Ертегі: Жарқанат неге түнде ұшады?

Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып:
– Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті.
Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 6-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау.
2. Шағын мәтіннен септік, жіктік жалғауларды ажырату.
3. Тақырып бойынша сөйлемдер құрау.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, септік, жіктік жалғауларды ажыратып, тауып жазады.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірлерін білдіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Қарашаш қыз

Ертеде бір хан болыпты, өзінің қырық қатыны бар екен. Үлкен бәйбішесі бір күндері екіқабат болады. Ханның өзі бір жаққа жол жүруге сайланып, орнына қалдырған уәзіріне айтады: «Осы қатынымнан қыз туса, ол қызды өлтір де басын өзіме алып қойып, келгенімде көрсет, ұл тапса, алдымнан сүйінші сұрап шық», – деді. Хан сапарға шығып кетеді.

Бірнеше күндерден соң бәйбішесі босанып, қыз туыпты. Ханның тапсырған уәзірі қызды айдалаға апарып өлтір деп, бір адаммен жіберіпті. Ол адамына жолда бір қу кемпір жолығады, бұл қызды өлтіруге апаратынын білген соң, оған айтады: «Сен бұл қызды тектен-тек өлтірме, онан да маған бер, мен жеті қабат жер астына салып асырайын», – дейді. Әлгі адам кемпірдің мұнысы да дұрыс екен деп, қызды беріп қоя берді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақ жылан мен қара жылан

Бұрынғы заманда жақсы бір мерген болыпты. Аң қарап келе жатса, екі жылан төбелесіп жатыр екен. Жыланның бірі қара, бірі ақ екен. Келіп қараса, қара жыланның түсі суық, өте жаман екен. Мерген қараны өлтіріп тастапты.

Сонан соң ақ жылан тұрып, бір нәрсені жалап алады. «Түсі ақ, маған да жала деп отыр ма?» – деп, мерген де әлгі нәрсені жалап алады да сол сағатында жер үстіндегі нәрсенің тілін түгел біліп кетеді. Жыланмен сөйлеседі. Жылан: «Екеуіміз енді дос болайық және тіл білдім деп кісіге айтпа!» – дейді де ат басындай алтын береді. «Тіл білдім деп айтсаң, өлесің», – дейді.

Ақ жыланмен дос болып, үйіне қайтады. Алтынды үйіне апарып тастап, қайтадан аң қарап жүріп, бір байдың үйіне қонады, сонда түнде қасқыр ұлиды және осы түнде боран болады. Байдың қойы ығады. Қасқыр: «Байдың қойын жейім, болмаса, қонағының......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Алтын жүзікті қыз

Ертеде бір ханның екі қызы, бір ұлы болыпты. Үлкен қызы жаннан асқан сұлу екен. Күндердің бір күнінде қыз қолындағы алтын жүзігін жоғалтып алыпты. Әкесі: «Кімде-кім қызымның алтын жүзігін тауып берсе, қызымды соған беремін», – деп, ел-елге жар салыпты. Қызды аламыз деп дәме қылған адамдардың ешқайсысы да жүзікті іздеп таба алмапты. Хан жарлығын естімеген баласы білмей, қорадан тауып алған жүзігін әкесіне әкеп беріпті. «Хан жарлығы екі болмайды» деген оймен хан қызын өз ұлына қоспақшы болып.....
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ғажайып сөмке

Бүгін Ерке қыз ерекше қуанышты. Өйткені, жақында мектеп табылдырығын аттайды. Даярлық сыныбына бармақшы. Енді оның сүйікті ұстазы, көп достары болады. Тек мысық қана уайымдап жүр. Ерке қыз сабақтан келгенше кіммен ойнамақшы? Мектеп табалдырығын аттау құрметіне ата-анасы жақындарын, көрші......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Күлше қыз

Ерте уақытта Махмұт деген хан болыпты. Күндердің бір күнінде хан қол астындағы халқына тегіс хабар салыпты. «Үш ауыз сөз сұраймын, соны шешкен адамға ат басындай алтын беремін. Қарт болса, ақылшы қылып өз қасыма аламын. Жас болса, орнымды беріп соңына еремін»,– дейді.

Сонымен бар халқы жиналғаннан кейін хан өзінің мақсұтты сұрағын халыққа айтады. Хан: «Бірінші – тәттіде не тәтті? Екінші – қаттыда не қатты? Үшінші – ауырда не ауыр?» – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0