Балабақша сабақ жоспары: Жау-жау жаңбыр

Тақырыбы: Жау-жау жаңбыр К.Дүйсекеев

Мақсаты: 1.Балаларға әннің сөзін,әуенін үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын,таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.


3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жаңбыр жауып тұрған бейненің суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі


Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Күзде,көктемде,жаз мезгілдерінде аспанды бұлт торласа не жауады?

-Жаңбыр

-Бүгін жау-жау жаңбыр әнін үйренеміз......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ақ жаңбыр (Мысал) Жәнібек Карбозин (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ақ жаңбыр (Мысал) Жәнібек Карбозин
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.8.1 эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, ондағы эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, сюжеттің дамуындағы өзгерістердің себебін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, эпизодтарды салыстырып айырмашылықтарына баға бере алады............
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Күзгі жаңбыр

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу», «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр» _
Мақсаты: балаларға күз мезгілінде болатын өзгерістердің бірі – күзгі жаңбыр туралы мәлімет беру.
Міндеттері:
Білімділік: қарапайым эксперимент жасауға үйрету, жаңа ертегімен таныстыру;
Дамытушылық: тақырып төңірегінде әңгімеге тарта отырып, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұсақ қол моторикасын дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылықпен, сабырлықпен жұмыс жасауға баулып, достарына деген жылы және мейірімді қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: «жаңбыр себелеп тұр», «нөсер жаңбыр»
Үштілдік компоненет: күз – осень – autumn , жаңбыр – дождь – rain,
Керекті құрал – жабдықтар: жаңбырдың дыбысы жазылған үнтаспа, ғылым орталығында жұмыс жасауға : ысқыштар(әр бала санына), қол сүртетін майлық, тарелкелер(губка тұратын, суы бар), үстел –үсті театры(Саңырауқұлақ – үйшік ертегісі)
Әрекет
Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті


Мотивациялық-
Қозғаушылық Шаттық шеңбер:
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, көк Аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Жарты шеңберге тұрады, бірге айтады. Бір – бірімен құшақтасып, амандасады.



Ұйымдастыру– іздестіру Әңгімелесу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?





- Иә, дұрыс айтасыңдар!
- Күз орыс тілінде – «осень», ал ағылшын тілінде – «autumn» болады
Өлең оқу.
Күз, күз, күз келді,
Жел мен жаңбыр әкелді.
Күз, күз, күз келді ,
Жер көйлегін сары түске өзгертті.
Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады. Аспанды бұлттар жауып, жерге тамшылап жаңбыр жаудырады.
(Осы кезде жаңбырдың дыбысы естіледі)
- Ой, балалар мынау ненің дыбысы?
(Таңдана жан – жағына қарайды)
- Кәне тынышталып, тыңдайықшы.
- Бұл ненің дыбысы екен?
- Иә, дұрыс таптыңдар. Бұл жаңбырдың дыбысы.
- Жаңбыр орысша не деп аталады? Кім айтады?
- Иә, дождь! Ал ағылшын тілінде жаңбыр rain деп аталады.
- Ой , балалар, біздің топты да бұлттар басып, жаңбыр жауайын деп тұр екен. Кәне оларды үрлеп қуып жіберейікші.
Тыныс алу гимнастикасы.
Балаларға бұлттардан жіптермен салбырап тұрған тамшыларға үрлеуге ұсыныс жасайды.
Жаңбыр жайында мәлімет.
(Жаңбырдың суреттерін іледі)
- Білесіңдер ме, жаңбыр ақырын жауып, тамшылар кішщкентай ғана болса, жаңбыр себелеп тұр дейміз.
- Ал, үлкендеу тамшылармен қатты жауатын жаңбырды – нөсер жаңбыр дейміз.
(Қайта жаңбырдың дыбысы естіледі)
- Далада жаңбыр жауса да, күн шығып тұрса да біздің балалар ойыннан жалықпайды. Мен сендерді бір ойын ойнауға шақырамын
Саусақ жаттығуы : «Қызықты серуен»
- Кәне , біз серуенге бара жатырмыз ждеп ойлайық.
• Баспалдақтармен абайлап түсіп келеміз. Ақырын! Абайлап!
• Далаға шықтық. Жүгіріп келеміз.
• Енді, қояндар сияқты секіреміз. Міне осылай көңілді секіреміз.
• Кенет жаңбыр жауа бастады. Міне былай себелеп.
• Жаңбыр нөсерлетіп, қатты жауып кетті.
• Балабақшаға кіріп кетейік
- Міне қандай қызықты серуен болды.
Сергіту сәті:
- Алақай! Балалар, бұлттар бізді айналып өтті. Келіңдер ән салып, демалып алайық.
Ән «Тырс - тырс» (сергіту сәтінде ән айтылады)
- Балалар, жаңбыр қалай жауатынын білгілерің келеді ме?
Тәжірибе.
- Ендеше, қызықты тәжірибе жасап көрейік.
- Ашық күні бұлттар мына алдарыңдағы ысқыштардай жеп – жеңіл болады. Олар аспанда ұшып жүріп, өзендер мен көлдерден бойларына су жинайды. Сосын ауырлап кетеді. Өздерінде суды ұстай алмай, жерге жаңбыр болып жауады.
- Кәне, біз де жаңбыр жауғызып көрейік. Жеңдерімізді түреміз. Ысқышты алайық. Енді суы бар ыдысқа батырамыз. Алып шығамыз да, қысып, сығып суларын шығарып көрейік.
- Міне жаңбыр осылай жауады екен.
- Күз туралы, жаңбыр туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы.
(Тақпақтар тыңдайды. Бірнеше баладан сұрайды.)

