Оңтүстік Қазақстан облысында жылда жүздеген жасөспірім қыз жүкті болып қалады. Мамандар ерте жүкті болғандар қоғамда кемсіту мен шеттетуге ұшырайтынын айтады деп жазады Азаттық.
Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы: — Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген жан болмайды екен. Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.......
Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі. — Түйем, түйем, қайда барасың? — дейді. Түйе: — Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, — дейді. Түлкі: — Ендеше, екеуміз жолдас болайық! — дейді. Түйе: — Болсақ болайық, - дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады. — Е, қайда барасыңдар? — дейді. Түйе мен түлкі: — Оты мол, суы мол жерге барамыз, — дейді. Қасқыр: — Ендеше, үшеуміз жолдас болайық! — дейді. Бұл үшеуі жолдас болып, жүріп келе жатса, бір арыстан келіп кездеседі.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем Сабақ тақырыбы: Өлең құрастырамын, каллиграмма жасай аламын Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары: (оқубағдарламасы на сілтемеу) 2.3.6.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру Сабақ мақсаттары: Мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер, калиграмма құрастыру.....
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Аналар-мәңгі жасасын! Жүргізуші: - Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар! Армысыздар, аяулы аналар, Армысыздар әжелер мен апалар! Мерекемен құттықтайды сіздерді, Шашу шашып, өнерімен балалар. - Балалар, сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.) - Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді.) - Қазір қандай ай? (Наурыз.) - Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі.) - Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне дайындаған қандай сыйлықтарың бар? 1. Көктем келді жадырап, .....
Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса [1996 ж.], 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жолдады. ....
Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндерде ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір күндері шешесіне келіп:
- Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Осы шұбар киікті ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді? – дейді. Шешесі:
- Ұстай алсаң, алып бар, хан сыйлық берер, – дейді.......
Американың Terrafugia компаниясы әлемде бірінші болып ұшатын автомобильді жасап шығарды. Бұл туралы Inhabitat порталы дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.