Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысындағы террористік әрекеттерге байланысты Қазақстан халқына мәлімдеме жасап, 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Ну орманды мекендеп, бірімен-бірі сыбайлас боп қатар жүрген піл мен маймыл бір күні өз бойларындағы артықшылықтарын айтысып отырып дауласып қалыпты. – Менің бойым таудай. Күшім де көп, – деп мақтаныпты піл. – Ашулансам бар ғой, қандай жуан ағашты болса да тамырымен қопарып тастаймын. Ондай қайрат сенде жоқ! – Ал мен ептімін, ештеңе бөгет бола алмайды, – деп, таласыпты маймыл. – Ағаштан-ағашқа ырғып, ну жыныстың арасымен сырғанап жүре беремін.......
Ертеде бір байдың Еснияз деген баласы болыпты. Баласы өскеннен кейін бай оған келіншек әпермекші болады да бір байдың қызына құда түседі. Ал Еснияз өзі оқығысы келіп жүреді екен. Әкесі келіншек әпергеннен кейін үйінен қашып кетеді. Бала қашып бір қалаға барады да, сол қалада оқиды. Бірнеше жыл оқығаннан кейін ауылына кайтып келе жатса, алдынан қой......
Баяғыда бір етікші болыпты. Ақшадан жұрдай болса керек. Ақырында әбден кедейленіп бітіп, қос етік тігерліктей ғана былғарысы қалыпты. Іңірде әлгі былғарыдан етік пішеді де:
«Қазір жатып, ұйқымды қандырайын, таңертең ертерек тұрып, тігіп тастармын»,— деп ойлайды.
Сөйтеді де, жатып ұйқтап қалады. Таң сәріден оянып, беті-қолын жуып, жұмысқа кіріспекші болып ыңғайланса, жұмысы дайын тұр — етіктерді біреу тігіп қойыпты.......
Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Екеуі бір жерге қоныстаныпты. Ішіп-жемегі ортақ. Бірі жем іздеп, саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жанында қалады. Күндердің күнінде тырнаның таз балапандарына жүн шығып, жорғалайтын болады. Түлкінің күшіктері пұшпақ болып құлпырады. Аналары балаларын ауық-ауық жатақтың жанындағы жайдаққа серуенге алып шығып жүреді......
Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.
Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.
— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.......
Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта: басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні хан:
«Азаматтарға арналған үкімет» Алматыдағы Алатау аудандық ХҚКО-да орын алған кісі өліміне қатысты жауап берді деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап nur.kz.