Ертегі: Хан мен уәзір

Ертеде бір хан және онын ақылды уәзірі болыпты. Хан мен уәзір үнемі ел аралауға шығып тұрады екен. Бір күні уәзірімен ел аралауға шығыпты. Шыққанда, жаман киім киіп: «Елде кім ханды жақсы көреді екен?» – деп, жасырын жүріп, тың тыңдайды. Сол аралаумен жүріп, бір кедейдің үйіне келіп, қонуға рұқсат сұрайды. Ол кедейдің қатыны толғатып жатыр екен. Үй иесі:

— Әйелім босанғалы жатыр, – деп, қондырмайды.

Толғатып жатқан әйел:

— «Қырықтың бірі қызыр» деген қондыр, – дейді күйеуіне. Үй иесі қонақтарды қондыруға рұқсат береді.

Сөйтіп, екі қонақ отырады. Әлден уақытта толғатқан әйел босанып, еркек бала табады. Бала шырылдап жерге түскенде ханның уәзірі мырс етіп күліп жібереді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (3-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы:Дені саудың – жаны сау
«Менің денем» - постер жасау (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Ж2 Қарапайым түсінікті тілмен жазады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен мәселені түсініп, қарапайым сөйлейді. Қарапайым тілмен жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Қарапайым түсінікті тілмен жазады.
Кейбір оқушылар:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетіп, дилогке еркін қатысады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И4. Шығармашылық жұмыс
Сабақ мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жасырынбақ

«Жасырынбақ» ойыны әдетте жаздыгүні, ай жарығында шөптесін алаңдарда, ал күндіз қорақопсысы көп, яғни жасырынатын қуысы бар жерлерде өткізіледі.

Ойнаушылар көмбеге жиналған соң саусақ санау арқылы кімнің тығылушы, кімнің іздеуші екенін белгілейді. Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейін санайды да (осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгірулері керек) іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Іздеуші екінші рет кезекші болмас үшін бірінші көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетіп, хабар беруі керек. Іздеуші көрген ойнаушысын сирағынан алып тұрғызу шарт емес, ең бірінші көрген бетте-аң «Шика» деп дауыстап, көмбеге қарай жүгіруі керек. Сонан кейін асықпай басқаларын таба береді. Тағы бір ескеретін жай: іздеуші жасырынушыны көрмейінше, «шика» демейінше, өз бетінше жүгіріп, көмбеге келмеуі керек.

Саусақ санау әдісі ойында былай жүргізіледі: ойын жүргізушінің айтуымен «бір, екі, уш» дегенде, бәрі саусақ көрсетеді. Біреуі —5, біреуі —10, біреуі —2, тағысын тағы, көрсеткен саусақтың қосындысын шығарғаннан кейін саусақты ең аз берген, не ең көп берген ойыншыдан бастап айналдыра, айталың 47-ге дейін санай береді. 47-ші сан кімге түссе, сол іздеуші болады. Ойын қараңғыдан қорықпайтын батыл, түнде бағдарды дұрыс аңғара білуге, сезімталдыққа тәрбиелейді .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ертегі: Алтын – айдар

Бір хан болған екен, оның екі қатыны болыпты. Олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты:
— Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар? – депті.
Сонда үлкен қатыны айтыпты:
— Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын, – депті.
Кіші қатыны айтты:
— Мен алтын айдарлы бір ұл, бір қыз табамын,– депті, – ол баланың аты Алтын Айдар болады,– депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Өнерпаз Патшайым

Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ, өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған.......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жасыл шырша ортада

Шырша жанында әдемі гүлдер, саңырауқұлақтар өсіп тұрады.
Шегіртке, көбелектер ән салып би билеп жүреді. Балалар қол ұстасып, дождиктерін ұстап залға кіріп, шырша жанына тұрады.
Тәрбиеші: Ау көбелектер сендерге не болған ән салып би билейміз деп жүріп қыс келгенін де байқамай қалғансыңдар ма?
Шегіртке: Біз шынымен қыс келгенін байқамай қалыппыз.
Тәрбиеші: Ала жаздай билепсіңдер,
Қыс келгенін білмепсіңдер.
Еңбек етпей ұшып қонып жүре беруге болама екен, балалар айтыңдаршы?
Балалар: Жоқ болмайды.
(Сол уақытта боран соғып, қар жауады.) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0