Ержан Сәлімгереев – жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол пара жүзуден әлемнің үздік спортшылардың қатарына кіреді. Әр жылдары өткен әлемдік жарыстарда Қазақстан қоржынына бірнеше медаль салған. Сәлімгереев осы жылы Джакарта қаласында өткен Азиада ойындарында қос алтын медальға қол жеткізді.
Ержанның тағдыры 9 жасында күрт өзгерген. Ауылдағы достарымен асыр сап ойнап жүрген бала абайсызда тоқ сымына тартылып қалады да, бір қол, бір аяғынан айырылады. Сол ауыр күндері ата-анасы мен туыстары жанынан табылып, керемет қолдау көрсетеді. - Қазір ойласам, олардың демеуінсіз менің тауым шағылып, өмірден әлдеқашан түңіліп кетер едім... Барлық жетістіктерім тек сол кісілердің арқасы деп білемін! – дейді, Ержан.....
Татьяна Кучер – математика пәні кітаптарының авторы Татьяна Павловна К.Д. Ушинский атындағы Петропавл мемлекеттік педагогикалық институтында физика-математика мамандығы бойынша білім алған.
1982 жылдан бері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасында қызмет істеуде.
Татьяна Павловна 1994-2001 жылдар аралығында шағын мектептердің ұстаздарын даярлауға атсалысты. Ол математика пәні бойынша 5-12 сыныптарға арналған оқулықтардың авторы. Осы оқулықтарды пайдалана отырып, алғаш рет республика бойынша өткен 12 жылдық оқу жүйесін енгізу сынағына қатысты. 2009 жылы ҚР бойынша жалпы білім беру мектептерінің 2-6 сыныптарына арналған математика пәні оқулығы мен бағдарламасының авторы атанды. 2013 жылы Татьянаға «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атағы берілді. ....
Дмитриенко Елена Александровна – «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстанның балалар және пионерлер ұйымы одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің кавалері, «Алтын патент» иегері (Мәскеу қ., 2002 ж.).
«Өнерге, шығармашылыққа жақын тұлғалаларды жоғары адамгершілік заңдармен өмір сүруге, Отанымыз Қазақстанның дамуына үлесін қосуға қабілетті адамды тәрбиелеу – бағдарламаның басты мақсаты. «Жұлдыз» бағдарламасы өмірден өз орнын табуға ұмтылған, жарқын әрі қайталанбас тұлға болып қалғысы келетіндерге бағытталған бағдарлама. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ұжымдық жұмыстарды, балалармен тәрбиелік және дамытушы жұмыстарды жоспарлаған кезде қолданыла алады.....
Хон Юрий - Ақтөбе облысындағы қоршаған ортаны қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Юрий Борисович түскі астан кейін әріптесі екеуі күнделікті бақылауға шығады. Келе жатып, оның көзі көлде тұншығып жатқан адамға түскен еді. Бірден көлікті тоқтатып, күннің суығына қарамастан суға секіріп, батып бара жатқан адамды жағаға алып шықты. Қатты тоңғаннан ба, әлде суда әбден дәрмені таусылғаннан ба құтқарылған адам есін жоғалтып үлгеріпті. Юрий әріптесі екеуі жақын маңдағы медициналық бекетке апарып, жас жігітке алғашқы көмек көрсетілді. Өз қызметін мінсіз орындаған Юрий Хон осылай бір адамның өміріне араша болды.....
Азиз Заиров – режиссер-сценарист, қоғам қайраткері. Азиз Заиров Қытай елімен шекаралас Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Ол отбасындағы төртінші бала. Азиздің анасы алтыншы баласын босанарда өмірден озған.
Азиз кішкентай кезінде дәрігерлер туа біткен жүрек ауруын анықтаған. Балаға шұғыл ота жаслуы тиіс еді, алайда әкесі баласының пышаққа түскенін қаламай, ерікті түрде бас тартып, қолхат жазады. Осылайша, екі жасар Азиз бен оның әпкесі, қарындасы үшеуі балалар үйінен бір-ақ шығады.
Он екі жасында Азиз балалар үйінде тәрбиеленушілерімен төбелесіп, жарақат алады. Қарсыласы оның аяғына тот басқан арматураны тығып алады. Салдарынан баланың аяғында жара пайда болып, аяқтың төменгі бөлігі қабынып, тромбофлебит өршиді. Жарақатқа дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен, екінші топтағы мүгедек болып қалады.....
«Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне Қызылорда облысынан ұсынылған үміткерлермен таныстыруды жалғастырады.
Назгүл Кенжетай – халықаралық әскери тілші, фотограф-журналист. Оның фотосуреттері BBC ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған, Катар, Түркия және Еуропа елдерінде өткен көрмелерге қойылған.
Түрік бұқаралық ақпарат құралдары Назгүлді Қазақстаннан шыққан тұңғыш әскери тілші әйел ретінде таниды. 23 жастағы бойжеткен босқындардың шынайы өмір салтын көрсету үшін БҰҰ мен ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, бірнеше рет Түркия мен Сирияның шекарасына арнайы барған. Өзінің айтуынша, мақсаты – Отанынан, түп қазығынан айырылған адамдардың тағдырына әлемнің назарын аудару, сол арқылы бейбітшілікті насихаттау.....
Қазақстан Республикасы 20 ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып, әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқала бастады. Қазақстанда жүргізілген және жүріп жатқан экономикалық реформаларды объективті қажеттілік қана емес, дүниежүзілік экономикалық өркениеттің табиғи процесіне тезірек ілесу ретінде қарастырған жөн. Нарыққа өтудің жолдары әрбір елде әр кезеңде, әртүрлі тәсілдермен жүргізілгені белгілі. Өйткені, осы жолдар белгілі мемлекеттің геосаяси жағдайына, табиғи ресуртарына, халқының менталитеті және т.с.с. көптеген саналуан ерекшеліктеріне байланысты болады. Бүгінгі күні біздің еліміздегі экономикалық реформалардың басталғанына он шақты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдары еліміз бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Бұл табыстар минералды шикізаттық ресурстар экспорты есебінен жүзеге асырылғаны мәлім. Бір сөзбен айтқанда, шикізат - ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тіпті, қазірдің өзінде де экономикалық өсіміміздің басты себепкері - табиғи байлығымыз екендігін мойындауымыз қажет, және де осы жерден Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділік дәрежесі өте жоғары екендігін байқауға болады. Әлемдік нарықтағы шикізатқа деген бағаның жоғары болуы немесе жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералдық - шикізаттық, ғылыми - технологиялық, дайын өнім шығару және адами дамуына алғышарттар құрайды. Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторларының ең маңыздысы: еліміздің экономикасының әртараптандырылмағандығы немесе қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардан экономикалық көрсеткіштер Қазақстанның өңдеуші салалық, технологиялық артта қалушылығын байқатуда, стратегиялық маңызы бар шикізаттық ресуртарымыздың елдің ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жүр. Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі ел экономикасының диверсификациялау, технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні экономиканың қаншалықты әртараптандырылғанымен анықталады. Осыған байланысты мен Қазақстан Республикасы экономикасының әртараптандыру дәрежесін, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп үлесін қарастырсам деймін. ....
Аламыз жаңа винтовка, Жалаулар тағып штыкке! Даярлар мерген кружокқа Барамыз әнмен біз тіке. Бір! Екі! Қатарға! Отряд, Бас алға! Бораса соғыс бір кезде Келсе тағы түнеріп.......
Рафикова Хадичахан Сабиржановна – PhD, Қ.И. Сәтбаев атындағы (ҚазҰТУ) Қазақ ұлттық зерттеу ғылыми-зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) аға оқытушысы
Мұнай үшін бірегей родий-иридий катализаторын әзірледі. Бұл жұмыс жасыл технологиялар категориясына кіретін мұнай өңдеуге арналған бәсекеге қабілетті технологияларды құрудың негізі болып табылады.
2011 жылы Қазақ-Британ Техникалық Университетінде докторантураға түсуден маңызды ғылыми мансабын бастады. Оның мақсаты тек академиялық атаққа ие болуға ғана емес, ең алдымен Қазақстанда ғылымның дамуына үлес қосу. Сонымен қатар, ол ғылыми процестің әрбір кезеңінде (идеяны өзінен, эксперимент арқылы заттардың іріктелуінен бастап, соңғы өнімді алуға дейін) қоршаған ортаға зиян келмес үшін жұмысының «жасыл» химия талаптарына жауап беретінін бірден анықтады.....