Кішкентай балалар планшет пен смартфондарды тез меңгеретініне қазір таңғалмайтын болдық. Қазірде балалар жасына көптеген жарқын әрі қызықты ойындар мен қосымшалар ойлап шығарылып жатыр. Бірақ заманауи гаджеттер балаға несімен қауіпті?
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Қыстың үскірік желі соғып тұрған, ал үйшіктің іші әрі жылы, әрі жайлы еді. Онда гүл тығылып жатты. Ол өзінің үйшігі баданасының ішіне жасырынып қар басқан жер астында жатқан-ды. Бірде жаңбыр жауды. Тамшылар қардың қыртысын тесіп өтіп, гүлдің баданасын ұрғылай бастады. Олар жер бетіндегі жарық дүние жайында жыр қып айтты. Өзі нәзік, әрі өжет күн сәулесі олардың ізімен іле-шала қардан өтіп келіп бадананы жылыта бастады.......
Құстардың патшасы Қыранның жыл сайын көктем кезінде өз бұқарасына арнап салтанатты той өткізетін әдеті екен. Барлық құстарды тағы да көктемде өтетін той салтанатына шақыртады. Құс атаулы түгел белгіленген уақытта топ-тобымен патшаның ордасына қарай шұбырыпты. Орда қызметкерлері патшаның нұсқауы бойынша құстарды рет-ретімен қаз-қатар отырғызыпты. Құстар да мәз-мейрам боп, көрсетілген орынға жайғасады. Әр топтың басшыларына төрден сыйлы орын ұсынылады. Елдің соңына ала торғайлар тобы да жетеді. Патша Қыран бұларға да өз орнын ұсынады. Содан кейін салтанатты мереке басталады. Ойын-сауық думаны қызған кезде торғайлар өз тегіне жататын біреудің босаға түбінде бүрісіп отырғанын көреді. Үстінде іліп алар лыпа жоқ, қып-қызыл шақа. Көзі жыпылықтап, жан-жағына жаутаңдай қарайды. Оған жәрдем беріп, көңілін аулау үшін......
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу; 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады, өлеңнен нақыл сөздерді таба алады; Көптеген оқушылар:өлеңдегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндіре алады; өз ойын жеткізуде вербалды емес тілдік құралдарды қолдананады; Кейбір оқушылар: өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздерді, мақал- мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданады......
Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр: — Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып. — Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.......
Кәнекей, бастайық. Ал ертегімізді тамамдаған уақытта біз қазіргі білгенімізден көп білетін боламыз.
Бір сиқыршы адам өмір сүріпті, өзі жауыздың жауызы, барып тұрған дию болса керек. Бірде оның көңілі керемет көтерілді, өйткені бір айна жасаған еді, барлық жақсылық пен әсемдік атаулы бұл айнаға сәулесі түскен сәтте-ақ ғайып боп, мейлінше кішірейіп кетеді де, барлық жамандық пен ұсқынсыздық бірден көзге түсіп, бұрынғысынан да жексұрын болып шыға келеді. Ғажап сұлу көріністер онда піскен қарын құсап құрысып, ал адамдардың небір абзалдары құнысып көрінеді, әйтпесе олар аяқтары аспаннан кеп тұрғандай, құрсақтан мүлдем жұрдай бірдемелер болып көрінеді. Адамның бет пішінінің бұл айнада бұзылып......