Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 3-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» 3-сабақ
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И4. Шығармашылық жұмыс
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Ертегі: Жолбарыс пен қоян

Бұрынғы өткен заманда бір қара орманға жолбарыс патша болыпты. Зорлықшылдығы сонша - өзіне кездескен аңды тарпа бас салып жей береді екен. Сөйтіп, орман ішін қан қақсатыпты. Содан аң біткен үрейден өлетін халге жетіпті. Ақырында барлық аң бас қосып, кеңес құрыпты.
— Жолбарыс көзі шалған аңды қылғып салып жүр. Тіршілігіміздің берекесі кетті. Соған тыйым салатын бір амал табуымыз керек.
Осылайша ақылдаса келіп, аңдар жолбарысқа елші жіберуді ұйғарысады. Елшілікке кімнің баруы керек екені жөнінде бәрі бір ауыздан:
— Қуа қалса, тасқа шығып кетерсің, тас сенің табаныңа балшықтай жабысады, – деп, тауешкіні жұмсапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шведтер бөксесіне ел сүйсінген қызын "әлем аруы" байқауына жіберді

30-шы қаңтарда Флиппин аралы Себуде өтетін "Әлем ауры-2017" байқауына Швеция сұлулық әлемінің стандарттарына сай келмейтін ауруды жіберді деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасап nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ертегі: Иттің сынағы

Бір кісінің Майтабан деген танадай нән қара төбеті болыпты. Өзі асқан сақ ит екен. Қора маңына қасқыр жоламапты. Біреу келе жатса, дыбысын алыстан естіп, абалап жар салады екен. Ал ондай ештеңе сезбесе, қара жолдың үстіне барып, көлденең түсіп, тапжылмай жатып алады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкінің айласы

Бір күні тіміскеленіп жүрген түлкінің тұсынан өтіп бара жатқан қасқыр:
– Оу, туысқан, аман-есен жүрсің бе? – деп, әрі қарай кете барыпты.
Түлкі сонда қасқырдың соңынан қарап тұрып: «Бұның маған қалайша іш-бауыры елжірей қалды?... Ал мен болсам оның жай-жапсарын сұраған да жоқпын. Қой, ұят болар. Одан кешірім сұрайын да достасып алайын. Қауқарлы аусар ғой, сенікі жөн, қайтпас қайсарсың деп жүріп, тапқан аң, жемтігін бөлісіп жейін», – деп ойлайды.
Сонан соң тұра жүгіреді де қасқырдың соңынан қуып жетіп:
– Қасеке, сен ренжіме маған, бір ойға шомып кетіп, сені ......
Ертегілер
Толық
0 0

Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі

2016 жылдың жаз айларында теңге тұрақталып, доллаға шаққандағы бағамы 310-320 теңгенің арасында болады. Мұндай болжамды Schildershoven Finance сараптамалық департаментінің жетекшісі Владимир Малиновский жасап отыр деп хабарлайды LS басылымына сілтеме жасап nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ертегі: Ит пен мысық адамға қалай үйренді?

Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды да үнемдеп, шетінен базарға алып барып сатып, шай-тұзын арылтады екен.
Бір күні шал қамбадағы астығынан алып, базарға апарып сатпақ болады. Қамбаның есігін ашып қалса, тышқандардың өріп жүргенін көреді. Бірде-бір дәні бүтін астық қалмапты. Тышқандар жегенін жеп, жемегенін ортасынан қақ бөліп, шаша беріпті. Мұның зардабынан кемпір мен шал қайғырыпты:
– Осы астықпен күн көруші едік, енді қайтеміз? – деп зар еңірепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аңқау шал мен айлалы жігіт

Ерте, ерте, ертеде етек жеңін сүйреткен Есенбай деген шал болыпты. Есенбай, жаңадан алған тоқалы, асқан сұлу қызы-үшеу ғана тұрады екен. Шалдың сұлу қызына жігіттер қызығып, көз салып жүрсе керек.

Бір күні айлалы Асан деген жігіт шалдың үйіне келеді. Шал оны үйіне кіргізбей далада жүріп алады. Сол кезде, өлген біреуді жерлеуге әкетіп бара жатқан адамдарға қарап Асан:

— Анау адам өлген кісі ме? Әлде тірі кісі ме? – деп сұрайды Есенбайдан.

— Тірі адамды көрге апарушы ма еді, – деп ұрсады шал.

Асан тағы да:

— Мына егіннің иесі бар ма, әлде иесіз егін бе? – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0