Вице-министр өзінің отставкаға кеткенін білмейді
Кір тасын көтеруден 76 жастағы жерлесіміз Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қария зілтемір көтеруден өз мықтылығын Ресейдің Архангельск қаласында дәлелдеген. Спортшы жетпістің желкесіне шықса да, Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында 10 келілік кір тасын жарты сағат тоқтамай 750 рет көтерген. Өзінің айтуынша, бұдан да көп көтеруге мүмкіндігі болған.
Дегенмен, рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу негізгі меже болып есептеледі. Ал әлемнің кіл мықтылары мықтылықтарын дәлелдеуге арналған бәсекеге жалпы 400-ден астам спортшы жиналған.
Қазақ елінен Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 зілтемірші қатысса, Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатты.
Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і алтын. Спортшы бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнап отыр.
Болашақта қоғамға қажет мамандықтар
Қазақша Фильм: Бапкер телехикаясы (7 бөлім)
Қазақша фильм: Мен саған ғашықпын (7 бөлім)
Қазақша Фильм: Елбасы жолы (2 бөлім)
"Гарри Поттер" мен "Властелин колец" қазақ тіліне аударылады
Қазақша Фильм: Бапкер телехикаясы (5 бөлім)
Қазақстанда темекі және алкогольді ішімдіктер қымбаттайды
Елімізде темекі және алкоголь өнімдеріне акциз көтерілетін болды. Бұл туралы ҚР экономика мен бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.
Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда 1000 темекі үшін акциз 1550 теңгені құрайды. 2014 жылға қарай бұл көрсеткішті 3000 теңгеге жеткізу арқылы, шылымның құнын 100% қымбаттату жоспарланған. Ал, 2020 жылға қарай оның бағасын 10 000-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Қымбатшылық алкогольды ішімдіктерді де айналып өтпейді.
Бүгінгі күні 1 литр спирт үшін акциз 500 теңге болса, 2014 жылы ол 1000 теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеріледі.
"Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша спирт өнімдерін көп пайдаланатын мемлекеттердің алғашқы отыздығына кіреді. Яғни бір Қазақстан азаматы 7-8 литр ішімдік ішеді деген сөз. Осыған орай, бізге темекі және алкоголь өнімдерінің бағасын көтеру маңызды. Әрине, қымбатшылық.....