарқыраған күміс көмей әнші,жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті......
Шығармалар
Толық
0 0