Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевтің "басын айналдырып алды" (видео)

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевтің "басын айналдырып алды". Тек шынайы өмірде емес, жақында шығатын комедиялық фильмде деп хабарлайды nur.kz порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Данияр Ақышев теңгенің құнсыздануы туралы сыбысқа жауап берді

Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышев теңге жақын арада құнсызданады деген сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасының "Слуги народа" бағдарламасына сілтеме жасап nur.kz порталы хабарлайды.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Біраз жылдар бұрын бұл сұрақтың жауабы бәріне белгілі болатын. Себебі неке тойынан кейін, өз тегінде қалатын қыздар аз болатын. Тек, атақты қалыңдықтар ғана өзінің аты-жөнімен қалуды қалайтын. Ал, қазір керісінше көпшілігі тегін ауыстыруды мақұлдамайды. Оның бір себебі, құжаттарды ауыстыру қиын шаруа болып тұр. Бірақ, бір текті иемдену-ер мен әйелді бір-біріне жақындастыра түсетін себеп сияқты…
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Басты рөлді Төреғали мен Ерке Есмахан сомдайтын жаңа комедиялық фильм жарыққа шығады

Баян Есентаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында басты рөлді Төреғали мен Ерке Есмахан сомдайтын жаңа комедиялық фильм жарыққа шығатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Кешірімнің орнына айқайлады": Қызын оқушы қағып өлтірген ана жанайқайын айтты

Қызылордада анасының көлігін ұрлап мініп кеткен 10-шы сынып оқушысы "Лексус" автокөлігімен қыз баланы қағып, бойжеткен көз жұмған еді. Енді марқұмның туыстары жеткіншек жазадан "құтылып кете ме" деп қорқып отыр. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған nur.kz хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақстандық бойжеткендер не үшін шетелдік күйеу таңдайтындарын айтып берді

Өзге елдің азаматарына тұрмысқа шыққандардың барлығы жоғары білімді, қалталы, әрі мансап құрып үлгергендер.
Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан бойжеткендерді көпшілік жақтыра бермейді. Барлығының айтары елімізде де сымбаты да, салиқалы ер жігіттер жетерлік.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын


В.А.Сухомлинский былай деген екен «Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшіліктің құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі жаңадан буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншісі ағысы қатты өзен сияқты, енді бірі момын да жуас, ал енді бірі өткір де өжет.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа деген өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, яғни ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Әркім өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді де, еңбекқор болашақта үлгілі әке мен шеше, яки бақытты ата мен әже ретінде көргісі келеді. Сол себепті әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі болатындай жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен келеді. Міне, ана есіміне кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет.

Қыз баланың ұстанар ережесі: .....
Әңгімелер
Толық
0 0