Ертегі: Түлкі қойшы аю

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен, ол бір тамға келіп кіреді. Аю да кірейін дегенде, тамның тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай кептеліп қалады. Түлкі тамның бір кішкентай тесігінен жалт етіп шығып, айналып тесікке келеді де тесіктен не әрі кетпей, не қайта шыға алмай, ілініп жатқан аюдың артынан келіп, мазақтап, аюға сарып кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең деп қайта шығып, жан-жағына қаранып, қойшыға келеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жүз ауыз өтірік айтқан Тазша

Баяғыда бір хан болыпты. Ханның сұлу қызы бар екен.

Бір күні хан: «Кімде-кім жүз ауыз өтірік айтса, қызымды беремін!», — деп жариялапты. Таланттының бәрі де өтірік айтамын деп одан-бұдан құрап айтса, не дәмін келтіре алмай, не жүзге толтыра алмай, ханға басын алдыра беріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасыл экономика Су ресурстары (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Жасыл экономика. Су ресурстары.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.3.1 – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
6.3.3.1. – ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар тұтас және тұтас емес мәтінді интерпретациялап, мәтінді трансформациялай алуға үйренеді. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Момынбай мен жеті қарақшы

Ертеде өз еңбегімен дәулет құрған Момынбай деген кісі болған екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қарып-қасер, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол елде сонымен қатар дүниені құртқан, ұрлық-қарлық, зұлымдықпен аты шығып, жеті қарақшы атанған бір жеті қу болған екен. Күндерде бір күн бұл қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі: «Момынбай өз малын баққаннан басқа ешбір кәсіп қылмайды, сонда да оның дәулеті күннен-күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та дәулетіміз еш артпайды. Қой, не қылсақ та амалдап осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық», – деседі. Осылай уәде байласып жөні келсе алдап, жөні келмесе ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың азды-көпті дәулетін құртып, жоқ қылады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Құлатай батыр

Бұрынғы заманда бір бай бар еді, мал дегенде бір көк биесі бар еді. Бұл көк бие күнде айға қарап желіндеп, күнге қарап құлындайды екен. Бай мен бәйбіше сол бие тапқан құлынды қорек қылушы еді, онан бөтен тауып жейтін еш қорегі жоқ еді. Бір күндері болғаңда, бай мен бәйбіше айтты дейді: «Қартайдық, өлер уақытта Құдай тағала бізге бала бермеді. Еңді біз бала тілейік», – депті. Күндегі әдеті бойынша ерте тұрып қараса, көк бие бір бала туыпты. Мұны көріп бай мен кемпір қуанып, үйіне алып келеді, бұл баланың атын Құлатай батыр қояды. Бір......
Ертегілер
Толық
0 0

Салт-дәстүр: Жасау

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.

Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0