Ертегі айту.
- Мен сендерге «Саңырауқұлақ – үйшік» деген ертегі айтып берейін.


Әңгімелесу.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Саңырауқұлақ астына нелер тығылды?
- Барлығы неге тығылды?
- Күз мезгілі.
- Күн суық. Жылы киім киеміз. Жапырақтар сарғайып , жерге түсіп жатыр. Жаңбыр жауа береді.

Үш тілдегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.

Мұқият, қызыға тыңдайды.


Тыңдап, ойланып, жауап береді.

- Бұл – жаңбыр.


- Дождь.

Тыңдап, бірнеше рет қайталайды. Есте сақтауға тырысады.




Тамшыларға үрлеп, тыныс алу жаттығуын орындайды.

Қызыға тыңдайды.



Тәрбиешіге ілесіп үстелдің бетінде саусақтарымен тез және баяу ырғақпен, ақырын және қатты соғып саусақ жаттығуын орындайды.


Қуана келіседі.
«Тырс - тырс» әнін орындайды.


- Иә!


Ұсынысты қуана қабыл алады. Мұқият тыңдап, қарап, бақылап тұрады.

Жеңдерін түреді. Ыдыстан құрғақ губканы алады, оны суы бар ыдысқа батырып көреді. Сығып, қысып суын шығарып көреді.

Күз, күз, күз келді,
Жаңбыр мен жел әкелді.
Кап – кап- кап, кап-кап-кап,
Жаңбыр мен жел әкелді.

Жасыл бағымыз сарғайды,
Жапырақтар ұшты.
Шу-шу-шу, шу-шу-шу
Жапырақтар ұшты.

Ертегіні үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Белсене қатысып отырады.

- Иә!
- Қоян, торғай, құмырсқа, көбелек,тышқан.
- Жаңбырдан қорықты. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Жаңбырлы той


Күні бойы көзі жұмулы тұрған намазшам гүлдің қауашағы ашылып, бақшаның айналасы жұлдызды аспандай жайнап сала берген кезде, думанды жерге Әбдібек те жеткен еді. Әбекең тойға дәу қара ешкіні мүйізінен сүйреп әкелді. Бір қолында той-анаға деген тартуы, бір қолында көне балдақ. Маңдайындағы жыра-жыра әжімнен шып-шып тер шығып тұр. Басындағы киіз қалпағы бір шекелеп қисайып кеткен. Тырысқақ кебенектің азабы аз болмағанға ұқсайды.

Әбдібек бұл тойға қара ешкіні емес, тайдай қызыл қойды әкелмекші еді, Гүлайым көнбеді.

— Байғұс-ау, ертең оқу бітіріп балаң келеді, сонда соймаймыз ба, — деп жолатпады.

Жегжаты қара ешкіге көңілі тоя қоймасын Әбдібек білетін. Бірақ, мұны елеп, шақыру қағазын жіберген соң, қыз ұзату тойына құр алақан баруды ұят көрді де, осы, бір сиырдың сүтін бір өзі беретін дәу қара ешкіге көзі түсті.

Ұзатылған қыздың әкесі сыр бермеген болды.

— О, Әбеке, хош келдіңіз! Әп-бәрекелде-е! — десе де, шәушиген көсе беті тыржиыңқырап, шегір көзі өтірік күлімдеп, Әбдібектің құттықтауын жүре тыңдап, алдына екпіндей келіп тоқтаған «Жигули» жаққа елпеңдей басып кете барды.

Әбдібек қара ешкіні мал қора түбіндегі қазыққа өзі апарып байлады.

Мейман көп келді. Дені «Москвич», «Жигули» мініп, осы заманның тұлпарларынан түсіп жатты. Олардың ішінде ешкі жетектеп келген бөтен ешкім болған жоқ. Әкелген сыйлары: телевизор, тоңазытқыш, кілем, ең жоқ дегені электр самаурын. Тіпті қыздың біp жездесі мың сомдық импорт гарнитур сыйлапты деп те сөз тарап кетті.

Намазшам байып бара жатқан мамыр айының аяқ шені. Hay теректер басында құс атаулы той боларын сезгендей у да шу. Гүлдеген жиде тоғай жатқан самал желмен жұпар иісі аңқиды. Қаладан «Волга» мініп келген қалыңдық қыздың жездесі костюмінің омырауын ашып тастап, самалға төсін тосып:

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Жаңбырлы күні)

Күркіреп күн, көктеп жаңбыр құйылды,
Жарқыл қақты нажағайын үйірді...
Лезден - ақ даланы сел қаптады,

Су кернеді сай-саланы, қиырды.
Үнсіз тұрған жыралар да тіл қатты,
Жаңбыр селі жан бітірді — жырлатты........
Өлеңдер
Толық
0 0