Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 2.2. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады
Көптеген оқушылар:қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан тауып, себептерін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: жоспар құруда шығармадан негізгі ұғымдарды анықтап, құрай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Құқық негіздері [ЖМБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Құқық негіздері» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Мазмұны

І тоқсан
Бөлім: Мемлекет және құқық

ІІ тоқсан
Бөлім: Жария құқық

ІІІ тоқсан
Бөлім: Жеке құқық

4 тоқсан
Бөлім: Іс жүргізу құқығының негіздері
Бөлім Халықаралық құқық
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.
Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Жауапсыздық

Мен 3-ші сыныпта оқимын. Үлкендердің айтқандарын бұлжытпай орындауға тырысамын. Бірде анам дүкеннен сүт әкелуімді өтінді. Сабақтарыма дайындалғаннан кейін бармақшы едім. Кенет досым бөпесін ертіп үйге келді. Оған қараса тұруымды өтінді. Өзі сыныптастарымен мұражайға......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

• Қылмыс және қылмыс құрамы

• Қылмыс құрамының түрлері

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, мазмұны және қылмыс құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында қылмыс және қылмыс құрамы және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы қайта құруға интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру "Күмән" Машқар Гумеров (4 сынып, I тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру "Күмән" Машқар Гумеров
Оқу мақсаттары: 4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру;
4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп,рөлге бөліп, мәнерлеп,теріп, шапшаң оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік

Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық

1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЛРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЬІҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының керінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарга қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он тертке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады". Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның қылмыстық кодексінде — 13, Нидерландыда, Португалияда — 12, Жаңа Зеландияда — 10, Ирландия құқығында — 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0