Ертегі: Алтын құс

Бір шалдың үш ұлы мен алма ағашы болыпты. Шал жыл сайын оның жемісін жеп, жасарып тұрады екен. Бір жылы алмаларын белгісіз біреу жеп кетеді. Келер жылы шал сақтық жасап, үлкен баласын күзетке тұрғызады. Түнде ол ұйықтап қалып, алманы жегізіп қояды. Екінші жолы ортаншысы күзетеді. Ол да ұйықтап қалады. Үшінші жолы кіші баласы күзетпек болады. Ол ұйықтамай, түнімен сыбызғысын тартып отырады. Түннің бір уақытында алтын құс келіп, алманы жей бастайды. Бала қанатынан ұстай алғанда құс ұшып кетіп, бір қауырсыны қолында қалады. Ертесіне құстың қауырсынын әкесіне әкеліп береді. Сонда әкесі:
— Енді құстың өзін табыңдар, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ит пен мысық неге араз

Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты.
Күндердің бір күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Алтын ат

Баяғы заманда бір хан болыпты. Оның жалғыз баласы бар екен. Өзі жалқау көрінеді. Бір күні ол ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір жағынан ай туып, бір жағынан жұлдыз шығып тұр екен. Бұл түс жалқау балаға қатты әсер етеді. Ертеңінде орнынан тұрып, көрген түсін іздеп шығады. Бірнеше күн жүріп, бір қаланың шетінде сиыр бағып жүрген таз балаға кезігеді. Қасына жақындап, сусын сұрайды. Сонда таз бала ханның баласынан:

— Қайдан келе жатқан жолаушысың......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Һамза Лумза әңгімесі

Пайғамбар заманында аға-іні — бір туысқан екі жігіт болды. Біреуінің аты — һамза, біреуінің аты — Лумза. Өздері жалаңаш, кедей: ішер ас, киер киім аз. Бірақ мінездері оңды, қыздан қылықты, екі аяқты адамзаттың жорғасы, намаздан қалмайды. Намазға жұрттан бұрын келеді, жұрттан соң шығады. Егіз қозыдай жарасып, жұрттың көзіне түсігі, аузына ілінді. Сөйтіп жүргенде, ан хазіретіміз бір соғыстан түскен......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ай астындағы Айбарша сұлу

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған екен.
Жарты жолға жеткен соң, Баяуханның пір тұтып жүрген бір абызы бар екен, сол есіне түседі. Баяухан: «Қой, мен қайда барсам, не істесем де абыздан рұқсат алушы едім ғой. Қате болған екен, абыздан бата, ақыл алмай кеткенім», – деп, әскерін сол араға қалдырып, бас уәзір екеуі абызға келіпті.
Абыз: «Уа, ұлым, қайда аттандың?» – деп сұрапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақылды лақ

Бір бұзау, бір тоқты, лақ ел көшкенде жұртта қалыпты. Үшеуі адам болып қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп, бір аю жеймін деп, қостың қасына келген екен. Лақ аюды көріп алдынан жүгіріп шығып, қосына әкеліп, есік ашып енгізеді. Үйге кірген соң: «Аюға не береміз?» – дейді тоқты.......
Ертегілер
Толық
0 0